10. КУРСТЫҢ САЯСАТЫ МЕН РӘСІМІ.
Пәнді оқу барысында студент Саясаттану пәніне байланысты оқулықтарды, саясаттану оқу бағдарламасын, өзіндік жұмысқа арналған әдістемелік нұсқауларды және дәріс жинағын алады.
Студент барлық аудиториялық сабақтар мен СОӨЖ қатысуға міндетті, сонымен қатар оқытушымен қосымша сабақтарға қатысуға құқылы.
Студент оқытушығы календарлық уақыт бойынша СӨЖ-ді тексертуге және семинар сабақтарына дайын болуға міндетті.
Егер студент сабақтарды жіберіп алса онда реитинг төмендеиді. Реитингті толықтыру үшін жіберілген сабақтардың тақырыптарына сай бақылау тапсырмаларын орындауға міндетті.
Барлық сабақ түрлері бойынша берілген тапсырмаларды орындауда белсенді болуға міндетті. Студенттің жұмысы баллмен бағаланып ол жалпы аралық бақылауға қосылып қортынды реитинг жасалады.
Студенттердің сабақ барысында және өзіндік жұмыс кезінде қиындық тудырған сұрақтар мен тапсырмалар СОӨЖ кезінде қарастырылады.
Студентке талап:
Қатысу: Дәріске және семинар сабақтарына қатысу қатаң міндеттеледі. Егерде Сіз қандай да бір себептермен сабақтарға қатыса алмасаңыз өткізіп алған тақырыптар бойынша уақытысында өзіндік жұмыстарды өткізуге, семинар сабақтары бойынша бақылау жұмысын жазуға немесе тест бойынша жауап беруге міндеттісіз.
Тәртіп: Сабақ уақытысында жүйелі түрде тәртіп бұзушылық аудиториядан шығарылумен немесе курс бойынша «қанағатсыз» бағасы қойылып жазаланады
Бақылау тапсырмасы: Тапсырмалар міндетті түрде өз уақытында орындалып өткізілуі керек. Кешіктіріліп өткізілген тапсырмалар автоматты түрде төмендетіліп бағаланады.
Аралық аттестация: Аралық аттестация қортындысы сабаққа қатысу, өз уақытында орындалған студенттің өзіндік жұмысы, сабақ кезіндегі ауызша немесе жазбаша жауаптары, аралық бақылаудың нәтижесі арқылы белгіленеді.
Көшіру және плагиат: Кез келген көшірілген немесе плагиат (көшірілген дайын жұмыстарды және басқа студенттердің жұмыстарын пайдалану) аудиториядан шығарылумен немесе «қанағатсыз» бағасы қойылып жазаланады
Достарыңызбен бөлісу: |