Білім және ғылым министрлігі



бет4/4
Дата13.06.2016
өлшемі495.88 Kb.
#131275
1   2   3   4

Қысқаша мазмұны: Жеке объектілерді және түрлі тағайындалған ғимараттардың инженерлік қамтамасыздандыру. Жобалаудың, құрылыстың және ішкі ыстық және суық сумен жабдықтау жүйесінің, объектімен ғимараттардың суағарын және канализациясының эксплаутациясы сұрақтары. Инженерлік жағдайлар шешіміне практикалық және теориялық ұсыныстар. Ішкі су құбырлары мен канализациясы жүйесінің прогрессивті схемасы. Жергілікті және орталықтандырылған жүйелер.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Техникалық және практикалық мәліметтер бойынша түрлі тағайындаулы ғимараттар және олардың кешендерін суық және ыстық сумен қамту, канализация және газ жүйелері бойынша, осы жүйелердің көпқабатты ғимараттарға және еңбекті тиімді қамтамасыз етуге жіне адамның демалуына әсер етуі бойынша, энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану бойынша сыртқы ортаға әсер етуі туралы білу.

Іскерлігі:

-ыстық және суық сумен қамтудың ішкі жүйелерін жобалау;

-су құбырлары мен канализацияға ішкі жүйенің ілгерлеген сұлбаларын қолдану;

Дағдысы: Ыстық және суық сумен қамту, газбен қамту және олардың жобаларының қажетті түрін таңдау.

Құзіреттілігі: Сумен қамту, газбен қамту және канализация жүйелерін жобалау.

Бағдарлама жетекшісі: Т.ғ.к. Степанова О.А.


13

UBas 0313

Ұжымды басқару

Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5



Пререквизиттер – 101 кредит

Постреквизиттер – жоқ

Оқыту мақсаты: Студенттерге еңбек қызметін басқару сферасында практикалық дағды және кәсіптік білім қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Ұжымды ұйымдастыру басқару объектісі. Ұйымды басқару жүйесіндегі ұжымды басқару рөлі мен орны. Ұжымды басқарудың принциптері мен әдістері. Ұйымның кадрлық стратегиясын және кадрлық саясатты өндіру. Ұжымды басқару жүйесінің процедуралары. Ұжымды басқарудың тиімділігін бағалауға жақындау.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Дағдарыстық жағдайларда кадрлар менеджментінің негізгі принципі және кадрлық саясат типологиясы; өнеркәсіптің дағдарысқа қарсы режимде басқару кезінде кадрлармен жұмыс тәсілдері және мәні; дағдарыстық жағдайларда кадрлық менеджменттің потенциалды жағымсыз аспектілері; ұйымдастырылған өзгерістерге персоналдың қарсыласуына төтеп беру әдістері; ұйымдардағы жанжалдық процесстерді реттеу механизмі және құрылымы;

Іскерлігі: Ұйымның кадрлық потенциалы факторы сияқты білгірлік деңгейін болжау; өндірістік жүйе мақсатын объективті және субъективті айыра білу; ұйымдастырылған өзгерістер жағдайында персоналға әсер ететін факторларды айыра білу;

Дағдысы: Ұйым жұмысшыларының біліктілігіне сатаптама; ұйымдастырылған өзгерістер жобасына дағдысы; ұйымдастырылған өзгерістерге қарсыласуына төтеп беру әдістері; жанжалға іліккен кезде тізбекті әсердің әдісін таңдау.

Құзіреттілігі: Кәсіптік қауіпті болжау және бағалау әдістерін меңгеру; персоналды басқару функциясын жүзеге асыруға байланысты, оның қорытындысын басқару шешімдерін қабылдауға қолдану, спецификалық және нарықтық қауіпті болжау қабілеттілігі;

Бағдарлама жетекшісі: Доцент, э.ғ.к. Айдарханов М.Х.

14

JJJ 0314

Жылыту және желдету жүйелері

Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.



Пререквизиттер – 101 кредит.

Постреквизиттер – жоқ

Оқыту мақсаты: Студенттерге жылу және вентиляции жүйелері жайында тәжірибелік және әуесқой білім беру.
Қысқаша мазмұны: Жылу және вентиляцияның гигиеналық және физикалық негіздері. Қуатты үнемдеумен жылу жүйесін жобалау. Жылу жүйесінің гидравликалық есебі. Ауалық баланс және вентиляциялық жүйелердің аэродинамикалық есептері, ауаны өндеу. Жылу және вентиляция.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Жылу және вентиляция құрылымын біледі, қуатты үнемдеумен жылу жүйесін құрастыру.

Іскерлігі: Жылу жүйесінің гидравликалық және вентиляцияның аэродинамикалық есебін жүргізе алады.

Дағдысы: Қуатты үнемдеумен жылу жүйесін құрастыра алады.

Құзіреттілігі: Жылу және вентиляцияның құрылымы туралы негізгі білімі бар.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к. Степанова О.А.


15

SKan 0315

Сумен қамту және канализация

Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.



Пререквизиттер – 101 кредит.

Постреквизиты – жоқ

Оқыту мақсаты: Қалалық сумен қамтамасыз ету және канализацияның негізгі түрлерін үйрену

Қысқаша мазмұны: Қала мен елді мекендердің су жүйесі және канализациясының мақсаты. Қазіргі заманғы санитарлы техниканың және коммуналды шаруашылықтың жетістіктерін қолдану. Су жүйесі және канализацияның құрылымдары. Қалалық су жүйесй мен канализацияны қолданудың жалпы талаптары.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Су жүйесі және канализация жүйелерінің құрылымын және пайдалануын біледі.

Іскерлігі: Қазіргі заманғы жағдайларда елді мекендердің су жүйесі және канализацияның керекті қуатын есептей алады.

Дағдысы: Су жүйесі және канализация жүйесі үшін керекті жабдықтарды есептей және таңдай алады.

Құзіреттілігі: Су жүйесі және канализация жүйелерін және құрылымдарын есептеу тәсілдерінде негізгі білімдері бар.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к. Степанова О.А.

16

GIKT 0316

Ғимараттар мен имараттарды қайта жаңғырту және тексеру

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3



Пререквизиттер – 101 кредит

Постреквизиттер – «Құрылыс өндірісінің технологиясы 3».

Оқыту мақсаты: Адамдардың тұрғын- тұрмыстық жақсы жағдайын тудыруға байланысты шешім қабылдауға қажетті теоретиялық және практикалық дағдылары

Қысқаша мазмұны: Жалпы түсінік. Ғимараттар мен имараттардың конструктивті элементтерін қирату және сұрыптау тәсілдері. Тесіктер мен ойықтарды орнату тәсілі. Қайта жаңғырту кезіндегі жер жұмыстарының ерекшеліктері. Құрылыс конструкцияларын бөлектеу және монтаждау. Бетон жұмыстарының ерекшеліктері және бетон, темірбетон конструкцияларын күшейту. Кірпіш конструкцияларын қайта салу және жөндеу.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Ғимараттар мен имараттардың конструктивті элементтерінің қирауы және жинауының әдістерін, құрылыс конструкцияларын монтаждау және демонтаждауды біледі

Іскерлігі: Қабылданған шешімдердің тиімділігін бағалап және жинастыру, ауысым, ғимараттармен имараттардың құрылыс конструкцияларын жөндеу технологиясына байланысты поцесстерді басқара алады.

Дағдысы: Практикалық білімін құрылыста қолдана біледі және қайта құрылымданатын объектерде қазіргі заманғы құрылыс өндірісінің технологиясын қолдану дағдысы бар.

Құзіреттілігі: Ғимараттарды және имараттарды қайта құрылымдау жайында алынған білімдерін көрсете біледі.

Бағдарлама жетекшісі: Доцент Коновалов А.П.

17

JGJ 0317

Жылугазбен жабдықтау жүйесі

Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.



Пререквизиттер – 101 кредит

Постреквизиттер – жоқ

Оқыту мақсаты: Жылу жүктемесі, жылугазбен жабдықтау жайында теориялық білімді меңгеру

Қысқаша мазмұны: Жылу жүктемелері. Үй ішілік ыстық сумен жабдықтау жүйесі және жылу пунктері. Жылумен жабдықтау жүйесі. Жылу жүктемелерін реттеу. Жылу желілерінің конструктивті элементтері және схемасы, олардың гидравликалық, жылулық, механикалық есептері. Жылу желілеріндегі гидравликалық режимдері. Жылу желілерін төсеудің тәсілдері. Жылу қайнары. Жылумен қамту жүйесінің эксплуатациялау негізі. Техникалық-экономикалық есептер.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Жылу жүктемелерін, үйдің ішкі жүйелерін ыстық сумен қамтуды, жылумен қамту жүйелерін.

Іскерлігі: Жылу жүктемелерін реттеу, технико-экономикалық көрсеткіштерді есептей алады.

Дағдысы: Жылумен қамту жайында практикалық білімін қолдану дағдысы бар

Құзыреттілігі: Жылугазбен қамту мәселелерін шешу жайында теориялық алған білімін көрсете алады

Бағдарлама жетекшісі: Т.ғ. к.Степанова О.А.

Шәкәрім атындағы СМУ Ғылыми Кеңесі отырысында бекітілді

«__» ________ 20_ жылғы № __ хаттама
Шәкәрім атындағы СМУ ӨӘК отырысында бекітілді.

«__» ________ 20_ жылғы № __ хаттама








Келісілді:

Декан ________ А.Л.Касенов

(қолы)


Академиялық мәселелер бойынша

департаменттің директоры________ М.Б.Смирнов



(қолы)

Каф.меңгерушісі________Ж.Х.Какимова (қолы)








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет