Білім және ғылым министрлігі



Дата13.06.2016
өлшемі52.61 Kb.
#131867




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ



АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
2014 жылдың 27-28 қарашасында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне байланысты

«НАЗАРБАЕВ ОҚУЛАРЫ: Құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы экономикалық юриспруденцияның ролі» тақырыбында ІІІ республикалық ғылыми-теориялық конференциясы өтеді.
«Экономика»-сөзі ертедегі Греция және Египет елдерінде туындаған “эконом” ұғымынан шыққан. Демек, “эконом – әр түрлі шаруашылық істерін жүргізетін мемлекеттік немесе жартылай өкілетті...” демек, “эконом – государственный или частичный уполномоченный, ведавший всякого рода хозяйственными делами...” - деген ұғымды қамтыған. [Гладкий В.Д. Древний мир. Энциоклопедический словарь в 2-х томах. Донецк: МП Отечество, 1997. С-291. 2-том]

Ал француз тілінен алынған: “юриспруденция” ұғымы – “қоғамның саяси жүйесін, мемлекеттің қызметін және құқықтық ұйымдастыру түрлері мен әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі ретіндегі құқықтылықты зерделейтін заң ғылымы”- екендігін айқындайды. Демек, «юриспруденция – юридическая наука, изучающая право как особую систему социальных норм, правовые формы организации и деятельности государства и политические системы общества в целом.» [Оксфордская иллюстрированная энциоклопедия. 7 том Народы и культуры. Москва: ИФРА-М, 2002. С-335]

«Экономика» және «юриспруденция» сөздерін біріктірсек, «экономикалық юриспруденция» ұғымы қалыптасады. Экономикалық юриспруденция – экономикалық заңнамалар арқылы экономикалық қатынастарды, мүдделерді қорғайтын, теориялық ғылыми тұрғыдан зерделейтін гумандық құқықтық сала. [Ерали А., Баймуратова К. Авторлық куәлік №352. 14.03.2014ж.]

Тәуелсіз Қазақстанда «экономикалық юриспруденция, экономикалық заңдар, экономикалық құқық» ұғымдарының, алғашқы ресми нышандық негізін салған, Қазақстан Республикасы Президентінің «Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты туралы» 16.01.2001 жылғы № 535 Жарлығындағы, «экономикалық соты» деген сөздер болатын.

Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсанындағы Жолдауында «ескірген немесе сұранысы жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылу, сонымен бірге сұранысы көп және болашағы бар бағыттарды күшейту қажет» деген сөзіне сәйкес, экономиканы заң жағынан қолдайтын жаңа инновациялық экономикалық құқықтық пәндермен қамтитын «экономикалық юриспруденция» мамандарын дайындау - бүгінгі уақыт талабы мен қоғам сұранысы.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Тұңғыш Президент күні мәртебесіне орай дәстүрлі түрде үшінші рет өткізілгелі отырған республикалық ғылыми-теориялық конференция, тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Назарбаевтың 2005 жылы 14 қыркүйекте «алдымен экономика» деген қағидалы сөзіне юриспруденция ұғымымен қолдау жасау болып табылады.

Конференцияның мақсаты қалыптасқан жаңа Қазақстанның 2050 экономикалық даму бағытына қарай, құқықтық мемлекетті орнықтыруда, жаңа инновациялық мамандық «экономикалық юриспруденцияның» қалыптасуын ғылыми-теориялық тұрғыда тұжырымдау, сондай-ақ болашақ экономикалық заңгерлерді дайындаудың кәсіби білім беру потенциалын негіздеу. Коммерциялық заңды тұлғалардың, кәсіпкерлердің экономикалық мүддесін қорғайтын экономикалық заңгерлерді, жаңа экономикалық юриспруденциялық пәндермен оқытатын «экономикалық юриспруденция» мамандығын жоғарғы оқу орындарында дайындауды ендіруге доктриналды талқылау негізінде ұсыныс жасау.

Конференцияға республикамыздың жоғарғы оқу орындарының құқықтану және экономика мамандығы бойынша профессор-оқытушылары, докторанттары, магистранттары және студенттері қатысады. Конференция жинағы 2015 жылдың қаңтар айында шығарылады.


Конференция бағыттары:
1. Тұңғыш Президенттің экономиканы дамытуға бағытталған қағидаларына сәйкес, экономикалық заңдармен оқытылатын заңгерлерді дайындау проблемалары

2. Ескірген құқықтық пәндерді жаңа инновациялық экономикалық юриспруденция пәндерімен ауыстыру мәселелері

3. Экономикалық мүдделерді қорғайтын заңгерлерді дайындауда экономикалық-инновациялық пәндерді оқыту

4. Экономика пәндерін және экономикалық құқық пәндерін оқытатын оқытушы-профессорларды дайындаудың басым бағыттары

5. Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде дамуындағы экономикалық заңгерлерді дайындаудың маңыздылығы

6. Экономикалық заңгерлерді дайындаудың халықаралық тәжірибелері
Өткізілетін орны: Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығының Кіші Залы
27 қараша 2014 жыл. Сағат 10.00. Конференцияның ашылуы (құттықтау, алғы сөздер). Конференцияның пленарлық мәжілісінің баяндамалары.
27 қараша 2014 жыл Сағат 14.00 – 18.00. Секциялық талқылаулық жұмыстар. Әлеуметтік ғылымдар факультетінің конференция залы.
28 қараша 2014 жыл. Сағат 10.00. Баяндамашыларды марапаттау рәсімі (Үздік ғылыми баяндамасы үшін диплом, алғыс хат, сертификаттар тапсыру). Конференцияның жабылуы.


Жарияланымға қойылатын талаптар:
Конференция тілі – қазақ, түрік, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысушылар төмендегі материалдарды ұйымдастыру комитетінің мына мекен-жайына жіберуі тиіс:

E-mail:  nazarbayev_okulari_2014@iktu.kz

Тел: 8701 494 33 31. Пошанов Нұрсұлтан Нұрбайұлы


1.     Баяндаманың электронды нұсқасы. Doc файлмен, электронды почтаға жіберіледі. Файл аты автордың атымен жазылып, конференция бағытының номері қойылады. Мысалы, Ерали_1.doc

2. Қатысушының анкетасы. Жеке файлда жіберіледі. Мысалы, Анкета_Ерали.doc

3. Ұйымдастыру жарнасы төленгені туралы түбіртек көшірмесі. Жеке файлда жіберіледі. Мысалы, Квитанция_Ерали.doc
Конференцияда тыңдалатын баяндамалар 25 қарашаға дейін қабылданады. Конференция жинағына мақалалар 10 желтоқсанға дейін қабылданады. Конференция материалдары жинақ ретінде 2015 жылдың қаңтар айында жарияланады. Ұйымдастыру жарнасы – 3000 теңге. Докторанттар мен магистранттарға – 2000 теңге, студенттерге – 1000 теңге. Жарна Халық банкте ашылған «конференция есеп шотына» аударылады. Номер KZ386010002006595089 Кудайбергенова Гульбарам Укибаевна. ЮКО, г.Туркестан.

Жариялануға жіберілетін мақала көлемі – 3-5 бет. Мақала MS WORD редакторында, Times New Roman әріп түрімен А-4 форматты ақ қағазға терілген болуы тиіс.  Кегль -14. Жоғарғы жиек 2 см, төменгі жиек – 2 см, сол – 2 см, оң – 2 см. Қатарлардың арасы – бір өлшем.  Абзац (қызыл жолдан) – 1 см.

Мақаланың тақырыбы майлы бояумен үлкен әріптермен ортасына жазылады. Араға бір жол қалдырылып, ортасына автордың аты, (ғылыми, академиялық дәрежесі,  қызметі, қызмет орны) мамандығы, курсы, оқу орнының атауы, қаласы жазылады.

Араға екі жол қалдырылып, екі-үш сөйлемнен аспайтын аннотация беріледі. Егер мақала қазақ тілінде жазылса, аннотация орыс, ағылшын тілінде беріледі. Орыс тілінде жазылса, аннотация қазақ, ағылшын тілінде беріледі.

Студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін мақалада ғылыми жетекшілерінің жазылуы талап етіледі. Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме тік жақшаға алынып, әдебиеттің реттік номері мен беті көрсетіледі. Мысалы, [4, 58]. Пайдаланылған әдебиет тізімі мақаланың соңында беріледі. 

Мақала талапқа сай жіберілмесе жарияланбайды және авторға қайтарылмайды.

Конференцияға белсенді қатысқан баяндамашылардың жұмыстары «Үздік ғылыми жұмыс» дипломдарымен, алғыс хаттармен марапатталады. Және қатысқан баяндамашылардың барлығына сертификат беріледі. Конференцияға қатысушылардың іс-сапар шығыны өз оқу орындары тарапынан өтеледі.

Конференцияны ұйымдастырушы: Әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Құқықтану» кафедрасы. Жауапты тұлға: з.ғ.магистры., ХҚТУ доценті Баймуратова Кулмира Абеновна. тел: 8775 959 99 17. bgulmira74@mail.ru





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет