Білім саласында арнаулы әлеуметтік



жүктеу 0.54 Mb.
бет1/4
Дата09.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
  1   2   3   4

1


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2009 жылғы «18» қарашадағы

№ 526 бұйрығымен бекітілген


(Аталған бұйрық Нормативтік құқықтық

актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне

2009 жылғы 9 желтоқсанда № 5695 болып енгізілді)

Білім саласында арнаулы әлеуметтік

қызметтер көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Білім саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі — Стандарт) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

2. Осы Стандарт білім беру саласындағы арнаулы әлеуметтік көмек көрсететін субъектілерге (бұдан әрі — әлеуметтік қызмет көрсететін субъектілер), өмірде қиын жағдайға душар болған балаларға таратылады.

3. Осы Стандартта балаларға олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің негізгі түрлері, оларды ұсынудың көлемі мен шарттары белгіленген.
2. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілер
4. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілерге мына ұйымдар жатады:

1) тұратын орнын ұсына отырып, азаматтардың белгілі бір санатының білім алуға, тәрбиеленуге құқығының мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары:

жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемелер;

девиантты мінез-құлықты балаларға арналған интернаттық мекемелер;

мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған стационарлар;

әртүрлі бейіндегі балалардың сауықтыру орталықтары;

2) азаматтардың белгілі бір санатының білім алуға, тәрбиеленуге құқығының мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ететін күндіз болатын білім беру жүйесінің ұйымдары:

оңалту орталықтары;

психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар;

мектепке дейінгі және мектептік арнаулы ұйымдар; жалпы дамыту және түзеу сипатындағы функцияларды қатар атқаратын мектепке дейінгі және мектептік аралас ұйымдар;

мүмкіндігі шектеулі және қалыпты дамып келе жатқан балаларды бірге тәрбиелеуге арналған мектепке дейінгі және мектептік инклюзивтік ұйымдар;

күндіз болатын қызметтер/бөлімдер (бұдан әрі - КБҚ/Б) (күндіз қызмет көрсететін орталықтар, оңалту орталықтары, отбасы мен баланы қолдау қызметтері, ерте араласу, әлеуметтік қатер тобындағы ересек адамдарға арналған орталықтар, кризистік орталықтар).

3) қабылдаушы отбасылар: патронаттық отбасы, асырап алушылар.

Аталған тізбеде арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектілердің барлығы қамтылмаған.



3. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін адамдар санаты
5. Арнаулы әлеуметтік көмек алатындарға мыналар жатады:

1) жетiм балалар – ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала;

2) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар - ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қажет ететін балалар;

3) даму мүмкіндіктері шектеулі балалар — медициналық қорытындымен расталған, туа бiткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тiршiлiк етуi шектелген, дене және (немесе) психикалық кемiстiгi бар он сегiз жасқа дейiнгi бала;

4) қадағалаусыз қалған бала – ата-анасының немесе олардың заңды өкiлдерiнiң, сондай-ақ педагогтардың, тәрбиешiлердiң, психологтардың, әлеуметтік қызметкерлердің және кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi оқыту, тәрбиелеу мекемелері қызметкерлерiнiң тарапынан оны тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы салдарынан, не оның үйден немесе бала құқығын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан өз еркімен кетуi салдарынан мінез-құлқына бақылау болмаған кәмелетке толмаған бала;

5) девиантты мінез-құлықты балалар — мектепке бармайтын немесе мектепте мінез-құлқында проблемалары бар, алкогольді, есірткі, психотроптық немесе улағыш заттарды теріс пайдаланатын, құмар ойындарына тәуелді, қылмыстық әрекетке тартылған немесе бейім, психологиялық, дене немесе сексуалды зорлық көрген немесе осындай зорлыққа тап болып отырған және осының салдарынан қоғамдық өмірге қатысуға мүмкіндігі жоқ 18 жасқа дейінгі балалар.

6) әлеуметтік қатер тобындағы отбасы — 18 жасқа дейінгі балаларды өсіріп отырған және ең болмағанда ата-анасының біреуі алкогольді, есірткі, психотроптық немесе улағыш заттарды пайдаланатын, құмар ойындарына тәуелді, әлеуметтік дағдыларының жоқтығынан балаларын тиісті түрде қадағалауды білмейтін немесе қадағалай алмайтын, оларға психологиялық, дене немесе сексуалды зорлық жасайтын, алып отырған мемлекеттік қолдауды отбасының мүддесіне жұмсамайтын, осыған байланысты балалардың дене, ақыл-ой, рухани, адамгершілік дамуына қауіп төнген отбасы.

Әлеуметтік қатер тобындағы отбасыға «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес балаға уақытша қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген отбасылар да жатады.


4. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің негізгі түрлері, көлемі және ұсынылу шарттары
6. Арнаулы әлеуметтік қызметтер тағайындалуына байланысты төмендегідей бөлінеді:

1) балаларды тұрмыстағы тіршілік әрекетін қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер;

2) баланың жеке жағдайын ескере отырып, денсаулығын қолдауға және жақсартуға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтер;

3) балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың психологиялық жағдайын түзеуді қарастыратын әлеуметтік-психологиялық қызметтер;

4) дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін ескере отырып, ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды педагогикалық түзеуге және оқытуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтер;

5) балалардың өмір сүру сапасын қолдауға және жақсартуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық қызметтер;

6) балалардың құқықтық мәртебесін қолдауға немесе өзгертуге, заңдық көмек көрсетуге, заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған әлеуметтік-құқықтық қызметтер;

7. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер тізбесі:

1) азаматтардың белгілі бір санатының білім алуға, тәрбиеленуге құқығының мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ететін, тұратын орын ұсынатын және/немесе күндіз болатын білім беру жүйесінің ұйымдарында ұсынылатын қызметтер:

әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз етудегі жеңілдіктер мен басымдықтарды алуға жәрдемдесу;

тұрғын үй алаңын, оның ішінде 1-4-сынып оқушыларына арналған 4-6 орындық және 5-11-сынып оқушыларына арналған 2-4 орындық жатын бөлме бір жататын орынға 4м х 2м есебінен, ойын бөлмелерінің ауданы бір оқушыға 2м х 2м есебінен болуы тиіс.

қауіпсіз және баланың қажеттілігін қанағаттандыратын ортаны және арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын орынды қамтамасыз ету. Кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету, орынжай ішінде жүріп-тұруға қолайлы болуы, оңалту, медициналық-әлеуметтік, психологиялық-түзеу іс-шараларын өткізу, демалысты және бос уақытты ұйымдастыру мақсатында қызмет көрсетілетін орынжай жылы, желдетілетін және жарық бөлмелермен, сондай-ақ арнайы құралдармен жабдықталуы тиіс.

санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, қауіпсіздік талаптарына, оның ішінде өртке қарсы талаптарға сәйкестігі;

ақыл-ойын, сезімін, рухани және дене бітімін дамытуға ықпал ететін отбасы жағдайына жақындатылған қолайлы жағдай жасау;

баланың қажеттілігін қамтамасыз ететін және жекешелігіне кепілдік беретін ететін гигиенаға арналған орынжайды қамтамасыз ету;

тәрбиеленушілердің өзін-өзі кәсіби бағдарлануына және шығармашылық еңбегіне арналған жағдайлар жасау;

оңалту және емдеу шараларын ұйымдастыруға арналған орынжайды, жиһаздарды, арнайы жабдықтарды, емдеу-еңбек және оқу қызметін, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетулерді ұсыну;

«Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысымен (бұдан әрі — қаулы) бекітілген нормалар бойынша 3-қосымшаға сәйкес тамақ, оның ішінде диеталық тамақтарды ұсыну;

2-қосымшаға сәйкес жұмсақ мүкәммал ұсыну (киім-кешек, ішкиімдер мен төсектік керек-жарақтар);

балаларды емдеуге, оқуға, мәдени іс-шараларға қатысуға апару кезінде көлік ұсыну;

баланың қажеттіліктеріне сәйкес келетін салауатты және қауіпсіз ортаны ұйымдастыру және ұсыну;

күнделікті тұрмыстағы, оның ішінде төсектен тұру, төсекке жату, киіну, шешіну, тамақ ішу сияқты іс-әрекеттерді орындауға қабілетсіз балаларға күтім жасау және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету және осы іс-әрекеттерге үйрету;

балаларды азаматтардың отбасыларына патронаттық тәрбиелеуге (шартқа сәйкес), қонақ отбасыларына (каникул, демалыс немесе жұмыс күні емес мейрам күндері) уақытша беруді жүзеге асыру;

аз қамтылған балаларды қажетті киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз ету;

баланы патронатқа, қонақ отбасына анықтау үшін отбасыларын іріктеу. Отбасында болу мерзімін анықтау кезінде баланың пікірі ескеріледі;

қажет болған жағдайда (алыс жерде тұруы, кезекші болуы, туыстарының іссапарда болуы) күндіз болатын ұйымдарда баланың бес күндік режимде болуына рұқсат етіледі. Аталған қызмет мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың құнына кірмейді;

2-қосымшаға сәйкес күндіз болатын ұйымдар үшін жұмсақ мүкәммал ұсыну (төсек жабдықтары);

қабылдаушы отбасылардың өмір сүру жағдайларына зерттеу жүргізу, олардың жеке ерекшеліктерін, тұрмыс салты мен әдет-ғұрыптарын, отбасындағы жеке тұлғалық қырым-қатынасын зерделеу, барлық отбасы мүшелерінің балалардың негізгі өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыруға дайындығын бағалау және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жоспарын іске асыру, қабылдаушы отбасылардың өмір сүру жағдайын тексеру актісінде (бұдан әрі – тексеру актісі) көрсету;

балаларға сапалы әлеуметтік қызмет көрсету үшін қажетті білікті қызметкерлермен және құрылыммен қамтамасыз ету;

2) отбасы жағдайында:

бір отбасының мүшесіне және тәрбиелеушіге берілетін тұрғын жайдың жалпы алаңы кемінде 15 шаршы метрді құрайды;

баланың білім алуы үшін қажетті жағдай жасау, оның денсаулығына, физикалық, психикалық, адамгершілік және рухани дамуына қамқорлық көрсету;

3-қосымшаға сәйкес диеталық тамақтануды қоса, тамақтануды ұсыну;

2-қосымшаға сәйкес жұмсақ мүкәммал ұсыну (киім, аяқ киім, ішкиім және төсек жабдықтары);

8. Мыналар:

1) азаматтардың белгілі санаттарының білім алу, тұратын орын мен күндіз болуларымен қоса тәрбие алу құқықтарына мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарында көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету тізбесі:

әлеуметтік-медициналық қызметтерді алуға көмек көрсету;

медициналық-әлеуметтік тексеріс жүргізу;

алғашқы медициналық тексеруді және алғашқы санитарлық тазалауды жүргізу;

алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету;

тегін медициналық көмектің кепілдендірілген мөлшерін көрсетуге жәрдемдесу;

емдейтін дәрігердің дәрі белгілеуіне сәйкес медициналық қызмет көрсетуге лицензия болған жағдайда медициналық процедуралар жүргізу;

денсаулық жағдайын бақылау (дене температурасын өлшеу);

емдеу-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру;

ауруханаға жатқызуды жедел ұйымдастыру және денсаулық сақтау ұйымына балаларды жеткізіп тұру;

сәбиді (баланы) күтіп-бағуды, медициналық ұсыныстар мен сәбидің (баланың) денсаулық жағдайына сәйкес маман дәрігерлерге жүйелі түрде көрсетіп, емдеуді қамтамасыз ету;

консультативтік көмек көрсету (білікті маман жоқ болған жағдайда денсаулық сақтау ұйымынан міндетті түрде маман шақыру);

үйдегі жағдайда оңалту іс-шараларын өткізу үшін отбасы мүшелерін медициналық-психологиялық және әлеуметтік-медициналық білім негіздеріне отбасы мүшелерін оқыту;

төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету;

профилактикалық іс-шаралар өткізу;

тірек қозғалыс қабілеттерінде ауытқушылықтары бар балаларды оңалту;

2) отбасы жағдайында:

сәбиді (баланы) күтіп-бағуды, медициналық ұсынымдар мен сәбидің (баланың) денсаулық жағдайына сәйкес маман дәрігерлерге жүйелі түрде көрсетіп, емдеуді қамтамасыз ету;

жүйелі медициналық тексеруді қамтамасыз ету;

емдеу-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру;

оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес әлеуметтік-медициналық сипаттағы оңалту іс-шараларын өткізу;

күтіп-бағуды, оның ішінде балалардың жағдайын ескере отырып санитарлық-гигиеналық қызметтер көрсету.

9. Әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсетудің тізбесі:

1) азаматтардың белгілі санаттарының, тұратын орнын ұсынумен және/немесе күндіз болуларымен қоса білім, тәрбие алу құқықтарына мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарында көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету тізбесі:

баланы психологиялық диагностикадан өткізу және психологиялық түзеу;

бала мен ата-ана қарым-қатынасын психологиялық диагностикадан өткізу және психологиялық түзеу;

психологиялық терапевтік көмек көрсету;

балаға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі жеке жоспардың қажеттіліктерін бағалау негізінде құрастыру;

психологиялық тренингтер өткізу;

баланың денсаулық жағдайына, интеллектуалдық және әлеуметтік деңгейіне сәйкес түзету сабақтарын жоспарлау және іске асыру;

психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, сөйлесу, тыңдау;

бала мен қызметкер арасында өзара құрмет пен сенімге негізделген эмоционалдық ортаны қамтамасыз ету;

психологиялық тұрғыдан сүйемелдеу;

мекемеден тыс жерде кең әлеуметтік ортаға тәрбиленушілерді табысты бейімдеу үшін жағдай жасау;

оқыту, әңгімелесу, жеке дамыту процесінде әлеуметтік-писихологиялық білім беру және белсенді пайдалану үшін жағдай жасау;

күйзеліс, дау-жанжал жағдайындағы балаларға психологиялық көмек көрсету және қолдау жасау;

әлеуметтік-психологиялық және психологиялық кеңес беру (балаларға оқуда, әңгімелесуде немесе психикалық көңіл-күйлері нашар кезде көмек көрсету);

психологиялық тренингтер (күйзеліс, дау-жанжал жағдайындағы балаларға психологиялық көмек көрсету және қолдау жасау);

ата-аналарды психологиялық ағарту;

баланы отбасымен қайта қосу үшін баланың туған отбсымен және ұйымдағы баламен жүргізілетін алдын-алу және оңалту жұмыстары;

бала үшін отбасын сақтау мақсатында қатер тобындағы тұрмысы қолайсыз отбасылармен жүргізілетін әлеуметтік-писихологиялық оңалту және алдын алу жұмыстары;

баланың қажеттілігіне, өмір сүру жағдайына және бастапқы әлеуметтік ортасына сәйкес оны отбасына орналастырудың ең жақсы түрін ұйымдастыру;

қолайсыз отбасында тұратын мемлекеттің қорғауына мұқтаж балалармен жүргізілетін әлеуметтік-писихологиялық, оңалту және алдын алу жұмыстары;

баланы жеке өмір сүруге дайындауда баланың даму мониторингін жүзеге асыру;

әлеуметтенуде қиындық көріп жүрген интернаттық мекемелердің бітірушілеріне әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық көмек көрсету;

тәрбиеленушілерді отбасыларына тәрбиелеуге орналастыру, оларды психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік-педагогикалық алып жүру;

2) отбасы жағдайында:

психологиялық алып жүру;

тәрбиеленушілерді кең әлеуметтік ортаға табысты бейімдеу үшін жағдай жасау;

оқыту, әңгімелесу, жеке дамыту процесінде әлеуметтік-писихологиялық білім беру және белсенді пайдалану үшін жағдай жасау;

психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, сөйлесу, тыңдау.

10. Әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету тізбесі:

1) азаматтардың белгілі санаттарының, тұратын орнын ұсынумен және/немесе күндіз болуларымен қоса білім, тәрбие алу құқықтарына мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарында көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету тізбесі:

әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру;

педагогикалық түзету;

отбасылық орналасу нысаны және баланы отбасына тәрбиелеуге алу туралы жұртшылықты хабардар ету, арнайы акциялар мен іс-шаралар ұйымдастыру;

балалардың қызығушылықтарын дамыту үшін клубтық, үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;

ұйымдағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту процесін ұйымдастыру, олардың қоғамға әлеуметтену, бейімделу және бірігуіне жәрдемдесу;

балалардың дене мүмкіндіктері мен ойлау қабілеттерін ескере отырып олардың білім алуларына жәрдем жасау;

баланы отбасына (патронаттық тәрбиелеуге, бала асырап алу) қабылдау процесін кәсіби тұрғыдан дайындауды және жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

қабылдаушы отбасыларына (қонақ отбасылары, патронат тәрбиешілер, бала (қыз бала) асырап алушылар) көмек көрсету, кеңес беру (оқыту, әңгімелесу, тренингтер);

1-қосымшаға сәйкес балалар үйлері мен интернаттық мекемелердің қызметкерлерін хабардар етіп отыру, оқыту және уәждеу;

ұйымдар қызметкерлерін хабардар етіп отыру, уәждеу (1-қосымша);

мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алуына көмек көрсету;

мүгедек балаларды, мүмкіндіктері шектеулі балаларды үйде оқыту;

2) отбасы жағдайында:

қабылдаушы балаларды тәрбиелеу мен білім беру процесін ұйымдастыру;

олардың қоғамға әлеуметтенуіне, бейімделуіне және бірігуіне жәрдемдесу;

дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой мүмкіндіктерін ескере отырып балалардың білім алуына жәрдем көрсету;

білім беру мекемесіне асырап алынған баланың (балалардың) баруын және оның үлгеріміне бақылауды қамтамасыз ету. Баланың (балалардың) денсаулық жағдайына байланысты білім беру мекемесіне бару мүмкіндігі болмаған жағдайда «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес баланың білім алуын қамтамасыз ету;

балалардың кәсіптік білім алуы үшін жағдайлар жасауға жәрдем көрсету.

11. Әлеуметтік-экономикалық қызметтердің тізбесі:

азаматтардың белгілі санаттарының, тұратын орнын ұсынумен және/немесе күндіз болуларымен қоса білім, тәрбие алу құқықтарына мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарында көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету тізбесі:

тиісті жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттер мен зейнетақыларды алуды қамтамасыз ету:

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жәрдемдесу;

өзін-өзі қамтамасыз ету, отбасылық кәсіпкерлік мәселелері және мүмкіндіктері шектеулі балалары бар отбасылардың материалдық жағдайларын жақсартудың басқа да мәселелері бойынша консультация беру;

мониторингті жүзеге асыру және қорғаншылықтан (қамқоршылықтан) шығу процесін жоспарлау мен іске асыруға қолдау көрсету.

12. Әлеуметтік-құқықтық қызметтердің тізбесі:

балалардың белгілі санаттарының, тұратын орнын ұсынумен және/немесе күндіз болуларымен қоса білім, тәрбие алу құқықтарына мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарында көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету тізбесі:

балалардың мемлекеттік және мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу құқығымен және өздерінің мүддесін қорғаумен
байланысты мәселелер бойынша консультация беру;

арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын, балалардың, олардың ата-аналарының заңды құқығын бұзатын немесе қысым көрсететін ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініш дайындауға және беруге көмек көрсету;

құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;

«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға заңды көмек көрсету және жәрдемдесу;

сенімхат бойынша жәрдемақылар, өтемақылар, алименттер мен жәрдемақыларды алу;

кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін соттағы өкілдерді қамтамасыз ету;

жетім балаларды мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды азаматтарға асырап алынуға, патронатқа, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) беруде құжаттарды ресімдеуге заңдық көмек көрсету;

отбасында балаларға немесе олардың отбасы мүшелеріне физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылық көрсеткен кінәлі тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға жәрдем көрсету;

балалардың құқықтарын қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті органдарына әлеуметтік оңалтуға, қабылдаушы отбасына, патронаттық тәрбиелеуге, қамқоршылыққа мұқтаж кәмелетке толмағандарды орналастыруға жәрдем көрсету;

кәмелетке толмағандардың ісі және балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау ісі жөніндегі комиссияға балаларды тәрбиелеуден жалтарған ата-аналар бойынша ұсынымдама ресімдеу;

жұмысқа орналасу, төлқұжат пен заңды күші бар басқа да құжаттарды алу үшін құжаттарды ресімдеуге заңды көмек көрсетуге жәрдемдесу.

Білім саласында

арнаулы әлеуметтік қызметтер

көрсету стандартына



1-қосымша
1. Даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар мен жасөспiрiмдерге арналған арнаулы түзеу ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгi штаттары


Лауазымдардың
атауы

Тәрбиеленушiлер топтарына қарай
штаттық бiрлiктер саны

8-ге дейiн

9-14

15-30

31 және одан
да көп


Директор

1

1

1

1

Директордың оқу-
тәрбие жұмысы жөнiндегi орынбасары

1

-

-

-

Директордың оқу
жұмысы жөнiндегi орынбасары

-

1

1

1

Директордың тәрбие
жұмысы жөнiндегi
орынбасары

-

1

1

1

Директордың шаруа-
шылық жұмысы жө-
нiндегi орынбасары

1

1

1

1

Педагог-психолог

1

1

1,5

2

Аға вожатый

1

1

1

1

Дәрiгер

1

1

1

1

Тәулiк бойы кезек-
шiлiк ететiн
медбике

4

4

4

4

Кiшi медициналық персонал

0,5

0,5

0,5

1

Бас бухгалтер

1

1

1

1

Бухгалтер

1

1

1

1

Iс қағаздарын жүргiзушi (хатшы)

1

1

1

1

Кiтапхана меңгерушiсi

-

1

1

1

Кiтапханашы

0,5

-

-

1

Қоймашы

1

1

1

1

Кастелянша

1

1

1

1

Экспедитор

1

1

1

1

Бас аспаз

-

1

1

1

Аспаз

2

2

2

3

Асхана жұмысшысы

1

1

2

3

Кiр жуу машинала-
рының операторы

1

2

3

3

Ғимараттарға кешендi қызмет көрсететiн және жөндейтiн жұмысшы (әрбiр ғимаратқа)

1

1

2

2

Күзетшi

3

3

3

3

Вахтер, әр ғимаратқа

1

1

1

1

Жүк тасушы

1

1

1

2

  1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет