Тақырыбы: И. Ж. А.Стенокардия
1. Жүрек қан айналымының келмелі, уақытша бұзылуынан дамитын жүрек қантамыр ауруларының бірі:
а) стенокардия
б) миокардит
в) миокард инфаркты
г) атеросклероз
е) эндокардит
2. Стенокардияның негізгі клиникалық симптомдары:
а) әлсіздік, тез шаршау
б) ентігу, жөтелу
в) жүрек соғуының жиілеуі, дененің төменгі бөлігінің ісінуі
г) төс сүйегі артындағы ұстамалы ауырсынуы, терінің бозаруы
е) әлсіздік, дене қызуының көтерілуі
3. Стенокардияның клиникалық түрлерін анықтаудағы маңызды аспаптық тексеру әдісі:
а) велгоэргометрия
б) рентгенскопия
в) фонокардиография
г) эхокардиография
е) спирография
4. Стенокардияның дамуына ықпал ететін этилогиялық факторлардың бірі:
а) коронар артериясының атеросклерозы, нервтік- стрестік жағдай, ағзаға физикалық күш түсіру
б) жануар майын көп қолдану, аз қимылдау
в) ішімдікті көп қолдану және темекі шегу
г) ас тұзын және сұйықтықты көп қолдану
е) тәтті тағамды және өсімдік тектес майларды көп қолдану
5. Стенокардиядағы «ауырсыну» симптомы беріледі:
а) оң иыққа
б) оң қабырға астына
в) сол қолға
г) оң жауырын астына
е) оң шатына
6. Стенокардияға тән симптом:
а) жүрек тұсының қысып аурсынуы
б) басының ауруы, ұйқысының бұзылуы
в) ентігу, дененің төменгі бөлігінің ісінуі
г) ентігу, жүрек соғысының баяулауы
е) оң қабырға астының ауырсынуы, ентігу
7. Стенокардиядағы «ауырсыну» симптомын басу үшін қолданады:
а) нитроглицерин 0,0005 мг
б) гепарин 5000 Әсерлі бірлік
в) анаприлин 10 мг
г) трентал 5,0 мл
е) изоптин 40 мг
8. Стенокардияны емдеу үшін қолданады:
а) кордарон 0,2 мг
б) омез 20 мг
в) морфий 1% -1,0 мл
г) клонидин гидрохлориді 0,15
е) ношпа 40 мг
9. Стенокардияның клиникалық түріне жатады:
а) тұрақты, тұрақты емес,үдемелі
б) крупозды, ошақты, обструктивті
в) катаральді, іріңді, сегментарлы
г) трансмуральді, ошақты, жайылмалы
е) кавернозды, фибринозды, миллиарлы
10. Стенокардияда электрокардиограммадағы өзгеріс:
а) Р- тісі екі өркештенеді
б) ORS- интервалы ұзарады
в) ST- сегменті изосызықтан жоғарлайды
г) Т- тісі теріс
е) R-R тісшелерінің арақашықтығы әртүрлі
11. Стенокардияда нитроглицерин таблеткасын қолдану мақсаты:
а) дем алуды жақсарту үшін
б) ауырсынуды басу үшін
в) қан кетуді тоқтату үшін
г) жүрек ритмінің қалыптасуы үшін
е) қан қысымын көтеру үшін
12. Стенокардияны біріншілік алдын алу шаралары:
а) атеросклероздың алдын алу
б) дене салмағын реттеу
в) микротравматизациядан аулақ болу
г) иммунитетті көтеру
е) суық тигізуден аулақ болу
13. Күштемелі стенокардияның физикалық жүктемеге төзімділігіне байланысты жіктелуі:
а) ФК 1, ФК 2, ФК 3, ФК 4 ;
б) НК1- НК 2
в) ДН1- ДН 2
г) ХПН1- ХПН 2
е) ХСН1, ХСН 2,
14. Стенокардияның ұстамасы кезіндегі терідегі өзгеріс:
а) қызарады, қанталайды
б) геморрагиялық бөртпелер
в) бозарады, маңдайы шып- шып терлейді
г) сарғаяды
е) көгереді
15. Стенокардияның дамуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі:
а) коронар артериясының атеросклерозы
б) сұйықтықты көп қолдану
в) ас тұзын көп қолдану
г) иммунитеттің төмендеуі
е) жиі суық тиіп ауру
16. Жүрек тұсының ауырсыну ұстамасы кенет, күтпеген жағдайда тышыштықта, көбіне түнгі мезгілде пайда болады:
а) принцметал стенокардиясында
б) тұрақты стенокардияда
в) күштемелік стенокардияда
г) үдемелі күштемелік стенокардияда
е) тыңыштықтағы стенокардияда
17. Нитроглицерин таблеткасын қолданады:
а) қан қысымының төмендеуінде
б) коронар артериясының тарылуында
в) тыныс жолдарының тарылуында
г) тахикардияда
е) ұйқысыздықта
18. Электрокардиограммада ST- сегменті изосызықта, Т -тісі биік, бұл көрініс тән:
а) стенокардияға
б) миокардитке
в) артериалды гипертензияға
г) бронхиалды астмаға
е) перикардитке
19. Кенеттен жүрек тұсының қысып, күйдіріп толғақ тәрізді ауырсынуы, ауырсынудың кеуденің сол бөлігіне сол қолға, сол иыққа берілуі және науқастың бір орнында қозғалыссыз тұрып қалуы қандай жүрек қанайналым жүйесінің ауруына тән көрініс:
а) стенокардияға
б) миокардитке
в) артериалды гипертензияға
г) жүрек ақауына
е) перикардитке
20. Коронарлық артериялардың атеросклероздық өзгерістерін және коллатеральдық қанайналымының жағдайын, тамырлардың тарылуы дәрежесін анықтайтын диагностикалық тексеру әдісі.
а) эхокардиография
б) электрография
в) реовазография
г) велоэргометрия
е) селективтік коронарография
21. Жүректің ишемия ауруына шалдыққан науқасқа № 10 емдік диета тағайындалған. Науқасқа тамақтану бойынша кеңес бересіз:
а) көмірсуларды шектеу
б) ас тұзы мен жануарлар майын шектеу
в) ақуыздар мен кальцийге бай өнімдерді
г) өсімдік талшықтарына бай өнімдерді
е) өсімдік майын
22. Жедел коронарлық синдромның белгілері:
а) бірнеше сағат бойы төс атрындағы күйдіретін батып ауырсыну
б) төс артындағы қысқа мерзімді ауырсыну, қысатын сипатта
в) жүрек ұшында шаншитын сипаттағы ауырсыну
г) жүрек аймағыдағы тұрақты сыздап ауырсыну
е) жөтел кезінде күшейетін кеуде торының сол жақ жартысындағы шаншып ауырсыну
23. Ер адам 67 жаста. Ұлымен ұрысқаннан кейін өзін нашар сезінді. Төс артынды күйдіріп ауыратын сол иық пен сол жауырынға белілетінін, 30 минуттан артық созылған ауырсыну сезімі, қорқыныш сезімімен әлсіздік. Жалпы қарағанда терісі бозғылт суық жапысқақ тер. АҚҚ 100/60 мм.с.бб. Алғашқы медициналық көмекке не кіреді?
а) Нитроглицирин 1 таб. тіл астына ацетилсалицил қышқылы
б) Ацетилсалицил қышқылы 375 мг және амбу қапшығымен Оттегі беру
в) Каптоприл 25 мг. тіл астына және терапиялық ем
г) Дицинон 12,15 % 2мл. ертінді көк тамырға
е) Парацетомол 0,5 гр. ішке қабылдау
Достарыңызбен бөлісу: |