Білім сапасы мониторингісін жүргізу материалдары



бет13/15
Дата04.05.2024
өлшемі153.28 Kb.
#500521
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Терапиядағы жедел шұғыл көмек Фельдшер 23-24 — (копия)

Тақырыбы: Қант диабеті. Қант диабетінің асқынуы.
1. Қант диабетінің этиологиясы:
а) тамақтану режимін жиі бұзу
б) тәтті тағамдарды көп жеу
в) аллергендер
г) иммунитеттің төмендеуі
е) жиі етеккірдің келуі
2. Инсулинге тәуелді қант диабетінің негізгі симптомдары:
а) жөтелу, қақырық тастау
б) қақырық тастау, ентігу
в) жүрек тұсының шаншуы,ентігу
г) шөлдеу, көп су ішу, көп зәр бөлу
е) тез шершау, ентігу, жүрек қағысының жиілеуі
3. Қалыпты жағдайдағы қант көрсеткіші:
a) 3,3- 5,5 мкмоль /л
б) 18,5- 20,0 мкмоль/л
в) 55,5- 68,0 мкмоль/л
г) 78,5- 82,0 мкмоль/л
е) 4,5- 6,2 мкмоль/л
4. Қан құрамындағы қанттың жоғарылауы:
a) гипербилирубинемия
б) азотемия
в) гипергликемия
г) диспротеинемия
е) глюкозурия
5. Қант диабеті ауруында қолданылатын дәрі:
a) строфантин
б) эуфиллин
в) гипотиазид
г) инсулин
е) индометацин
6. Қант диабетінің асқынуы:
a) уремиялық кома
б) диабеттік кома
в) бауыр комасы
г) анафилактикалық шок
е) кардиогенді шок
7. Гипергликемиялық кома:
a) қандағы азот қалдықтарының көбеюі
б) қандағы билирубин көрсеткішінің көбеюі
в) қандағы қант көрсеткішінің күрт көбеюі
г) қандағы қант көрсеткішінің күрт төмендеуі
е) қандағы калийдің көбеюі
8. Гипогликемиялық кома:
a) қандағы кальцийдің жетіспеушілігі
б) қандағы билирубин көрсеткішінің көбеюі
в) қандағы қант көрсеткішінің күрт көбеюі
г) қандағы қант көрсеткішінің күрт төмендеуі
е) қандағы азот қалдықтарының көбеюі
9. Гипоглекемиялық команың дамуына ықпал ететін факторлар:
a) инфекцияның организмге түсуі
б) инсулин дозасын аз енгізу
в) инсулин дозасын көп енгізу
г) ас тұзын көп қолдану
е) стрестік жағдайлар
10. Гипергликемиялық команың симптомы:
a) тоникалық тырысқақ
б) ацетон иісінің шығу
в) бас ауруы
г) метеоризм
е) тершеңдік
11. Гипогликемиялық комада көрсетілетін жедел жәрдем:
a) анальгин 50 % - 10 мл ертіндісін енгізу
б) инсулин 40 бірлігін - 10 мл ертіндісін енгізу
в) глюкоза енгізу 40 % - 10 мл ертіндісін енгізу
г) строфантин - К 005 % - 1 мл ертіндісін енгізу
е) дроперидол 0,25% - 5 мл ертіндісін енгізу
12. Гипогликемиялық команың симптомы:
a) тоникалық тырысқақ
б) ацетон иісінің шығуы
в) бас ауруы
г) метеоризм
е) көз қарашығының кеңеюі
13. Глюкозурия:
a) зәр құрамында қант түйіршіктерінің пайда болуы
б) зәр құрамында ақуыздың анықталуы
в) зәр құрамында эритроцит түйіршіктерінің анықталуы
г) зәр құрамында лейкоциттердің анықталуы
е) зәр құрамында эпительдердің анықталуы
14. Гипергликемиялық кома кезінде зәрде пайда болады:
а) уробилин
б) стеркобилин
в) ацетон
г) ақуыз
е) эритроцит түйіршектері
15. Гипогликемиялық кома кезінде алғашқы медициналық көмек :
а) көк тамырға 40% - 60 мл глюкоза ерітіндісін енгізу
б) көк тамырға инсулин
в) асқазанды жуу
г) тазалау клизмасын жасау
е) дымқылданған оттегі беру
16. Қант диабет ауруына тән белгілер:
а) арықтау, полиурия, гипергликемия
б) арықтау, шөлдеу, гипогликемия
в) шөлдеу, iсiну, альбуминемия
г) әлсiздiк, апатия, олигурия
е) жөтелу, ентігу, альбуминемия
17. Науқасқа инсулиндi енгiзгеннен кейiн аяқ-қолының дiрiлдеуi, аштық сезiмiнiң пайда болуы нені бiлдiредi:
а) гипертониялық криздi
б) гипогликемиялық жағдайды
в) гипергликемияны
г) коллапсты
е) токсикалық шокты
18. Инсулин дозасын көп енгізгенде дамитын асқыну:
а) гипергликемиялық кома
б) гипогликемиялық кома
в) кардиогенді шок
г) бауыр комасы
е) токсикалық шок
19. Инсулинге тәуелсіз қант диабеттінің алғашқы белгілері:
а) жүрек тұсының ауырсынуы, жүрек ритмінің өзгеруі, ентігу
б) көп зәр бөлу, терінің қышуы, бүкіл денесінің ісіну
в) буынның ауырсынуы, қозғалысының шектелуі
г) терінің қышуы, ырнақ іздерінің қалуы, көз склерасының сарғаюы
е) терінің қышуы, жүргенде аяқтың ауырсынуы, көрудің нашарлауы, жүрек тұсының ауырсынуы
20. Науқастың терісі құрғақ, көз алмасы жұмсақ, қарашығы кеңейген, демалысы терең жиі (Куссмауль демі). PS 102 рет ритмді,Қ/қ 100/ 70 мм.сын.бб. Сіңір рефлекстері төмен, ауызнан ацетон исі шығады. Бұл жағдайды қалай бағалайсыз?
а) гиперосмолярлық кома
б) уремиялық кома
в) алкогольді кома
г) гипогликемиялық кома
е) гипергликемиялық кома
21. Науқаста кетоацидозды кома дамыды. Шұғыл көмек көрсету көлемін анықтау:
а) алғашқы сағатта 1 л. кем емес физ.ерітінді инфузиясы
б) 40% глюкоза ерітіндісі 40-60 мл қантамыр ішіне
в) морфин, нитроглицерин, гепарин
г) дротаверин, атропин, платифиллин
е) морфин, фуросемид, нитроглицерин, оксигенотерапия
22. Жасы 52 –де науқас, аяқ астынан естен танып қалды. Жақындарының сөздерінен, науқас Қант диабетімен ауырады. Сол себептен тері астына инсулин қабылдайды. Жағдайы ауыр, тері жамылғысы бозарған, тер жапқан. Қант диабетінің қандай асқынуы туралы ойлану қажет:
а) Жедел коронарлық синдром
б) Ишемиялық инсульт
в) Гипергликемиялық кома
г) Гипогликемиялық кома
е) Геморрагиялық инсульт




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет