«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



Дата16.06.2016
өлшемі75.23 Kb.
#140056


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2014 жылғы «20» маусымдағы

№ 235 бұйрығына

2 -қосымша
«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



        1. Жалпы ережелер

1. «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметі беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:


  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) арқылы;

  2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі - қағаз жеткізгіште білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы куәлік.





        1. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылы) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 549 қаулысымен бекітілген «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі-Стандарт) 9 - тармағына сәйкес құжаттар тізбесін (бұдан әрі-құжаттар) ұсынуы негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:

1) құжаттар топтамасын Орталық қызметкерінің 1 (бір) жұмыс күні ішінде қабылдауы және 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті алушының оқығанын растау, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушының оқыған кезеңінде білім беру ұйымының білім беру қызметінің ашықтығы туралы ақпарат алу мақсатында шетелдік білім беру ұйымына сұрау жолдауы;

2) Орталықтың 1 (бір) ай ішінде білім туралы құжаттарды сыртқы сарапшыларға жіберуі;

3) айына кемінде 1 рет өткізілетін Орталықтың сараптау комиссиясының отырысында сыртқы сарапшылардың сараптау қорытындысын бекіту;

4) Орталықтың 10 (он) жұмыс күні ішінде сараптау комиссиясы отырысының хаттамасынан үзіндісі бар құжаттарды бұйрық дайындау үшін көрсетілетін қызмет берушіге жолдауы;

5) көрсетілетін қызметі берушінің сараптау коммиссиясының қортындысын 1 (бір) ай ішінде қарап бұйрық дайындауы;

6) көрсетілетін қызметті берушінің 1(бір) жұмыс күні ішінде бұйрықты Орталыққа жолдауы;

6) Орталықтың 10 (он) жұмыс күні ішінде бұйрық негізінде куәлік толтыруы;

7) Орталықтың 1 (бір) жұмыс күні ішінде куәлікті бекіту үшін көрсетілетін қызметі берушіге жіберуі;

8) көрсетілетін қызметі берушінің куәлікті бекітуі және 3 (үш) жұмыс күні ішінде базаға енгізуі және 1 (бір) жұмыс күні ішінде Орталыққа жіберуі;

9) мемлекеттік қызмет алушыға куәлікті беру.

 




  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара

іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай құрылымдық бөлімшелер қатысады:

1) лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасы (мұнан әрі – басқарма);

2) төраға орынбасары;

3) төраға.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі құрылымдық бөлімшелер арасындағы мынадай рәсімдерден тұрады:

1-рәсім – көрсетілетін қызметі берушінің кеңсесінің қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжатты тіркейді және төрағаға жолдайды;

2- рәсім – төраға құжатты 1 (бір) жұмыс күні ішінде төраға орынбасарына жолдайды;

3-рәсім – төраға орынбасары құжатты 1 (бір) жұмыс күні ішінде басқарма басшысына жолдайды;

4-рәсім – басқарма басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде басқарма қызметкерлерінің қатарынан жауапты орындаушыны тағайындайды;

5-рәсім – 1 (бір) ай ішінде басқарма қызметкері құжаттардың Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережелеріне» (бұдан әрі-Ереже) сәйкестігін тексереді және шешім (бұйрық) қалыптастырады және шешімді тексеру үшін басқарма басшысына жолдайды;

6-рәсім – 1 (бір) жұмыс күні ішінде басқарма басшысы шешімді (бұйрықты) тексереді және қол қою үшін төраға орынбасарына жолдайды;

7-рәсім – 1 (бір) жұмыс күні ішінде төраға орынбасары шешімді тексереді және қол қояды;

8-рәсім – қол қойылған шешім 1 (бір) жұмыс күні ішінде куәлік толтыру үшін Орталыққа жолданады.

9. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 20 маусымдағы № 235 бұйрығымен бекітілген «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің (бұдан әрі-Регламент) 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының блок-сызбасында келтірілген.




  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен жэәне (немесе) басқакда көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу, сондай-ақ аұпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

10. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіну тәртібінің сипаттамасы:

1) 1-процесс - көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы тұрғылықты жері бойынша ХҚО-ға өтініш білдіреді.

2) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушы ХҚО операторына дайын құжаттар топтамасын 15 минут ішінде тапсырады;

3) 3-процесс - ХҚО операторының мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін 15 минут ішінде анықтауы;

4) 4-процесс – ХҚО операторының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды 15 минут ішінде қабылдайды;

5) 5-процесс – ХҚО операторының құжаттар пакетін Орталыққа 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдауы;

6) 6-процесс – Орталық 4 ай ішінде білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы шешім шығарады және дайын куәлікті ХҚО-ға жібереді;

7) 7- процесс - ХҚО операторы дайын куәлікті береді;

11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) ретінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерімен (қызметкерлерімен) өзара іс-қимылдарының, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде басқада көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл жүргізу және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің толық сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

«Білім туралы құжаттарды тану

және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1- қосымша


Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының блок-сызбасы


Көрсетілетін қызметі берушінің кеңсесінің қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжатты тіркейді және төрағаға жолдайды



Төраға құжатты 1 (бір) жұмыс күні ішінде төраға орынбасарына жолдайды;




Төраға орынбасары құжатты 1 (бір) жұмыс күні ішінде басқарма басшысына жолдайды



Басқарма басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде басқарма қызметкерлерінің қатарынан жауапты орындаушыны тағайындайды




1 (бір) ай ішінде басқарма қызметкері құжаттардың Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және Ережеге сәйкестігін тексереді және шешім (бұйрық) қалыптастырады және шешімді тексеру үшін басқарма басшысына жолдайды



1 (бір) жұмыс күні ішінде басқарма басшысы шешімді (бұйрықты) тексереді және қол қою үшін төраға орынбасарына жолдайды



1 (бір) жұмыс күні ішінде төраға орынбасары шешімді тексереді және қол қояды




Қол қойылған шешім 1 (бір) жұмыс күні ішінде куәлік толтыру үшін Орталыққа жолданады

«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша



Бпрямая со стрелкой 41прямая со стрелкой 9прямая со стрелкой 15прямая со стрелкой 48ілім туралы құжаттарды тану және нострификациялау мемлекеттік қызметі

бскругленный прямоугольник 18скругленный прямоугольник 19скругленный прямоугольник 20группа 13изнес-процесінің анықтамасы



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет