Білу ғана аз, сол білгеніңді істе қолдана білу керек. Гете


мамыр Ақын Бауыржан Жақыптың туғанына 50 жыл (1963)



бет6/6
Дата25.02.2016
өлшемі4.91 Mb.
#18529
1   2   3   4   5   6

1 мамыр

Ақын Бауыржан Жақыптың туғанына 50 жыл (1963)
Филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Өміржанұлы Жақып 1963 жылы 1 мамырда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы Аққора ауылында туған.

1985 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

1986 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқытушылық қызметте болды. 1986-1988 жылдары стажер-зерттеуші, 1988-1991 жылдары ассистент, 1991-1994 жылдары аға оқытушы, 1994-1995 жылдары доцент. 1995-2001 жылдары деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары, журналистік шеберлік және әдеби редакциялау кафедрасының меңгерушісі, баспа ісі кафедрасының меңгерушісі, мерзімді баспасөз кафедрасының меңгерушісі, 2001-2009 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің деканы.

2009 жылдың 20 қаңтарынан «Қазақ энциклопедиясының» Бас директоры - бас редакторы.

Б.Ө. Жақып - Қазақстан Журналистер одағының мүшесі (1991), Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1994), Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма мүшесі (2002), Қазақстан Журналистика Академиясының академигі (2006), Халықаралық Жазушылар мен Публицистер Ассоциациясының мүшесі (2006), Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (2007).

Оның «Аудитория» (1984), «Баспалдақтар» (1987), «Бір кеменің үстінде» (1987), «Парусь времени» (1987), «Аралым - арым, Балқашым - бағым» (1988), «Көзімнің нұры» (1990), «Айдындағы аспан» (1996), «Мұхтар Әуезов - публицист» (1997), «Ақ лақ» (1997), «Қолтаңба» (2001), «Уақыт ұршығы» (2004), «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары» (2004), «Публицистикалық шығармашылық негіздері» (2007), «Қызыл қайың» (2008), т.б. кітаптары жарық көрді. Оның шығармалары орыс, түрік, украин, македон, түркімен, қырғыз тілдеріне аударылды.


Бауыржан Жақып - Қазақстан Журналистер одағының С. Садуақасов атындағы сыйлығының иегері (1998) жастардың «Жігер» фестивалінің лауреаты (1984), «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1999). 2004 жылы Бакуде өткен Бүкіл түркі дүниесі ақындарының 11 «Хазар шеир ақшамдары» фестивалінің лауреаты. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталған (2006). Түркияда Елазығ шаһарында өткен әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовқа арналған бүкіл түркі дүниесі ақындарының 15 «Хазар шеир ақшамдары» фестивалінің дипломанты (2007). Македонияның Скопье, Косованың Приштина қалаларында өткен бүкілтүркідүниесі ақындары фестивалінің лауреаты (2007), «ЖОО үздік оқытушысы» республикалық байқауының жеңімпазы (2009).

2009 жылдан бері «Қазақ энциклопедиясына» басшылыққа келгеннен бері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы (2009-2010), «Балалар энциклопедиясының» 2 томдық, (2009), «Қазақстан табиғаты» 2 томдық (2009), «Ақмола облысы» энциклопедиясы (қазақ, орыс тілдерінде)(2009), «Қазақстан ғылымы» энциклопедиясы (2 томдық) (2009-2010), «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - тәуелсіз Мемлекеттің негізін қалаушы» (2010), «Назарбаев Нурсултан Абишевич - основатель независимого государства» (2010), «Нұрсұлтан Назарбаев - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті. Ретроспективтік библиографиялық көрсеткіш» 2-томдық (2010), «Внешнеполитические иницативы Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева» (2010), «Кемеңгер» (2010) кітаптарын әзірлеп, басып шығару жұмыстарына басшылық жасады.

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі.

Әдебиеттер:

Жақып Б. Уақыт ұршығы:Өлеңдер, балладалар, поэмалар.-Алматы:Жазушы, 2004.-264 б.

9 мамыр

Әнші, Қазақстанның халық артисі

Бекен Жылысбаевтың туғанына 90 жыл (1923)
Қазақстанның халық артисі, әнші, педагог-ұстаз, профессор Бекен Жылысбаев 1923 жылы Шығыс Қазақстан облысының Шұбартау ауданында Бірбет ауылында дүниеге келген.

Жылысбаев 1940-1941 жылдары Москваның П. Чайковский атындағы консерваторияның ән факультетінің дайындық курсының бірінші жылын аяқтағанда Ұлы Отан соғысы басталып кетіп, 1942 – 1944 жылдар аралығында соғысқа қатысады. Соғыстағы ерлігі үшін ордендермен марапатталған. 1946 жылдан бастап Қазақ радиосында солист болып жұмыс істей жүріп, 1951 жылы Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітіреді. Өзі оқыған консерваториясында дәріс береді. 1957 жылдан консерваториядағы ән факультетінің кафедра меңгерушісі болып, педагогтар арасында тұңғыш профессор атанады (1973).

Жылысбаев - қазақ халық әндерін, орыс классиктері мен шет ел композиторларының ән-романстарын шебер орындаушылардың бірі. М. Төлебаевтың “Тос мені, тос” (өлеңі А. Лекеровтікі), “Кестелі орамал” (өлеңі Н. Баймұхамедовтікі), Абай өлеңіне жазылған “Мен көрдім ұзын қайың құлағанын” романстарын, “Қазақстан оттары” (өлеңі Н. Шәкеновтікі) кантатасын, тағы басқа әндерді алғаш орындап, әрі жоғары кәсіби білімін, дауыс диапозонының кеңдігін танытты. Атақты әнші Ленин орденімен, сондай-ақ Еңбек Даңқы, “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған. 70-ші жылдары Қазақстанның халық артисі атағына ие болды.
9 мамыр

Жазушы Сейдахмет Бердіқұловтың туғанына 80 жыл (1933-1994)
Сейдахмет Бердіқұлов(1933 – 1994) – жазушы, журналист. Қазақстандағы спорт жұлдыздарының табыстарын насихаттауға еңбек сіңірді. Жүрек ұйықтауды білмейді (1966), Жұмыр жерде теңбіл доп (1968), Аспаннан шұға жауған күн (1975), Үшінші подъезд (1980) Шығармаларында замандастар өмірін бейнелейтін, ар-ұждан, адамгершілік парыз, азаматтық қасиет жайында ой толғайтын. Немістің Гельмут деген миллионерінің арнайы келіп, Ә-ті көре алмағанына қапа болғанын суреттеген «Миллионер өкінген түн» атты туындысын жазды («Қазақ әдебиеті», 1987,5 қыркуйек). «Ғажайып дәптер» әңгімесінде ұлы жазушының 1910 ж. Семейде оқып жүрген кезінен сыр шертеді. Әуезовтің ұқыптылығы мен білімділігін жас жеткіншектерге үлгі етіп ұсынады («Балдырған», 1962, №9; «Ана тілі», хрестоматия, 2-сынып, А., «Атамұра» баспасы, 1998, 130-132-беттер)

Әдебиеттер:

Бердіқұлов С. Аспаннан шұға жауған күн. Үндес екі повесть.-Алматы:Жазушы,1976.-288 б.

Бердіқұлов С. Үшінші подъезд. Повестер мен әңгімелер.-Алматы:Жазушы, 1980.-316 б.

Бердіқұлов С.Пердесіз көңіл.Повестер.-Алматы:Жазушы,1983.-424 б.


21 мамыр

Сазгер, Қазақстанның халық артисі Құддыс Қожамияровтың туғанына 95 жыл (1918-1994)

Қожамияров Құддыс Қожамиярұлы (1918-94) - ұйғыр композиторы. ССРО-ның халық артисі. Абайдың «Сегіз аяқ» әнін төрт дауысты хорға пайдаланған. «Сегізаяқ» әнінің әуені мен өлеңінің әрбір шумағы қайталанған сайын, олар төрт түрлі дауысқа белініп, гармониялық, ырғақтық және полифониялық бояулар арқылы құбылып отырады. Қ. ССРО, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Ол халық музыка фольклоры әуендері негізінде ұйғырдың тұңғыш операсы "Назуғум" (1956) мен "Чип Томур" (1968) балетін жазды. Сондай-ақ, "Алтын таулар" (1960, Н.Тілендиевпен бірге), "Садыр Палуан" (1977) операларының, "Ризвангүл" (1950, КСРО мейл. сыйл., 1951), "Бостандық туралы ән" (1954), симфониялық поэмаларының, "Гүлден Жетісу!" (1970) ораториясының, "А.А. Розабақиевті еске алу" симфони-ясы (1971) мен Үшінші симфония (1984, Қазақстан Мейл. сыйл.), т.б. мұзыкалық шығармалардың авторы. Қ. Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының мүшесі (1955 - 1959 ж. төрағасы). Қазақстан Компартия-сы ОКмүшесі (1961 - 1968). 1959 - 1966 ж. әдебиет және өнер саласындағы Лениндік сыйлық пен Қазақстан Мейл. сыйл. тағайындау жөніндегі комитетттің мүшесі болды.

2 - 3-сайлау Қазақстан Жоғары Кеңесі иін депутаты. Ленин ордендерімен, Қазан Революциясы, Еңбек Қызыл Ту және "Құрмет белгісі" ордендерімен марапатталған.



25 мамыр

Әнші Келденбай Өлмесековтің туғанына 60 жыл (1953-2011)

Келденбай Өлмесеков 1953 жылы 25 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Құйған селосы, Күршім ауданында дүниеге келген.


Қаратоғай орта мектебін бітіріп, әскер қатарындағы міндетін өтейді.

Бала кезінен әнге әуес, өнерге құмар Келденбай жұмыс істеген жерлерінде көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, көзге түседі. Ақыры тәуекелге бел буып, Алматыға оқуға аттанады. Жолы болып Республикалық эстрада студиясының әншілер бөліміне оқуға түсіп, оны 1977 жылы бітіріп шығады.

Қазақ өнерінің қос бәйтерегі, халық әртістері Жүсіпбек Елебеков пен Бекен Жылысбаевтан дәріс алып, олардың баулуынан өтеді.

Еңбек жолын Өскемен филармониясынан бастап, 1978 жылы Семейдің Әміре Қашаубаев атындағы филармониясына қызметке келді.

Содан бері ширек ғасыр уақыт өтіпті. Бүгінде репертуарында 300-ге тарта халық әндері, Абай, Ақылбай, Ақан, Біржан, Ағашаяқ, Үкілі Ыбырай, Мұхаметжан, Майбасар, Уәйіс, Міржақып, Жаяу Мұсаның және бүгінгі композитордан Т.Базарбаевтың, Ш.Қалдаяқовтың Т.Рахимовтың т.б. әндері бар.

Бұлардың арасында Шәкәрім, Шәкір әндері бір төбе.

Шәкәрім ақталмаған сонау бір жылдарыдың өзінде, келешекке сенім артып, ағалық ақыл-кеңесін беріп, ұлы тұлғаның ән-мұрасымен табысуына себеп болған Төкен Смайылұлы Ибрагимов.

Сөйтіп 1988 жылдан бастап, өнер жолының алтын өзегін Шәкәрім әлеміне бұрып, тыныс артты.

Шәкәрім әндері мен күйлері өзіндік өлшемімен, сезім тереңдігімен, нақыш-әуенімен ерекшеленеді. Өзегіне бойламай, жадағай орындауға келмейтін асыл дүниелер. Тума талант әнші осыны жүрегімен түсіне білді.

Сол кезден бастап, мұражай қорындағы Ахаттың, Шәкірдің, Ниязбектің, Қабыштың орындауындағы сақталған Шәкәрімнің ән қазынасы Келденбайға аманат етілді.

Келденбай осы жолда Шәкір Әбеновтей ғасыр куәсі болған Әулие ақынмен табыстырған тағдырына риза. Шәкәрім әндерін алғаш Шәкірден естіді.

Оның үстіне Ахат Құдайбердиев, Ниязбек Алдажаров, Қабыш Керімқұловтай Шәкәрімнің ән мұрасы мұрагерлерінің алдын көріп, сол асылдардың өнер мектебінде дәріс алу бақытына ие болды.

Қазір Келденбай Шәкәрімнің жиырмадан астам ән-күйлерін орындайды. Тек орындаушы ғана емес, терең білімді Шәкәрімтанушы, әрбір әннің шығу тарихын, туу себебін тыңдаушыға жете түсіндіре алатын тамаша насихатшы. «Шәкәрімнің музыкалық мұрасы» және «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» атты лекция-концерттерімен кең байтақ елімізді еркін аралап жүр.

Келденбай - бүкіл республикада Шәкәрім әндерінің бірден бір орындаушысы.

Шәкәрім әндерінің ноталық негізін алғаш қағазға түсірген Талиға Бекхожина болса, олардың түпнұсқаға ең жақын орындаушысы Ниязбек Алдажаровтан кейін – Келденбай. Бұл шындықты Шәкір , Ниязбек, Ахаттардың өздері мойындап, ақ батасын берген. Ниязбек ағасы: «Шәкәрімді енді саған сеніп тапсыруға болады,» - деп әншінің маңдайынан сүйген.

Әншінің 25 әні Ілия Жақановтың редакторлығымен шыққалы жатқан лазерлі дискілі қазақ әндерінің антологиясына енді. Бұл үлкен жетістік.

Келденбай Өлмесеков Республикалық Әміре Қашаубаев атындағы халық әндерін орындаушылар конкурысының лауреаты, (1980 ж)

Алматыда өткен музыкалық–зерттеушілер конкурсының дипломанты (1990 ж)

Алматыда Шәкәрімнің 140 жылдығына арналған К.Өлмесековтыңжеке шығармашылық кеші өтті. (1998 ж)

Қазақстанның өнеріне сіңірген еңбегі үшін, 2001 ж. Қазақстан Республикасы Президнтінің граматасымен, «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталды.




8 маусым

«Алтайалтын» комбинатының ірге тасы

қаланғанына 80 жыл (1933)
Семей өңірінде алтын өндіретін ежелгі кәсіпорындардың бірі «Алтайалтын» кен-байыту комбинатына 2003 жылы 75 жыл толады. Еліміздегі ең ірі алтын кәсіпорнының даму тарихына келсек, 1933 жылы маусым айында бұрынғы КСРО өнеркәсіп наркомы С.Орджоникидзенің бұйрығымен кен-байыту комбинатын құру туралы қаулы қабылданды. Міне, содан бері Семей өңірінде бірқатар алтын кеніштері ашылды. Алғашқы кезде жер қойнауынан 25-30 метрлік, кейіннен 100 метрлік тереңдіктен алтын алынды. Кейінгі жылдары 300-500 метрлік тереңдіктен алтын өндірілді. 1950 жылдары Бақыршық, Еспе кеніштері ашылса, 70-80 жылдары Құсмұрын мен Семейтаудан және Абыралы, Шұбартау, Жаңасемей аудандарынан алтын өндіріле бастады.

1985 жылы «Алтайалтын» кен-байыту комбинатынан Бақыршық және Ақбақай кен-байыту комбинаттары бөлініп шықты. 2000 жылы «Алел» фирмасы сульфид кенінен алғашқы таза алтын өндіруге қол жеткізді. Онда кен байыту фабрикасының жүйелері бар зауыт, сарбция цехы, қоймалар және «Алтын бөлме» ыңғайына қарай орналастырылған. Барлауға қарағанда жер астында 40 тонна алтын бар екнеі анықталып отыр. Семейдің іргесінен алтын-кені концентратын өңдеумен айналысатын жаңа зауыт іске қосылды. «Аңдас алтын» ЖШС –де өз алдына жұмыс істей бастады.



Аталып өтілетін есімдер көрсеткіші:


Алтынбаев Қ.

-

Әбдіков Т.

-

Әбдіқадыров Қ.

-

Әбдірашев Ж.

-

Әбішев Ә

-

Әміренов Т.

-

Әуезов М.О.

-

Әуезов М.М.

-

Баймұратов Н.

-

Байсеитов Р.

-

Байтұрсынов А.

-

Бейсенова Ш.

-

Бердіқұлов С.

-

Белослюдов В.

-

Бердібай Р.

-

Борозенцев С.Н.

-

Дәстенов Ж.

-

Досжан Д.

-

Ерсәлімұлы Б.

-

Исабеков Д.

-

Жақып Б.


-



Жылысбаев Б.

-

Кәкішев Т

-

Қабанбаев М.

-

Қайсенов Қ.

-

Қозбағаров А.

-

Мәуленов С.

-

Мәмбетов Ә.

-

Мусин М.

-

Мұртаза Ш.

-

Мұхаметқалиқызы А.

-

Өлмесеков К.

-

Нұршайықов Ә.

-

Римова Б.

-

Сыбанов Б.

-

Тілеужанұлы З.

-

Төлебаев М.

-

Чистяков М.И.

-

Шәріпов Ә.

-

Ядринцев Н.М.

-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет