Биохимия кафедрасы



бет3/4
Дата05.10.2022
өлшемі0.79 Mb.
#461996
1   2   3   4
2-ñàáà? Í?ðóûç ?àñèåòòåð³

Шаперондардың қасиеттері:

  • бактериядан бастап адамға дейінгі барлық тірі организмде бар;
  • көптеген шаперондар «термошоктық нәруыздар» деп аталады;

  • 3) шаперондар негізінен полипептидтердің гидрофобты аймақтарын байланыстырады;
    4) шаперондар полипептидтердің ЭПР-нан шығуын бақылайды;
    5)шаперондардың көпшілігі АТФ-азалық активтілікке ие;
    6)шаперондар цитоплазмада, митохондрияларда кездеседі.

Денатурация


Нәруыздардың биологиялық
белсенділігінің және қасиеттерінің жойылып, құрылымының өзгеруі денатурация деп аталады.

Денатурация


Денатурациялаушы агенттер:
  • температураның 42°С-тан жоғарылауы (сутектік және гидрофобтық байланыстарды үзеді);
  • қышқылдар мен негіздер нәруыз зарядын өзгертіп, полярлы байланыстарға әсер етеді;

Денатурациялаушы агенттер:

  • органикалық еріткіштер гидрофобтық байланысқа әсер етеді;
  • мочевина және гуанидин сутектік байланысты үзеді;
  • ауыр металдың тұздары нәруыз молекуласының зарядын өзгертеді;
  • ультракүлгін сәуле;
  • тиолды қосылыстар дисульфидті көпіршелерді үзеді.

Денатурацияланған нәруыз фермент әсерінен оңай ыдырайды, себебі пептидтік байланыспен ферменттің жанасу аймақтары ұлғаяды. Денатурациялаушы агенттің әсерін тоқтатқанда немесе концентрациясын азайтқанда, нәруыз өзінің активті күйіне қайта келеді, бұл ренатурация деп аталады.

Тұнбаға түсу реакциялары:


Нәруыз заряды жойылса, гидратты қабатынан айырылып, нәруыздардың ерігіштігі нашарлап, тұнбаға түседі. Нәруыздардың зарядын нейтралдайтын заттар:
  • ауыр металл тұздары - CuSO4, AgNO3, (CH3COO)2Pb,
  • алкалоидты реактивтер – пикрин қышқылы, танин, фенол, т.б.

Тұнбаға түсу реакциялары:


Гидратты қабатқа әсер етіп, дегидратациялайтын заттар:
  • концентрлі органикалық (үшхлорлысірке қышқылы, сульфосалицил қышқылы);
  • концентрлі бейорганикалық қышқылдар (HNO3.; HCl; H2SO4)

Нәруыздардың нейтрал тұздар (NH4)2 SO4) әсерінен тұнбаға түсу процесі тұздалу деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет