Биохимия пәні бойынша зертханалық жұмыстар орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар


Зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар



бет19/35
Дата20.10.2023
өлшемі0.8 Mb.
#481293
түріНұсқаулар
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35
МУ БИОХИМИЯ КАЗ

Зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:
1.Ферментативті реакция жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді?
2. Ферментативті реакция жылдамдығы температураға қалай тәуелді? Температуралық оптимум дегеніміз не?
3.Сілекей амилазасы үшін қай температура оңтайлы болып табылады?
4.Неліктен жоғары температура ферменттердің белсенділігін төмендетеді?

9 Зертханалық жұмыс


Тақырыбы: ОРТАНЫҢ рН –НЫҢ ФЕРМЕНТТЕР
БЕЛСЕНДІЛІГІНЕ ӘСЕРІ


Жұмыстың мақсаты: Сілекей амилазасы ферментінің белсенділігіне ортаның рН-ының әсерін эксперимент жүзінде зерттеу.
Жалпы мағлұматтар

Әрбір фермент үшін, ол максималды белсенділік танытатын ортаның рН –ының оңтайлы мәні болады. Ортаның рН-ы субстраттың және фермент-субстратты кешеннің иондану дәрежесіне әсерін тигізеді. Сондай-ақ ортаның рН-ы ақуыз-ферменттің күйіне үлкен әсер етеді, ол ақуыз молекуласының үшіншілік құрылымынан көрініс табады. Себебі, ақуыз-ферменттің үшіншілік құрылымы фермент-субстратты кешеннің түзілуі үшін қажет. Ферменттің катализдік белсенділігінің ортаның рН-ына тәуелділігі мына қисықпен өрнектеледі:


V



рН
7


Зертханалық жұмысты орындау тәртібі
Құрал-жабдықтар, реактивтер. Су моншасы; термометр; сынауықтар; фарфор тілімше; 50 мл-лік бюреткалар (2 дана); 1 мл-лік тамшуырлар (2 дана); шыны таяқшалар (4 дана); сұйытылған сілекей; 1/15М калий дигидрофосфаты мен 1/15М натрий гидрофосфаты; 0,5%-дық крахмал; 3%-дық калий йодидіндегі 0,3%-дық йод.
рН -тың белгілі мәндері болатын ерітінділер қатарын фосфаттық буферді пайдаланып алады. Екі бюретканы 1/15М натрий дигидрофосфаты мен 1/15М калий гидро­фосфатының ерітінділерімен толтырады. Ерітінділерді бір-бірімен белгілі бір қатынастарда, яғни әрбір сынауықта 5 мл-ден рН шамасы 5,59; 6,98; 7,38; 8,04 болатын буферлік қоспалар алатындай етіп, араластырады. Төрт сынауықтың әрқайсысына 1 мл-ден 0,5%-дық крахмал ерітіндісін, 1 мл-ден 10 есе сұйытылған сілекей қосады да, ішіндегілерді шыны таяқшаның көмегімен әбден араластырады. Әрі қарай шыны таяша салынған күйде барлық сынауықтарды 40°С -қа дейін қыздырылған су моншасына орналастырады. 3-5 мин өткеннен кейін барлық сынауықтардан шыны таяқшамен фарфор тілімшесіне қоспаның бір тамшысын алып, алдын ала тамызылған йод тамшысының жанына тамызады. Тамшыларды қосып араластырады, егер зерттеліп отырған сынамалардың йодпен түсінде айырмашылық байқалса, сынауықтарды су моншасынан алады да, салқындатып барып 3-4 тамшы калий йодидіндегі йод ерітіндісін қосады. Фарфор тілімшесіне тамызылған сынамалардың йодпен түстерінде айтарлықтай айырмашылық байқалмаса, сынауықтарды тағы да су моншасында бірнеше мин ұстайды. Содан соң тағы фарфор тілімшелерінде йодпен крахмалдың ыдырау дәрежесіне сынама жүргізеді. Бұл операцияны сынамалардың йодпен түсінде айтарлықтай ығысу байқалғанша қайталай береді
Барлық сынамалардың инкубациясын қосылған йод қатысында жалғастыра береді, олардың әрқайсысы үшін көк түстің жойылу уақытын белгілейді (амилолитикалық ыдыраудың соңы). Алынған нәтижелерді гафик түрінде өрнектейді: абсцисса осіне тәжірибенің рН -ын, ал ордината осіне — сәйкес рН мәндеріндегі крахмалдың ыдырау уақытын салады. Нүктелерді түзумен қосып, ферменттің белсенділігінің ортаның рН мәніне тәуелділігін сипаттайтын қисық алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет