Биохимия пәні бойынша зертханалық жұмыстар орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар


«ӘЛСІЗ БАЙЛАНЫСҚАН КҮКІРТКЕ» РЕАКЦИЯ



бет8/35
Дата20.10.2023
өлшемі0.8 Mb.
#481293
түріНұсқаулар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
МУ БИОХИМИЯ КАЗ

«ӘЛСІЗ БАЙЛАНЫСҚАН КҮКІРТКЕ» РЕАКЦИЯ

Сынауыққа 1 мл сұйытылмаған ақуыз құяды, екі есе көлем концентрленген сілті ерітіндісін қосып, бірнеше түйір қайнатқыштар салады да, қоспаны қайнатады (сақ болыңдар, сұйық асып төгілуі мүмкін!). Сол уақытта иісінен немесе сынауықтың аузына ұстаған (қабырғасына тигізбеу керек!) суланған лакмус қағазының көгеруінен білуге болатын аммиак бөлінеді. Түзілген болмашы тұнба қайнату барысында еріп кетеді.


Ыстық сілтілік сұйыққа натрий плюмбитінің ерітіндісін құяды, сары-қоңыр немесе қара бояу түзіледі.
Сілтілердің әсерінен ақуыздар пептидтік байланыстары бойынша ішінара гидролизге ұшырайды да, сілтілік альбуминаттарға айналады. Сонымен қатар амин топтарының аммиак түрінде ішінара үзілуі (дезаминделу реакциясы) байқалады. Ақуыз молекуласында күкірті бар амин қышқылдары (цистин, цистеин) болса, сол қышқылдардан біртіндеп күкірт те тотығу дәрежесі +2 иондар түрінде үзіледі. Оның түзілгенін ауыр металдардың иондарының көмегімен, мысалы күкірт иондарымен қара түсті ерімейтін қорғасын сульфидін түзетін қорғасын иондарымен, анықтауға болады.
P b(NO3)2 + 2NaOH Pb(OH)2 + 2NaNO3
P b(OH)2 + 2NaOH Na2PbO2 + H2O
Na2PbO2 + H2S PbS + 2NaOH
Зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:
1. Нәруыздарға анықтама бер. Олардың элементтік құрамы қандай?
2. Нәруыздардың аминқышқылдық құрамы қандай?
3.Нәруыздарға қандай құрылым түрлері тән?
4.Нәруыздардың құрамындағы аминқышқылдарын қандай түсті реакциялардың көмегімен анықтауға болады?
5.Нәруыз құрамына кіретін ылғи кездесетін аминқышқылдарын ата.
6.Нәруыз ағзада қандай қызметтер атқарады?
4 Зертханалық жұмыс


Тақырыбы: АҚУЫЗДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ҚАСИЕТТЕРІ.
АҚУЫЗДАРДЫ ТҰНДЫРУ РЕАКЦИЯЛАРЫ
Жұмыстың мақсаты: Нәруыздарды қандай реагенттердің көмегімен тұндыруға болатынын анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет