Биохимия пәні бойынша зертханалық жұмыстар орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар



бет22/35
Дата20.10.2023
өлшемі0.8 Mb.
#481293
түріНұсқаулар
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35
МУ БИОХИМИЯ КАЗ

КАТАЛАЗАНЫ АНЫҚТАУ
(А.Н. БАХ ПЕН А.И. ОПАРИН БОЙЫНША)


Құрал-жабдықтар, реактивтер. 50 мл-лік бюреткалар (2 да-на); 5, 20 және 25 мл-лік тамшуырлар; 10 және 25 мл-ге цилиндрлер; 100 мл-лік өлшегіш колба; 200 мл-лік (2 дана) жазық табанды колбалар; форфор үккіш; кварц құмы; таза өсімдік материалы (сәбіз немесе кәртөп); 0,1 н калий перманганаты; 10%-дық күкірт қышқылы; кальций карбонаты; 0,1 н. сутегінің асқын тотығы.
2 г шикі картопті (немесе сәбізді) үккіште 2-3 мл суды біртіндеп қосып отырып, кварц ұнтағымен жаныштайды. Қышқыл реакцияны азайту үшін қалақшаның ұшымен, көмір қышқыл газінің көпіршектерінің бөлінуі тоқтағанша, кальций карбонатын қосады. Ұнтақталған массаны барынша түгелдей етіп өлшегіш колбаға аударады да, 100 мл-ге дейін сумен толтырады. Қоспаны 30-60 мин бойы қойып, содан соң сүзеді. 200 мл-лік конустық колбаға тамшуырмен 25 мл 0,1 н сутек асқын тотығының ерітіндісін алады және сонда тамшуырмен 20 мл фермент тартындысын қосады. 30 минуттан кейін ферменттің әсерін тоқтату үшін 5 мл 10%-дық күкірт қышқылының ерітіндісін құйып, қоспаны калий перманганатының 0,1 н ерітіндісімен титрлейді (шамамен 1 мин бойы тұрақты болатын қызғылт түс түзілгенше). Қалған сутектің асқын тотығын титрлеуге жұмсалған калий перманганаты ерітіндісінің мл мөлшерін белгілейді. Бір мезгілде 20 мл фермент ерітіндісімен қайнаған су моншасында 5 мин бойы инактивтілеу қыздырумен бақылау қояды. Бұл ерітіндіге салқындатқаннан кейін 25 мл 0,1 н сутегінің асқын тотығының ерітіндісін қосады. Қоспаға, 30 мин тұрғаннан кейін, 5 мл 10%-дық күкірт қышқылының ерітіндісін қосады да, 0,1 н калий перманганатының ерітіндісімен титрлейді. Сутегінің асқын тотығының барлық мөлшерін титрлеуге кеткен калий перманганаты ерітіндісінің мл мөлшерін белгілейді. Тәжірибелік және бақылаулық титрлеулердің айырмасы бойынша фермент ыдыратқан сутегінің асқын тотығының мөлшеріне эквивалент болатын калий перманганатының мөлшерін анықтайды.
Фермент ыдыратқан сутегінің асқын тотығының мөлшерін есептеуді мына теңдеуге сәйкес жүргізеді:
2О2 + 2КМnO4 + 3H2SO4 2MnSO4 + K2SO4+5O2 + 8Н2О
бұған сәйкес 1 мл 0,1 н калий перманганатының ерітіндісі 1,7 мг сутегінің асқын тотығына тең келеді.
Есептеу үлгісі: 1,25 г сәбізден 100 мл көлемде каталаза тартындысы дайындалды: тәжірибелік сынаманы титрлеуге 15,5 мл, бақылаулыққа — 30,2 мл 0,1 н калий перманганаты ерітіндісі жұмсалды. Сынамада ыдыратылған сутек асқын тотығы (30,2-15,5) 14,7 мл 0,1 н калий перманганатының ерітіндісіне эквивалентті, яғни (14,7-1,7) 24,99 мг тең. 1 г шикі сәбізде болатын каталаза мөлшері 30 минутта 99,96 мг сутек асқын тотығын ыдыратуға қабілетті, ал 1 минутта—(99,96:30) 3,33 мг ыдыратады. 1 мкмоль сутек асқын тотығы 0,034 мг деп алсақ, онда 1 г сәбізде (3,33:0,034) 100 E каталаза болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет