Өсімдік материалынан экстракт дайындау
Зерттелетін материалды (кәртөп, сәбіз) ұсақ бөлшектерге кеседі. 10 г материалды жаныштағышқа салып, аздаған үлестермен сұйық ботка түзілгенше 4%-дық метафосфор қышқылының ерітіндісін қосып отырып, кварц құмымен бірге езгілейді. Қоспаны түгел 100 мл-лік өлшегіш колбаға аударады. Жаныштағышты 4%-дық метафосфор қышқылының ерітіндісімен жуып, сол өлшегіш колбаға құяды. Барлық 50 мл метафосфор қышқылының жұмсалуын қадағалайды (оның соңғы концентрациясы 2% болу керек; метафосфор қышқылы болмаған жағдайда, оны соңғы концентрациясы 2,5% болатын 5%-дық тұз қышқылының ерітіндісімен алмастырады). Содан соң өлшегіш колбаның ішіндегіні дистилденген сумен белгісіне дейін жеткізеді, жақсылап араластырады және қатпарлы сүзіден өткізіп сүзеді немесе центрифугалайды. Алынған ерітінді мүлде мөлдір болу керек.
Экстрактағы аскорбин қышқылының мөлшерін анықтау
50 мл-лік екі конустық колбаның әрқайсысына өсімдік материалынан алынған экстрактан тамшуырмен 10 мл құяды. Бір сынамадағы С дәруменін бірнеше тамшы сутегінің асқын тотығының қатысында қайнату арқылы бұзады. Колбалардың ішіндегілерді 2.6-дихлорфенолиндофенол ерітіндісімен титрлейді. Экстракта С дәрумені болған жағдайда ерітінді түссізденеді, индикаторды әрі қарай қоса берсе, ол қызғылт түске боялады, сынамадағы аскорбин қышқылының бәрі тотығып кеткендіктен, бояу енді қалпына келмейді. С дәрумені бұзылған сынамада индикатордың бірнеше тамшысын тамызғаннан-ақ қызғылт түс пайда болады. Титрлеудің нәтижелерін жазып алады және жұмысты сол экстракттың жаңа үлесімен қайта қайталайды. 2-3 анықтаудан алынған титрлеудің орташа шамасының негізінде С дәруменінің мөлшерін формуламен есептейді:
мұндағы с — аскорбин қышқылының мөлшері (мг %); Т — аскорбин қышқылының миллиграмдарындағы 2,6- дихлорфенолиндофенолдың титрі (жоғарыдан қара); V — экстракт көлемі (мл); а — зерттелетін материалдың массасы (г); V1 — реагенттің титрлеуге кеткен көлемі (мл); V2 — титрленетін ерітіндінің көлемі (мл).
Нәтижесінде зерттелген өнімнің 100 г-дағы С дәруменінің миллиграммен алынған мөлшері табылады. Бұл әдіспен аскорбин қышқылының тек қана тотықсызданған қалыбын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |