Биология 8 – сынып Ас қорыту жүйесі



Дата09.06.2016
өлшемі0.68 Mb.
#124937
түріСабақ
Шиелі аудандық білім бөлімі

\ №148 қазақ орта мектебі



Биология

8 – сынып
Ас қорыту жүйесі

2011 жыл

Қызылорда облысы, Шиелі аудандық білім бөлімі

әдістемелік кеңесінде қаралып, басып шығаруға ұсынылды

№148 қазақ орта мектебінің биология пәнінің

мұғалімі Ағыбаева Бағиланың

іс-тәжірибесінен әдістемелік құрал ретінде шығарылды.

Бұл әдістемелік құралда жалпы білім беретін мектептегі 8 сыныптарда

биология пәнінен модульдік оқыту технологиясы бойынша

мұғалімнің сабақ өткізу технологиясы жазылған.



Ас қорыту жүйесі


Құрылымы

Сабақ

саны


Сабақ мазмұны мен түрі

Минут саны

Кіріспе

1 - сабақ


Модуль құрылымымен, мақсатымен, міндетін түсіндіру.

Ас қорыту жүйесі /баяндама /

Тірек-сызбаны көшіру.

Қорытындылау. Үйге тапсырма.


5

20



10

10


Диалог

2 - сабақ


Сабақты меңгерту.

Оқулықпен жеке жұмыс.

Қорытындылау.Үйге тапсырма

35

10



3 - сабақ

Тақырыпты дамыту.

Жұбымен жұмыс

Зертханалық жұмыс

Қорытындылау.Үйге тапсырма


20

15



10

4 – сабақ

Тақырыпты пысықтау.қорытындылау.

Деңгейлік тапсырмалар

Қорытындылау Үйге тапсырама

40

5



5 – сабақ

Тақырыпты бекіту.

Конференция сабақ

Қорытындылау .Үйге тапсырма

40

5



Қорытынды

6 - сабақ

Тест.

Сынақ.


15

30



Оқушы нені білу керек.

  • Ас қорыту жүйесінің құрылысы мен маңызы.

  • А қорыту жүйесін зерттеудегі негізгі әдістер.

  • Ас қорыту бездері.

  • Қарын сөлінің құрамы мен қасиеті, оның бөліну механизмін және заттың сіңірілуі.

  • Асқазан аурулары, оның белгілері

  • Тамақтану гигиенасы

Оқушылар істей білу керек

  • Ас қорыту жүйесінің және ферменттерінің қызметтерін аша білу керек.

  • Таблицадан ас қорыту жүйесін көрсете білу.

  • Сілекей бөліну механизмін, жұту, қарын сөлінің бөлінуі.

Тараудағы негізгі түсініктер мен терминдер кенеулі заттар, ас қорытылу, рентгенография, эндоскопия, күрек тіс, азу тіс, иттіс, кіреуке, дентин, тіс мойыны, сауыты, түбірі, сілекей бездері, лизоцин, муцин, птиалин, қарын сөлі, бауыр, өт, ұйқы безі, аш ішек, тоқ ішек.

Кіріспе бөлімі
1 сабақ. Ас қорыту жүйесі.

  1. Баяндама. Баяндама бастамас бұрын мұғалім проблемалық сұрақтар береді:

  1. Неге сорпаны инемен қанға бірден жіберсек адам өліп кетуі мүмкін, сол ас қорыту жүйесі арқылы барса зиянсыз, қанға өзі сіңіріледі?

  2. Ас қорыту жолында қорек қандай өзгеріске түседі?

  3. Ауызда сөл болмаса, неге жұта алмаймыз?

  4. Ауру тісі бар адамның асқазаны неге ауырады?

  5. Ішек таяқшасының ағза үшін қандай пайдасы бар?

Сұрақ бірлесе отырып талқыланады. Ас қорыту - өте күрделі, ол ас қорыту жолынан және бездерден құралады.

Ас қорыту деп кенеулі заттардың күрделі түрінен жай, суда еритін қанның құрамына жеңіл өте алатын күйіне айналуын айтады.



Ас қорыту мүшелерінің міндеті :

  1. Қоректі заттарды ұсақтау

  2. Ас ботқасын ас қорыту жолымен қозғалту

  3. Ас қорыту ферменттерін жасау.

  4. Қорытылмаған ас қалдығын сыртқа шығару

  5. Ақуыз, май, көмірсу, минералды заттар мен суды сіңіру.

Астың қорытылуы ауыз қуысынан басталады, онда ас сілекеймен шыланып тіспен ұсақталады. Адамда 32 тіс бар. /Тірек-сызба арқылы түсіндіріледі/. Ауыз қуысына тәулігіне 1,5-2 л дейін сілекей бөлінеді. Оның құрамында көмірсуды ыдырататын, залалсыздандыратын ферменттер/ птиалин, муцин, лизоцим / болады. Ауыз қуысынан ас жұтқыншақ арқылы өңешке, одан соң қарынға түседі де қорытыла бастайды. Қарында ас 4-8 сағатқа дейін болады, оның сыйымдылығы 1,5-3 литрге дейін қарындағы көптеген бездер қарын сөлін бөледі. Оның құрамында пепсин ферменті, оның қызметін күшейтетін тұз қышқылы болады. Сөл бөліну орталығы сопақша мида болады. Шала қорытылған ас ботқасы қарыннан аш ішекке біртіндеп, аз-аздап өтіп отырады. Аш ішектің ұзындығы 5-6 м. Оның басты бөлімі ұлтабар ұшы деп аталады. /12елі/. Ұлтабар ұшына бауыр мен ұйқы безінің сөл шығару өзектері ашылады. Бауырдан бөлінетін өттің әсерінен май ұсақ тамшыларға ыдырайды. Бауыр- мүшелердің тіршілігінен пайда болған ағзадағы улы заттарды залалсыздандырып отырады. Ұйқы безі мөлдір сөл бөледі. Онда сілтілі орта болып, ас қорытылуы ұлтабар ұшында аяқталады. Қоймалжың ас ботқасы аш ішектің келесі бөліміне түсіп соңғы қорытылуға түседі. Бұл қорытылу аш ішектен бөлінетін сөлдердің әсерінен болады. Ішек сөлі кенеулі заттарды ерігіш күйіне айналдырады. Аш ішекте асты кедір-бұдырлы бүрлермен қапталған. Бүрлердің астында қылтамырлар мен лимфа тамырлары орналасады. Олар арқылы ақуыз бен көмірсу қанға, май лимфаға өтеді.

Аш ішекте қорытылмаған заттар тоқ ішекке өтіп, ондағы су қантамырлары арқылы қанға өтеді. Тоқ ішектің басқа бөлігі тұйықталып бүйен деп аталады да, құрт тәрізді өсінді-соқырішек түзеді. Соқырішекте бактериялар көп болады. Ішек таяқшасы ауру тудыратын бактериялардың көбеюіне кедергі жасайды, ағзаға қажет кейбір витаминдердің түзілуіне қатысады.



Ас қорыту жолын тексеру әдістері

  • Зондылау- резина түтікшені қарынға және ұлтабар ұшына енгізу.

  • Рентгенография , УЗИ

  • Эндоскопия – оптикалық прибор енгізу.

Тұрып қалған ас, қайнамаған су, жеке бас гигиенасын сақтамаған жағдайда ішек-қарын ауруларына душар болады.

Қорытындылау. Үйге тапсырма § 44- §49 тірек-сызбаны жаттау.

Тарау бойынша берілетін шығармашылық жұмыс тақырыптары

  1. Ас қорытуды зерттеудегі Павловтың әдісі

  2. Ас қорыту жүйесіне кері әсер ететін жағдайлар

  3. Бауыр – ағзаны құтқарушы

  4. Тамақтану гигиенасы / тәбет, диета, пайдалы тағам /

  5. Ішек қарын аурулары және олардың алдын алу.

Асқорыту мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу жолдары

 

Асқазан-ішек аурулары. Сапасы төмен және көп тұрып бүліне бастаған азық-түліктерді пайдалану тамақтан улануға соқтыруы мүмкін. Мұндай жағдай көбіне тұрып қалған шұжықтарды, консервілерді, улы саңырауқұлақтарды пайдалану кезінде байқалады.

Асқазан-ішек аурулары кейде ауру қоздырғыш микробтар арқылы таралады. Ондай микробтар қайнамаған су ішкенде, таза жуылмаған көкөністер мен жемістерді жегенде ағзаға түседі. Таза жуылмаған ыдыстарды пайдаланғанда немесе қолды таза жумаған кезде микробтар ағзаға түсуі мүмкін. Ішекке түскен микробтар тез көбейіп, өздерінен улы заттар бөледі де, ағзаны улайды. Асқазан мен ішектің қауіпті ауруларына – дизентерия (қантышқақ), іш сүзегі, тырысқақ және т.б. аурулар жатады. Бұл аурулардың көпшілігінде дене қызуы көтеріледі, құсады, ішек қызметі бұзылып, іш өтеді. Бұл кезде адам өздігінен емделмеуі тиіс. Ауру белгілері біліне бастағаннан-ақ дәрігерге көріну қажет.

Кейбір ауру қоздырушы микробтар көбіне сілекейдің, қарын сөлінің, өттің әсерінен тіршілігін жояды. Тіршілікке ерекше бейім микробтар ішекке түсуі де мүмкін. Мұндай микробқа тырысқақ ауруының қоздырғышы – тырысқақ вибрионын жатқызуға болады. Оның пішіні үтірге ұқсас. Ол сулы ортада ұзақ уақыт тіршілік етуге әбден бейімделген және тіршілігін ұзақ уақыт жоймайды. Тырысқақ вибрионына хлорлы ізбес тез әсер етеді. Сондықтан да тырысқақ індеті таралған жерде алдымен қолды сабынмен жуады. Одан кейін арнайы дезинфекциялық ерітіндімен қолды шайып, артынан таза сумен жуады. Тырысқақ ауруының микробтары аш ішекті, дизентерия микробтары тоқ ішекті зақымдайды.

Ішек-қарын ауруларын көбіне тағам қалдықтарымен қоректенетін шыбындар, таракандар таратады. Олар тағамдарды әр түрлі ауру қоздырғыш микробтармен, ішек құрттарының жұмыртқаларымен ластайды. Сондықтан да тағамдарды тоңазытқышта, арнайы ыдыстарда, қораптарда сақтау керек. Жәндіктердің жаппай көбеймеуі үшін пәтерлерде, үйлерде, аулаларда гигиеналық ережелерді қатаң сақтау қажет.

Ішек-құрт аурулары. Адам ағзасында пішіні мен мөлшері түрліше ішек құрттары тіршілік етуі мүмкін. Ішек құрттарының көпшілігі жабайы және үй жануарларының ішкі мүшелерінде тіршілік етеді. Ішек құрттары өз иелеріндегі дайын тағамдық заттармен қоректеніп, у бөледі. Бөлінген у ағзаны улап түрлі ауруға шалдықтырады. Ішек құрттарымен зақымданған ауруларға тән белгілер: тез шаршайды, басы ауырады, лоқсиды, құсады. Кейде қаназдық ауруына да шалдығуы мүмкін. Ішек құрт аурулары кейде сырттай білінбегенімен, адам ағзасына көп нұқсан келтіреді.

Адам ағзасы көбіне таспақұрттар, аскарида, қылқұрттар, эхинококкпен зақымданатыны сендерге жануартанудан таныс. Ішек құрттар өте өсімтал келеді. Олардың жұмыртқалары көбіне шыбындар арқылы таралады. Қолды таза жумау, көкөністер мен жемістерді жумай жеу де ішек құрттарының таралуына себеп болады. Ішек құрттары жабайы және үй жануарлары арқылы да таралады. Етті, балықты шала пісірген кезде де, ішек құрттары тіршілігін жоймайды. Балаларда қылқұрттар кір қол, тырнақтары, лас киім, төсек-орын арқылы таралады.

Ішек құрттарынан сақтану үшін әрбір адам өзінің жеке басының тазалығына зор мән беру қажет. Сонымен бірге көпшілік орындарда (мектепте, аулада және т.б.) да гигиеналық талаптар қатаң сақталуы тиіс.

Тағамнан улану. Тағаммен улану тез арада байқалады. Тамақпен уланудың басты белгілері: іш ауырады, лоқсиды, құсады, іш өтеді, жалпы әлсіздік байқалады. Кейде адамның дене қызуы көтеріледі.

Тамақпен уланған кезде алғашқы көрсетілетін жедел жәрдем – ішекті, қарынды жуып тазалау. Ішті тазалау үшін жылы суға ас содасын (кейде марганцовка ерітіндісін) қосып ішкізеді. Бұл кезде бір стақан суға толық бір шай қасық ас содасы араластырылады. Ішті тазалауды бірнеше рет қайталау керек. Іш тазаланғаннан кейін ауру адамға қою шай беріп, төсекке жатқызады.

Тамақтан уланудан сақтану үшін: тағамдық заттарды көбіне тоңазытқышта ұстау; жылы жерде сақталған шұжық, қалбырлы ыдыстағы консервілерді пайдаланбау керек.

Кейде білместіктен улы саңырауқұлақтар жинап пайдалану да улануға себеп болады. Сондықтан да саңырауқұлақ жинағанда өте абай болу керек. Жеуге жарайтын саңырауқұлақтарды алдымен тазалап алып, жуып содан кейін қайнатады. Қайнатылғаннан кейін ғана қуыруға, тұздауға болады.

Балалар кейде білмей улы өсімдіктердің тұқымдары мен жемістерін жеп улануы да мүмкін. Сондықтан да өздеріңе таныс емес өсімдіктердің жемістерін жеуден сақтаныңдар!

Дұрыс тамақтану және денсаулық. Дұрыс тамақтана білу де денсаулықтың басты шарты. Адам дұрыс тамақтанған кезде ғана ағзасына қажетті тағамдық заттарды толық пайдаланады.

Адам пайдаланатын тағам әр түрлі, әрі қуаты мол нәрлі болуы қажет. Тағамның құрамында өсімдіктекті де, жануартекті де азық-түлік өнімдері болуы шарт. Тамақты дұрыс пайдалану туралы ғылым – диетология деп аталады.

Асқорыту сөлдерінің дұрыс бөлінуіне жеміс-жидектер, көкөністер, жеміс шырындары, сұйық тағамдар әсер етеді.

Ұзақ өмір сүрушілердің басты себептері де дұрыс тамақтана білумен тікелей байланысты.



Тамақтану ережесі. Адам күнделікті бір мезгілде тамақтануға дағдылануы тиіс. Мұндай дағдыға үйренген адамда асқорыту сөлдері дер кезінде бөлініп, тағам тез қорытылады әрі жылдам сіңеді.

Күніне төрт рет тамақтануға дағдыланған дұрыс. Бұл ережені өсіп келе жатқан балалар мен жасөспірімдер есте ұстағаны жөн. Ал ересектер күніне үш рет тамақтана беруіне де болады.

 

Қазіргі кезде тамақты тәулік ішінде ішу мөлшеріне көзқарас өзгеріп отыр. Бұрын тәулік ішінде пайдаланатын тағамның көбірек мөлшері таңертеңгі және түскі астың үлесіне сәйкес келетін. Қазіргі кезде атқарылатын жұмыстардың көпшілігі механикаландырылған және автоматтандырылған. Сондықтан да көп жұмыстарды атқаруда дене еңбегінің қатысуы, яғни энергияны жұмсау азайып отыр. Осыған орай, көпшілік диетолог ғалымдар жұмыс уақытында тойып тамақ ішудің тиімді еместігін ескертеді. Тойып тамақтанған адамдардың асқорыту мүшелерінің қарқынды жұмыс істеуіне сәйкес, оларға қан көп келеді. Оның есесіне миға қан аз келеді де, адамның ұйқысы келеді. Осы арқылы мидың жұмыс істеу қабілеті төмендейді. Ғалымдар осыны ескере отырып, тәуліктегі төрт рет тамақтанудың мынадай ережесін ұсынады. Бір күн ішінде пайдаланатын тамақ калориясының 20% таңертеңгілік, 20% кешкі астың үлесі болуы тиіс. Ал, сәскелік және түскі астың әрқайсысына 30% үлестен келу керек деп есептейді. Тәулік ішінде пайдаланатын жалпы тағамдар құрамында 15% нәруыздар, 30% майлар, 55% көмірсулар болғаны тиімді.



Әрбір ас ішудің арасын созып алу асқазан ауруларына шалдықтыруы мүмкін. Тамақты сылқия тойып ішу де зиянды. Кешкі асты ұйықтаудан 2 сағат бұрын ішкен дұрыс.

 

Әрбір ас ішудің алдында мұқият түрде қолды сабынмен жуу керек. Тамақтанған кезде, асықпай асты толық шайнап жұтудың да пайдасы зор. Тамақтанып отырған кезде сөйлеу, радио тыңдау, телевизор көру және т.б. қажет емес.



Пайдаланатын тағам өте ыстық немесе өте салқын болмауы тиіс. Ащы тағамдарды көп пайдалану да зиянды. Тамақтанып болған соң ауызды шайып, тісті тазалап, қолды сабынмен жууды да ұмытпаңдар!

 

Тәуліктік қажетті тағамның орташа мөлшері

 


Жеке топтардағы адамдарға қажетті тағамдық заттар

Тағамның құрамындағы заттар

Дене еңбегін қажет етпейтін мамандар

Аздап дене еңбегін қажет ететін мамандар

Дене еңбегін едәуір қажет ететін мамандар

Ауыр дене еңбегін қажет ететін мамандар

Нәруыз (г есебімен)

Май (г есебімен)

Көмірсу (г есебімен)


109

106


433

122

116


491

146

134


558

163

153


631

Тағамның жалпы энергиялық бағалығы (кДж есебімен)

 

13474


 

15086


 

17270


 

 

19942



 
Ас қорыту мүшелері бойынша тірек сызбанұсқалар

Астың қорытылуы және сіңуі:

1 – үстіңгі жақ сүйегі; 2 – тіл; 3 – жұтқыншақ; 4 – сілекей бездері; 5 – астыңғы жақ сүйегі; 6 – кеңірдек; 7 – өңешке түскен ас; 8 – бауыр; 9 – асқазан (қарын); 10 – өт қабы; 11 – ұлтабар (он екі елі ішек); 12 – аш ішек; 13 – ұйқы безі; 14 – тоқ ішек; 15 – тік ішек. а) астың өңешпен жылжуы; ә) жарып көрсетілген асқазанның (қарынның) кілегейлі қабығы; б) аш ішектің кілегейлі қабығы; в) аш ішектің кілегейлі қабығындағы бүрлер





Асқорыту мүшелерінің орналасуы:

1 – бауыр; 2 – өңеш; 3 – асқазан (қарын); 4 – ұйқы безі; 5 – ұйқы безінің өзегі; 6 – ұлтабар (он екі елі ішек); 7 – өт қабының өзегі; 8 – өт қабы






Тістің құрылысы:

І – тіс сауыты; ІІ – тіс мойны; ІІІ – тіс түбірі

1 – кіреукесі (эмаль); 2 – дентин; 3 – дәнекер ұлпалы тіс пульпасы; 4 – цемент заты; 5 – тіс бекінген сүйек; 6 – қан тамырлары; 7 – жүйке талшығы






]


Тірек сызба

  1. Азық – түлік тағамдық заттар

Ағза - ұлпа, жасуша


Кенеулі заттар
1. ақуыз 2. көмірсу 3. май 4.мин.заттар 5.дәрумен

100-120г 450г 1-1,5г су, Na CI

2-2,5л 10гр.

2. Ас қорыту мүшелері :

Ауыз қуысы тіл, тіс-32, 3 сілекей безі 0,5л-2л /көмірсу/




Жұтқыншақ / жұту /


Өңеш / 25 см /






Қарын 3 л дейін 4-8 сағ.

Қарын сөлі /НСІ, пепсин,

ақуыз/ 38-390.

Қорытылу.



Ұлтабар ұшы ұйқы безі / сілтілі орта /

Бауыр / ең ірі без/ өт. у-залалсыздандырады.
Ақуыз - амин қышқылдары

Май - май қышқылдары, глицерин

Көмірсу - глюкоза

Аш ішек /5-6 м/

Бүр – сіңіру




Май лимфа

ақуыз, көмірсу ---- қанға

Тоқ ішек /2-1,5м/

Н2О сіңіреді
Тік ішек

3. Тамақтану гигиенасы :
25 % 40 % 15 % 20 %

таңертең түс сәске кеш


Тіс – күрек, ит, азу тіс. Тіс – тіс түбірі, тіс мойыны, тіс сауыты.

Тіс құрылысы – кіреуке, дентин, артерия , вена, жүйке


2 сабақ. Материалды меңгерту. Оқулықпен жеке жұмыс

Мақсаты: Ас қорыту тарауы бойынша алған білімдерін өздігінен оқып, меңгеруіне жағдай жасау.

Шарты : 1. Ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметіне арналған тапсырмалар І-ІІ вариантқа беріледі.

2. Жауап эталоны бойынша дұрыс жауабын тексеріп, өзін-өзі бағалау.

3. Бағалау парағына бағасын қою.

І вариант

Мүшелер атауы

Құрылысы

Қызметі

Ауыз қуысы

А. Тіс

Б. Тіл


В. Сілекей бездері




Жұтқыншақ







Өңеш







Қарын







Аш ішек







Тоқ ішек







ІІ вариант

Тірек-сызба жасау. Тіс құрылысы, түрлері / суретін салу/. Кітаптағы суретпен салыстырып, тексеру.

2/ І-ІІ вариант тапсырмалары ауыстырылып беріледі.

3/ Сабақты қорытындылау. «Қысқа-нұсқа» ойыны арқылы алған білімдерін білім тексеру.



  1. Ас қорыту жүйесінің маңызы

  2. Ас қорыту бездерін ата.

  3. Ас қорыту мүшелерін ата

  4. Ауыз қуысында ас қандай өзгеріске түседі.

  5. Адамда қанша тіс бар, түрлерін ата.

  6. Қарын сөлінің құрамы.

  7. Қарынның қызметі.

  8. Аш ішектің бастамасы

  9. Өт бөлетін без.

  10. Аш ішекте не сіңіріледі?

  11. Тоқ ішекте не бөлінеді?

  12. Ас қорыту жолын тексеру әдістерін ата.


Қорытындылау. Үйге тапсырма § 44- §49 тірек-сызбаны жаттау.

2 сабақ тапсырмаларының жауаптары:




Мүшелер атауы

Құрылысы

Қызметі

Ауыз


қуысы

А/ Тіс-32. күрек, ит, азу тіс

Б/ Тіл – етті мүше, дәм реңситорлар бар.

В/ Сілекей бездері өзегі ауыз қуысына ашыларды.


Асты үсақтау.

Дәм сезу және сөйлеу мүшесі. Асты шылауға, жұтуға көмектеседі.

Ауызға түскен асты шылайды, залалсыздандырады, көмірсуды ыдыратады.


Жұтқыншақ

Түтік тәрізді мүше

Асты жұтуға қатысады.


Өңеш

Түтік - 25 см

Асты қарынға апарады


Қарын

Алмұрт тәрізді 3л сыйымды-лығы бар мүше. Ішек жағы безді эпителинмен астарлан-ған,тсілемейлі. Без сөл бөледі.

Ас қорытылады.Қарын бөлінетін фермент ақуызды синтездейді, сілемейді қабақ зақымданудан қорғайды, тұз қышқылы фермент жұмысын жеделдетеді және залалсыздандырады.

Аш ішек


5-6м ұзындығы. Бауыр мен ұйқы безінен сөл бөлінеді.

/12 елі ішек/ Аш ішек безі, ішек сөлін бөледі.



  1. Ақуыз бен көмірсу соңына дейін ыдырайды.

  2. Ас сіңіріледі.

Тоқ ішек


Ұзындығы - 1,5 м ішек

  1. Су сіңіріледі.

  2. Қорытылмаған ас сыртқа шығады.

3 сабақ. Тақырыпты дамыту, пысықтау. Жұбымен жұмыс.



Мақсаты : Ас қорыту жүйесі бойынша меңгерген білімдерін дамыту, пысықтау.

Шарты : 1. І-ІІ вариантқа арналған тапсырмалар әр оқушыға беріледі.

2.Дайын жауаптар бойынша оқушылар өзін-өзі сонан соң бірін-бірі тексереді. Оқушы өзіне қара сиямен, бір-біріне жасыл сиямен баға қояды.



  1. Он минуттан соң І-ІІ варинат тапсырмалары ауыстырылып беріледі.

  2. «Сілекейдің крахмалға әсері» зертханалық жұмыс.

І вариант

1 жұмыс

Аталған заттардан қоректік және кенеулі заттарды бөліп жаз.

Ет, көмірсу, нан, ірімшік, май, ақуыз, сүт, балық.

Қоректі зат: -----------------------------------------------------------------------------

Кенеулі зат: -----------------------------------------------------------------------------






2 жұмыс

А/ Тіс бөліктерін ата 1.

2.

3.

Б/ Тістің түрлерін ата 1.



2.

3.

В/ Тіс құрылысын жаз: 1.



2.

3.

4.



5.

6.





3 жұмыс

Бірінші қатардағы ас қорыту мүшелерінің қызметін келесі қатардан тауып, цифрмен белгіле.

а/ Ауыз қуысы 1. Ішек сөлі 5. Заттың аз ыдырауы

ә/ Қарын 2. Ұйқы безі сөлі 6. Заттың толық ыдырауы

б/ 12 елі ішек 3. Сілекей 7.Ақуыз бен сүт майы ыдырайды

в/ Аш ішек 4. Қарын сөлі 8. Көмірсуы ыдырайды



ІІ вариант

1 жұмыс

Төмендегі мүшелердің қажеттісін тауып қой.

1. Өңеш І. Ең үлкен без

2. Соқыр ішек ІІ. Тоқ ішектің бастауы

3. Қарын ІІІ. Ең ұзын мүше

4. Бауыр ІҮ. Қарыннан кейінгі

5. Аш ішек ү. «П» тәрізді мүше

6. Аппендикс ҮІ. Өт бөледі

7. Тік ішек ҮІІ. Асты қарынға өткізеді

8. 12 елі ішек ҮІІІ. Ас қорытылып бітеді.

9. Ұйқы безі ІХ. Астың сіңірілуі

10. Тоқ ішек Х. Ішек таяқшасы бактериысының

мекен ортасы






2 жұмыс

    1. жауабын 1-ҮІІІ сұрақтан тап.

1.Ақуыздың ыдырауы 6. Толқынды жиырылу

2. Майдың ыдырауы 7. Майдың бөлшектенуі

3. Көмірсу ыдырауы 8. Заттың ыдырауы, сіңірілуі

4. Су сіңіріледі 9. Улы затты ұстап қалады

5. Нәжістің түзілуі 10. Өт бөледі


І вариант ІІ вариант

І. 12 елі ішекте қорытылу І. Бүртіктер қызметі

ІІ. Ұйқы безі сөлінің қызметі ІІ. Бауыр қызметі

ІІІ. Ұйқы безі ферментінің қызметі ІІІ. Тоқ ішек қызметі

ІҮ. Ішектегі глицерин түзілуі ІҮ. Амин қышқылы түзіледі

Ү. Ауыз қуысынан басталады. Ү. Май қышқылы түзіледі

ҮІ. Астың ішекте жылжуы ҮІ. Өт жұмысы

ҮІІ. Ішек сөлінің қызметі ҮІІ. Аш ішек қызметі

ҮІІІ.Ішек бездерінің ферменттерінің ҮІІІ. Глюкоза түзеді

қызметі





3 жұмыс

1-10 жауабын 1-ХІІ сұрақтан тап.

1. Кариес 6. Тырысқақ /тиф/

2. Цинга 7. Май басу

3. Дизентерия 8. Гастрит

4. Холера / іш сүзегі / 9. Тәбет тартпау

5. Ішек құрт ауруы 10. Бауыр циррозы


І. Ішектің инфекциялық ауруы

ІІ. Ет пен балықтың шикі пісірілуі

ІІІ. Лас қолдан, су, көкөністен болады

ІҮ. Алдын алып егеді

Ү. Таза су, көкөніс пайдаланудан болмайды

ҮІ. Ауыз қуысын тазаламау

ҮІІ. Тамақтану гигиенасын бұзу

ҮІІІ. Дұрыс тамақтанудан болмайтын ауру

ІХ. Тіс таза болса болмайды

Х. Асты дұрыс әзірлемеу

ХІ. Темекі тарту, арақ ішу

ХІІ. Қозғалмау.


3 сабақ тапсырмаларының жауаптары:



І вариант

1 жұмыс. Қоректік зат 3,4,7,8

Кенеулі зат 2,5,6



2 жұмыс А/ 1. Тіс сауыты 2. Тіс мойыны 3. Тіс түбірі

Б/ 1. Күрек тіс 2. Ит тіс 3. Азу тіс

В/ 1.Кіреуке 2.Дентин 3.Көктамыр 4. Салатамыр 5.Жүйке 6.Қызыл иек

3 жұмыс. а-3,8 ә- 4,7 б- 2,6 в- 1,5

ІІ вариант

1 жұмыс. І-4, ІІ-6, ІІІ-5, ІҮ-8, Ү-10, ҮІ-4, ҮІІ-1, ҮІІІ-5, ІХ- 5, Х-2

2 жұмыс. І вариант І-1,2,3, ІІ-1,2,3, ІІІ-1,2,3,ІҮ- 2,Ү- 3, ҮІ-6, ҮІІ-1,2,3,ҮІІІ-1,2,3

ІІ вариантІ -8, ІІ-9,10, ІІІ-4,5, ІҮ- 1, Ү- 2, ҮІ-7, ҮІІ- 1,2,3,8, ҮІІІ-3

3 жұмыс. І -3,4,6, ІІ-5, ІІІ-3,4,5,6, ІҮ-3,4,6, Ү-3,4,5,6, ҮІ-7,

ҮІІ -7,8,10, ҮІІІ- 5, ІХ- 1, Х-1,8, ХІ- 9,10, ХІІ


Зертханалық жұмыс. «Сілекейдің крахмалға әсері»

Зертханалық жұмыс жүргізу реті :

1/ Әр оқушыға крахмал клейстері құйылған пробирка беріледі

2/ Пробиркаға гигиеналық талапқа сай аузын жауып отырып сілекей жинау

/ 2 см биіктікте /

3/ Сыныптың жартысы крахмал клейстері құйылған пробиркаға су

құйылады.

4/ Барлық пробирканы 10-15 минут қолымен қысып жылытады.

5/ 2-3 тамшы йод тамызу

6/ Пробиркадағы бояудың өзгеруіне назар аудару

7/ Қорытынды жасау.



Жұмыс бойынша қорытынды

Пробирка №1

Пробирка №2

Пробирка №3

Крахмал + сілекей + t

Йодпен тексеру

Крахмал көгермейді,ол қантқа айналады


Крахмал +су + t

Крахмал көгереді



Крахмал +сілекей + тұз

Крахмал көгереді



Қорытынды :

1/ Сілекей ферменттерінің әсерінен крахмал химиялық ыдырауға түседі.

2/ Фермент тек дене температурасында ғана әсер етеді.

Сабақты қорытындылау.

Қорытындылау. Үйге тапсырма § 44- §49 тірек-сызбаны жаттау.
Ас қорыту мүшелері жайлы, ішек-қарын аурулары, тамақтану гигиенасы жайл газет-журналдан, қосымша әдебиеттерден материал дайындау. Келесі конференция сабаққа тақырып беру, рольдер бөліп беру.

4 сабақ. Тақырыпты пысықтау, қорытындылау.



Деңгейлік тапсырмалар.

Мақсаты: Ас қорыту жүйесі бойынша алған білімдерін жинақтап қорыту.

Шарты : 1. Дайындалған деңгейлік тапсырмаларды оқушылар өз қалауы бойынша таңдап алады.

2. Әр деңгейге уақыт беріледі. ІІІ-деңгейге 5 минут, ІІ-деңгейге 8 минут,

І-деңгейге 10-15 минут.

ІІІ – деңгей

І вариант

1.Кенеулі және қоректік заттарды ата.

2. Ас қорыту жолын тексеру әдістерін ата

3.Келесі терминдерге анықтама бер.

Лизоцин


Гастрит

Липаза


ІІ вариант

1.Ас қорыту жолын ата

2.Астың ауызда қорытылуында не өзгеріс болады.

3. Төмендегі терминдерге анықтама бер.

Зондылау


Ақыл – тіс

Цирроз


ІІ – деңгей

І вариант

1.Сөл бөліну қалай жүзеге асырылады?

Ауыз қуысында қандай сөлдердің өзегі ашылады?

2. Қарында қандай зат ыдырайды?

Қарын сөлінің ферменті қандай жағдайда әсер етеді?

3.Сіңіру механизмін түсіндір.


ІІ вариант

1.Тіс құрылысы қандай? Неге сүттер зақымданса емдету қажет?

2.Тәбет ашатын қарын сөлі дегеніміз не, ол қандай жағдайда бөлінеді. Қарындағы тұз қышқылының рөлі қандай?

3. Аш ішектің сіңіру қызметін атқаруына байланысты ерекшелігін ата.



І - деңгей

ІІІ, ІІ деңгейді оқушылар жауап үлгісі бойынша бірін-бірі тексереді.




1

Қарын сөлінде май ыдырататын фермент липаза аз мөлшерде кездеседі. Ол тек сүт майларын ғана ыдыратады. Неге майдың негізгі бөлігі ішекте ыдырайды?

2

Жүйке жүйесінің қарын сөліне әсерін қалай дәлелдеген?

3

Сілекейде қорек құрамындағы крахмал глбкозаға дейін ыдырайды.

Неге ауыз қуысында крахмал толық ыдырамайды?



4

«Бауыр – ағзаны құтқарушы» - дегенді қалай түсінесіз?


Деңгейлік тапсырмалардың жауабы.

І – деңгей

1. Қарын сөліндегі липаза ферменті тек эмульсия күйіндегі майды ғана ыдыратады. Ондай май тек сүтте ғана болады. Басқа майлар қарыннан 12 елі ішекке барып, өт әсерінен ыдырай бастайды. Бауыр өт бөледі, ол өзек арқылы 12 елі ішекке бөлінеді де, май ыдырататын ұйқы безінің ферментін активтендіреді.



2. Қарын сөлі ас ауызға түскеннен – ақ бөліне бастайды. Мұны Павлов зерттеулерінен көруге болады. Ол өңешті кесіп сыртқа ашып қояды да, қарынға фистула қояды. Бірнеше күннен кейін итке ұсақталған қорек бергенде, қарынша ас түспесе де одан қарын сөлі бөлінген. Бұл ауыз қуысындағы рецепторлардың тітіркнуінен болған. Қарын сөлі тек астың ауыз қуысындағы рецепторларды тітіркенуінен ғана емес, ас иісі, әдемі әсемделген ас, тамақ туралы әңгіме де қарын сөлінің бөлінуіне әсер етеді.

3. Сілекейде крахмалды глюкозаға дейін ыдыратады. Сілекейде минералды тұздар да болады. Сілекейдегі ферменттің активтілігі жоғары болса да ауыз қуысындағы крахмал толық ыдырамайды. Себебі ас ауыз қуысында аз уақыт болады. Қарынға түскен ас түйіршіктерінде крахмал ыдырауын жалғастырады. Қарын сөлі қышқылдық орта, ал сілекей сөлі негіздік ортаға әсер етеді. Қарында ас түйіршектеріне қышқыл сөл әсер еткенше крахмал ыдырай береді. Себебі ас түйіршіктері қарын сөлін біртіндеп сіңіреді.

4. Бауыр ас қорыту мүшелерінен және ақуыз бен басқа заттардың ыдырауынан пайда болған улы заттарды залалсыздандырады және бөгеп қалады. Бауырда ағзаға қауіпті көптеген бактериялар өледі. Егер де бауырдан өтетін қанға дизентерия бациллін енгізсе онда жануар тірі қалады ал сол бациллді мойын көктамырына енгізсе өлім алдында болады. Бауырдың уы залалсыздандыру қызметі дәрі қабылдағанда да байқалады. Дәріні көктамырға енгізген, ішкеннен тез әсер ететіні де бауырдың залалдандыру қызметіне байланысты.

ІІ деңгей

І вариант

1. Сілекей бездерінің жұмысы астың рецепторларды тітіркендіруінен болады. Рецепторлар ауыз қуысының сілемейлі қабықшасында және тіл ұшы мен шеттерінде болады. Олардан тітіркену сезгіш нейрондар арқылы сөл бөлу орталығы болып табылатын сопақша миға барады. Сопақша мидан тітіркену қимыл нейрондары арқылы сілекей бездеріне барады да сілекей бездерінен сөл бөліне бастайды. Сөл тек тамақтанғанда ғана емес, оның иісін сезгенде, көргенде, тағам туралы сөз болғанда да бөлінеді. Сөл бөлінетін үш ірі без бар :

1. Шықшыт сілекй безі

2. Тіс түбіндегі сілекей без

3. Алқымдағы сілекей без

Сол тілдің сілекейлі қабықшасында орналасқан бездерден де, ауыз қуысынан да бөлінеді. Тәулігіне сілекей бездері 0,5 литрден – 2 литрге дейін сөл бөлінеді.

2. Қарын сөлінде ақуызды ыдырататын пепсин ферменті болады. Оны егер шала піскен жұмыртқа ақуызын қарын сөліне салып, 38-39 градус қыздырғанда ақуыздың толық ыдырауынан көруге болады. Фермент тек қышқыл ортада әсер етеді және жоғарғы температурада.

Қарын сөлінде сонымен қатар май ыдырататын да фермент болады. Бірақ, ол майды тек эмульсия күйінде ыдыратады. Мысалы сүт майы.

3. Астың ішектегі сіңірілуі ондағы бүртіктердің әсерінен жүреді. 1 см2 жерде 2500-ге жуық бүртіктер болады. Ол астың сіңірілу бетін ұлғайтады. Әрбір бүртікте қан және лимфа тамырлары болады. Оларға судағы еріген кенеулі заттар сіңіріледі. Сіңірілу – бұл тек диффузиялық процесс емес, сонымен бірге кенеулі заттардың бүртік қабырғаларынан тұратын күрделі физиологиялық процесс. Судың сіңірілуіне осмос қысымының маңызы зор. Қандағы осмос қысымының көтерілуінен судың сіңірілуі жылдамдайды.

ІІ вариант

1. Адамда 32 тіс бар. Олар күрек тіс, ат тіс, азу тіс болып бөлінеді. Тіс тіс сауытынан, тіс мойыны, тіс түбірінен тұрады. Тіс сауыты – кіреукемен қапталған, оның астында қатты қабат дентин орналасқан. Тістің ішкі қуысы, онда қан тамырлары мен жүйке тамырлары болады. Сау тіс – ас қорыту мүшелерінің саулығы. Ауру тіс – сүт тістері болса да ауызда астың қорытылуын толық қамтамасыз ете алмайды және инфекция орталығы болып табылатындықтан, ішек-қарын аурулары пайда болады.

2. Қарын сөлі – ауызға және қарынға ас түскенде ғана бөлінбейді, астың иісін сезгенде де бөлінеді. Ондай қарын сөлін – «Тәбет сөлі» деп атайды. Дәмді түрлендіріп дайындау, әр түрлі дәмдеуіштер ас ішпей-ақ тәбет ашады. Қарын сөліндегі тұз қышқылы қарындағы бактерияларды өлтіреді және ферменттерді активтендіреді.
3. Кернеулі заттардың негізгі сіңірілуі аш ішекте жүреді. Оның құрылысы сіңіруге жақсы бейімделген. Ақуыз, май, көмірсудың сіңірілуі бүртіктердің көмегімен жүзеге асырылады. Аш ішектің сілемейлі қабықшасындағы 1 см2 – 2500 бүртік кернеулі заттардың сіңірілу бетін ұлғайтады. Бүртіктер микронасос сияқты әсер етеді.

ІІІ деңгей.

1 вариант

1. Қоректік заттар : ірімшік, жұмыртқа, көкөніс, ет.

Кенеулі заттар : ақуыз, май, көмірсу

2. а/ зондылау әдісі - резина түтікті қарын, 12 елі ішекке енгізу.

б/ эндоскопия - оптикалық прибор енгізу.

в/ рентгенография, УЗИ.

3. Лизоцим - сілекей безіндегі кездесетін залалсыздандыратын зат.

Гастрит – қарынның сілемейлі қабықшасының қабынуы.

Липаза - майды ыдырататын фермент.

2 вариант

1.Ас қорыту жолы: ауыз қуысы – жұтқыншақ - өңеш – қарын - аш ішек-

тоқ ішек - тік ішек

2.Ауыз қуысындағы ас ұсақталып, сілекейге шыланып, ас түйіршіктеріне айналады. Аздап көмірсулар ыдырай бастайды.

3. Зондылау - ас қорыту жолына резина түтікше енгізу.

Ақыл тіс – азу тістің соңғы жұбы, адамға 20-22 жасында шығады.

Цирроз - бауыр ауруы.

4. Қорытындылау.

5. Үй тапсырмасы: Зачетқа дайындалу. т.с. қайталау.
5 сабақ. Тақырыпты бекіту.

Топпен жұмыс. «Тамақтану мен ішек – қарын жолының проблемалары» тақырыбында конференция сабақ

Мақсаты : Тарау бойынша алған білімдерін қорытып бекіту.

Шарты : 1. Сынып 6 топқа бөлінеді (3-4 адамнан)

2. Алдын ала берілген тақырып бойынша оқушылар баяндама

жасайды.


3. Баяндау уақыты 7 минут

Берілген тақырыптар :

  1. Ас қорытуды зерттеудегі Павловтың әдісі

  2. Ас қорыту жүйесіне кері әсер ететін жағдайлар

  3. Бауыр - ағзаны құтқарушы

  4. Тамақтану гигиенасы (тәбет, диета, пайдалы тағам)

  5. Ішек – қарын аурулары және олардың алдын алу.

Топ жұмысын бағалау критерийі

  1. Қысқа - нақтылығы

  2. Қосымша әдебиет пайдалану

  3. Қызықты фактілер келтіру

Аудиториядағы оқушылар әр баяндама оқылып болысымен 1-2 сұрақ беруіне болады. Мұғалім өзі бағалайды.

Сұрақ берген оқушыларды да берілген сұрақтың құндылығына қарай бағаланады.



Қорытындылау. Үйге тапсырма § 44- §49 тірек-сызбаны жаттау.

Сынаққа дайындалу.

6 сабақ. Қорытынды бөлім.

Тест

І вариант

1. Ас қорыту жүйесінің қызметі қандай ?

а/ астың ұсақталуы ;

б/ ас қорыту жолмен астың жылжуы ;

в/ астың сіңірілуі / ақуыз, май, көмірсу /;

г/ барлығы

2. Пенсин қандай ортада активті ?

а/ нейтрал ; б/ қышқылдық ; в/ негіздік орта



3. Ас қорыту жолын дұрыстап жаз :

а/ қарын; б/ аш ішек; в/ тік ішек; г/ жұтқыншақ

д/ ауыз қуысы ; е/ өңеш; ж/ тоқ ішек

4. Адамда қанша тіс бар?

а/ 25 ; б/ 36 ; в/ 32.



5. Ас қорыту жүйесін тексеру әдістерінде оптикалық прибор енгізу қайсысында қолданылады?

а/ зондылау ; б/ эндоскопия; в/ УЗИ, г/ рентгенография



6.Сілекейдегі залалсыздандыратын зат:

а/ лизоцим; б/ тұз қышқылы; в/ пенсин; г/ мальтоза



7. Сөл бөлу орталығы - ----------------------------------орналасады:

8.----------------------------------------қан тазартатын өт бөлетін, глюкозаны гликогенге айналдыратын без:

9. Лимфа тамырлары арқылы қай зат сіңіріледі?

а/ май ; б/ ақуыз ; в/ көмірсу



  1. Қанға қай заттар сіңіріледі?

а/ май ғана; б/ ақуыз ғана; в/ көмірсу ғана; г/ ақуыз бен көмірсу

ІІ вариант

  1. Ас қай ас қорыту мүшесінде сіңіріледі ?

а/ қарын; б/ аш ішек ; в/ тоқ ішек

  1. Ас қорыту жүйесіне тән ауру :

а/ бауыр циррозы; б/ гастрит ; в/ кариес.

  1. Ас қорыту мүшелеріне тән жауапты таңда.

1. өңеш; 6. ең үлкен без;

2. аппендикс; 7. асты қарынға өткізеді;

3. қарын ; 8. қоректі зат сіңіріледі;

4. бауыр ; 9. қоректі зат қорытылады;

5. аш ішек 10. ішек таяқшасы мекен ету ортасы


  1. Дұрыс жауабын сәйкестендір .

1. өт бөлінеді ; 6. соқыр ішек;

2. ас қорыту аяқталады; 7. тік ішек;

3. тоқ ішектің бастамасы 8. 12 елі ішек;

4. сөл бөледі; 9. ұйқы безі ;

5. таға тәрізді мүше /П/ 10. тоқ ішек


  1. Ретімен жаз.

1. өңеш ; 5. жұтқыншақ;

2. қарын ; 6. тоқ ішек ;

3. ауыз қуысы; 7. тік ішек.


  1. Сілекейдің құрамында су --------------------------------------болады.

  2. Аш ішекте ----------------------------------------------сіңіріледі.

  3. Ұлтабар ұшында ас толық қорытылады.

а/ иә ; б/ жоқ.

  1. Бауыр өт бөлмейді.

а/ иә ; б/ жоқ

  1. Ауызда өзгеріске ұшырайды.

а/ көмірсу ; б/ ақуыз ; в/ май.
Тест жауаптары

І вариант

1 – г, 2-б, 3-д-г-е-а-б-ж-в, 4-б, 5-в, 6-а, 7- сопақша ми, 8- бауыр,

9 – а, 10-б-в.

ІІ вариант

1) -в, 2) -б, 3) -1-7, 2-10, 3-9, 4-6, 5-8, 4) 1-8, 2-7, 3-6, 4-9, 5-10,

5) 3-5-1-2-4-6-7. 6) фермент, лизоцим, 7) ақуыз,май, көмірсу,

8) а; 9) б; 10) а.


СЫНАҚ

1 – билет

1. Аш ішекте қандай заттар сіңіріледі.

2. «Бауыр - ағзаны құтқарушы» дегенді қалай түсінесіз.

2 - билет

1. Ұйқы безінің сөлінің қызметі.

2. Тістің құрылысы.

3 - билет

1. Астың қарында қорытылуы

2. Ас қорыту жолын ата.

4 - билет

1. Астың ауызда қорытылуында қандай өзгеріс болады.

2. Су мен минералды заттар қайда сіңіріледі.

5 - билет

1. Жүйке жүйесінің қарын сөліне әсері

2. Сілекейдің құрамы қандай

6 - билет

1. Ас қорыту жолын тексеру әдістері.

2. Ас қорыту бездерін ата

7 - билет

1. Қоректік және кенеулі заттарды ата.

2. Тістің күту гигиенасы

8 - билет

1. Тамақтану гигиенасы

2. Кенеулі заттардың ыдырауы.
Пайдалынатын әдебиеттер :


  1. Әлімқұлова Р. Р. Сәтмбеков Биология. Алматы « Атамұра» 2004 ж

  2. Биология және салауаттылық негізі №1. 2004 жыл. 36 бет.

  3. Куприй С.А. Учебные модули по курсу «Биология» Алматы 2002 ж

4. Петришина О.А.. Е.Н. Попова. Мектеп жасындағы балалар гигиенасы.

Алматы «Мектеп» 1984 ж.

5 Панфилова Л.А. Адам анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы. Саратов «Лицей», 1997 ж

6. «Шаңырақ» - Алматы, ҚСЭ, 1990



7. Юсупова М.М.. Адам анатомиясының практикумы.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет