І
Інжугүл мен жолжелкен жапырақтарының жүйкелену түрі: доғалы
Ірі гүлдері жеке-жеке орналасып, шашақ гүлшоғырын түзетін және жемісі-қауашақ болатын тұқымдас: лалагүлділер
Ірі жүйелік топтардың (тип, класс, отряд) қалыптасу процесі: макроэволюция
Ірі ядролы, түссіз қан жасушалары: лейкоциттер
Э
Эктодерма қабатынан түзіледі: сезім мүшелері
Эктодерма ұрық жапырақшасынан түзіледі: жұлын
Энцефалит ауруын тудырушы: кенелер
Эритроциттер бұзылады: Бауырда және көк бауырда
Эритроциттер жойылады: көкбауыр мен бауырда
Эритроциттерге тән белгі: ядросы жоқ
Мәнмәтіндік тапсырмалар
Асқабақ тұқымдастар ұзын сағақты, жай жапырақты болады. Өркендері шырмалып немесе төселіп еседі. яғни олар - жатаған сабақты өсімдіктер Бұлардың сабағында мұртшалары бар. Мұртша-өзгерген өркен. Гүлдері жапырақ қолтығында, шашақты гүлшоғыр түрінде немесе жеке өседі. Асқабақ тұқымдастар тропиктік, субтропиктік елдерде таралған.
А
Асқабақ тұқымдастарға жататын дәрілік өсімдік, халықтық медицинада тамырын іш босатуға пайдаланады: итжүзім (переступень)
Б
Бақшада өсірілетін мәдени өсімдік. Жемісі - қабақ (тыквина). Қабақ жемісінің сырты қатты, шырынды, көптұқымды, жапырақтары ірі. Жемісінің ең ірілерінің салмағы 100 кг дейін жетеді, тағамдық, дәрілік малазықтық біржылдық шөптекті өсімдік. Бұл өсімдік: асқабақ
Бір тұқымды асқабақ тұқымдас өсімдік: мексикалык қияр
Ж
Жемісі нағыз жидекті өсімдік: итжүзім
Т
Тұқымынан 25-30 % тағамдык май алынатын өсімдік: қауын
Мәнмәтіндік тапсырмалар
1900 жылы Австрия патология маманы Карл Ландштейнер әрбір адамның күретамырынан инемен еппен бірнеше миллилитр қан алып, оны солғын сары түсті жартылай мөлдір қан сарсуы мен қызыл жасушаға бөліп, бес адамның қан сарсуын өзара алмастырып тамызу арқылы жэне өзініц қызыл клеткасына тамызу арқылы қан сарсуы өз қызыл жасушасына тамызғанда ұйымайтындығын, ал басқа адамның қызыл клеткасына тамызғанда кейбірі ұйып, кейбірі ұйымайтындығын байқайды.
Ландштейнер бұдан әр адамның қаны ұқсас емес, яғни қан тобы ұқсамайды деген қорытындыға келеді. Осылайша, ол қанның А, В, О қатарлы үш түрлі типін табады. Кейін оның шәкірті Дикастро тағы да АВ қан тобын тауып, жиыны төрт түрлі қан тобы бар екенін байқайды. Қан тобы ұқсамайтын адамның қанын кұйганда белок пен қызыл клетканың тұнуы және ұюы арқылы қан іртіктеліп, науқас адамның жанын жалмайтын болып шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |