Биология және экология кафедрасы 050608 Экология мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған



бет6/6
Дата25.02.2016
өлшемі2.16 Mb.
#21671
1   2   3   4   5   6

Қажетті құралдар: Масштабы 1:25000, 1:10000 топографиялық карталар, циркуль, транспортир, карандаш, сызғыш.

Бақылау сұрақтары:

1. Топокарта түрлерін атаңыз.

2. Бүлінген экожүйені картаға түсіруде топокарталардың маңызы мен кемшіліктерін атаңыз.

3. Топокартада өсімдіктер қандай шартты белгілермен көрсетіледі?

4. Абсолютті және салыстырмалы биіктік дегеніміз не?

5. Су айрық сызық дегеніміз не?

6. Өзен бассейні дегеніміз не?

Әдістемелік нұсқаулар: Суреттер қарындашпен сызылуы тиіс. Әрбір тапсырма бойынша талдау жасалады.

2-тапсырманы орындағанда профиль масштабы шамамен болады: горизонтальды масштаб 1:10000 немесе 1:25000, ал вертикальды масштаб 1:1000 болғаны жөн.\

3-тапсырманы орындағанда беткейлердің көлбеулігі төмендегі формула бойынша анықталады:

КС=12:ВЗ, мұндағы КС - беткей көлбеулігі, градуспен; ВЗ - заложение мөлшері, мм. Заложение мөлшері шкала бойынша табылады.



Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


5 зертханалық сабақ, 1 кредит сағат

Тақырып: Топографиялық карталарды оқып үйрену.

Зертханалық сабақ мазмұны:

1. Топокартада берілген аймақтың жер бедерінің горизонтальды тілімделу коэффициентін анықтау.

2. Топокартада берілген аймақтың жер бедерінің вертикальды тілімделу коэффициентін анықтау.

3. Топокартада берілген аймақтың жер бедерінің эрозиялық тілімделу коэффициентін анықтау.

4. Картограммалар салу.
Қажетті құралдар: Масштабы 1:25000, 1:10000 топографиялық карталар, циркуль, транспортир, карандаш, сызғыш, калька, бояу қарындаш.

Бақылау сұрақтары:

1. Өзен аңғарының элементтерін атаңыз.

2. Жайылма дегеніміз не?

3. Аймақтың жер бедерінің горизонтальды тілімделу коэффициенті қалай есептеледі?

4. Аймақтың жер бедерінің вертикальды тілімделу коэффициенті қалай есептеледі?

5. Аймақтың жер бедерінің эрозиялық тілімделу коэффициенті қалай есептеледі?



Әдістемелік нұсқаулар:

Аймақтың жер бедерінің горизонтальды тілімделу коэффициентін есептеу үшін су айрық сызық пен тальвег арасының ара қашықтығы есептеледі. Есептеулер метр арқылы көрсетіледі. 1-кесте бойынша аймақтың жер бедерінің горизонтальды тілімдену дәрежесі анықталады:


Кесте 1 - Аймақтың жер бедерінің горизонтальды тілімделу дәрежесіне қарай бөлінуі


№№

Тілімдену дәрежесі

Су айрық сызық пен тальвег арасының ара қашықтығы, м

Түсі

1

Аздап

1000

1

2

Орташа

100-1000

2

3

Күшті

50-100

3

4

Өте күшті

<50

4

Аймақтың жер бедерінің вертикальды тілімделу коэффициентін есептеу үшін су айрық пен тальвег биіктіктерінің амплитудасы есептеледі. Есептеулер метр арқылы көрсетіледі. 2-кесте бойынша аймақтың жер бедерінің вертикальды тілімдену тілімдену дәрежесі анықталады:


Кесте 2 - Аймақтың жер бедерінің вертикальды тілімделу дәрежесіне қарай бөлінуі


№№

Тілімдену дәрежесі

Су айрық пен тальвег биіктіктерінің амплитудасы, м

Түсі

Жазық аймақ

Төбелі аймақ

1

Аздап терең

<2,5

<25

1

2

Орташа терең

2,6-5,0

25-50

2

3

Терең

5,1-10

50-100

3

Аймақтың жер бедерінің эрозиялық тілімделу коэффициенті мына формуламен есептеледі:

К=l/P,

Мұндағы К - аймақтың жер бедерінің эрозиялық тілімделу коэффициенті;



l – картада кескінделген барлық жыралар мен сай ұзындығы, км.

P – зерттелген аймақ ауданы, кв.км.

Берілген есептеулер негізінде 3 картограмма салу.


Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


6 зертханалық сабақ, 1 кредит сағат

Тақырып: Аэрофотоматериалдарды оқып үйрену.

Зертханалық сабақ мазмұны:

1. Аэрофотосуреттер (АФС) туралы түсінік.

2. Аэрофотосуреттердің масштабын есептеу.

3. Аэрофотосуреттерді топографиялық және ландшафтық дешифрлеу (елді мекендер, жол, шаруашылық және инженерлік ғимараттар, гидрографиялық тор, жыра-сайлар жүйесі т.б.).


Қажетті құралдар: Масштабы 1:25000, 1:10000 аэрофотосуреттер, фотопландар, циркуль, транспортир, карандаш, сызғыш.

Бақылау сұрақтары:

1. Аэрофотоматериалдарды топографиялық және ландшафтық дешифрлеуде қолданылатын дешифрлік белгілер?

2. Бүлінген экожүйені картаға түсіруде аэрофотоматериалдардың маңызы мен кемшіліктерін атаңыз.

3. Контактілі аэрофотосуреттер, фотоплан және фотосхема дегеніміз не?



Әдістемелік нұсқаулар:

Экологиялық картографияда аэрокосмостық зонд әдісі яғни қашықтан зерттеу әдістерінің кешенді жүйесі қолданылады.

Аэрокосмостық зонд әдісі:

- көп зоналық және спектр зоналық аэрофотосурет түсіру;

- жылулық инфрақызыл сурет түсіру;

- перспективті аэрофотосурет түсіру. Бұл әдіс жердің жасанды серігі, орбиталық станциялық станциялар мен пилоттық космос станциясынан түсірілетін космостық сурет, сканер, телевизиялық, радиолокациялық, инфрақызыл т.б. сурет түсірумен бірлесе жүреді.

Практика жүзінде фото және сканерлік суреттер кең қолданылады. Бұл суреттер арқылы ландшафттың техногендік элементтерін, техногендік кешендер, антропогендік әсердің экологиялық салдарын (ластану ауданы, өсімдік жамылғысының бұзылуы, өрт, кесілген орман ауданы, қауіпті техногендік құбылыстардың байқалу ауданы т.б.) бөліп көрсетуге болады.

Аэрофотосурет түрлерімен танысу. Берілген негізгі белгілер бойынша аймаққа сипаттама беру. Дешифрлік көрсеткіштер бойынша (форма, контур, мөлшері, тон, сурет структурасы т.б.) топографиялық дешифрлеу. Елді мекендер, жолдар, шаруашылық жәнетинженерлік ғимараттар, гидрографиялық тор және жыра-сайлар жүйесі, ауыл шаруашылық алқаптары.

Дешифрлеу анық және дәл объектілер контурынан шартты және қиын табылатын объектілерге қарай жүреді. Дәптерге контур немесе объект нөмірі мен оның сипаттамасы жазылады.
Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


7 зертханалық сабақ, 1 кредит сағат

Тақырып: Аэрофотоматериалдарды оқып үйрену.

Зертханалық сабақ мазмұны:

1. Аэрофотоматериалдар бойынша аймақтың өсімдік жамылғысына сипаттама.

2. Аэрофотоматериалдар бойынша аймақтың топырақ жамылғысына сипаттама.

3. Аэрофотоматериалдар бойынша аймақтың экологиялық жағдайына сипаттама.


Қажетті құралдар: Масштабы 1:25000, 1:10000 топографиялық карталар, циркуль, транспортир, карандаш, сызғыш.

Бақылау сұрақтары:

1. Аэрофотоматериалдарды топографиялық және ландшафтық дешифрлеуде қолданылатын дешифрлік белгілер?

2. Бүлінген экожүйені картаға түсіруде аэрофотоматериалдардың маңызы мен кемшіліктерін атаңыз.

3. Контактілі аэрофотосуреттер, фотоплан және фотосхема дегеніміз не?



Әдістемелік нұсқаулар:

АФС бойынша суретте кескінделген өсімдіктер жамылғысы мен ауыл шаруашылық алқаптарын анықтайды. 3-кестені толтыру қажет.


Кесте 3 – Аэрофотоматериалдарды дешифрлеу нәтижелері


№№

Объект немесе контур аты

Дешифрлеу белгілеру

Рельеф элементі

Өсімдік жамылғысы немесе ауыл шаруашылық алқаптары

Форма

Сурет және текстурасы

Тон

Мөлшері

Көлеңкесі

Шекара сипаты

1.

Қарасу (старица)

Орақ тәрізді, аздап иілген

Структурасыз

Қара

Ені 0,5 см, ұзындығы 3,0 см

Жоқ

Анық байқалады

Орталық жайылма

































АФС үстіне калька салып өзен аңғарын, беткейлерді, төбелерді, сайларды, ойыстарды белгілейді. Егр аймақ ландшафтық біркелкі болмаса, копмлекстік мөлшерін анықтайды. Ол үшін алдымен үш бағытта ұзындығы 3-5 см түзу сызық сызып лупа арқылы әрбір контур ұзындығын есептейді. Сөйтіп әрбір компоненттің проценттік үлес көрсеткіші анықталады.

Аэрофотоматериалдар бойынша аймақта кездесетін бұзылған экожүйелерді табыңыз: эрозияға ұшыраған жерлер, сортаңданған жерлер, батпақтанған жерлер.

Осы экожүйелерді картаға түсіру. Шартты белгілерін салу.



Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


8 зертханалық сабақ, 1 кредит сағат

Тақырып: Бүлінген экожүйені картаға түсірудің далалық кезеңі.

Зертханалық сабақ мазмұны:

1. Бүлінген экожүйе топырақтарын зерттеудің күрделілік категориясы мен масштабын анықтау.

2. Далалық кезең ұзақтығын анықтау.

3. Зерттеуге тиісті жұмыс көлемін анықтау.

4. Бүлінген экожүйені зерттеуге қажетті мамандар санын анықтау.

5. Зерттеу жұмыстарының құнын анықтау.

6. Зерттеу нәтижелерін кестеге салу.
Қажетті құралдар: Масштабы 1:25000, 1:10000 топографиялық карталар немесе аэрофотоматериалдар, циркуль, транспортир, карандаш, сызғыш, калькулятор.

Бақылау сұрақтары:

1. Бүлінген экожүйе топырақтарын зерттеу жұмыстарын жүргізудің қанша категориясы белгілі?

2. Ауданы 15%-тен астам екіншілік тұзданған жерлері бар аймақты қандай категориямен зерттейді?

3. Бүлінген топырақтарды зерттеу масштабы қандай факторларға байланысты?



Әдістемелік нұсқаулар:

1. Бүлінген экожүйелер топырақтары ірі масштабта зерттеледі: 1:2000, 1:5000, 1:10000. Топырақ зерттеу масштабы зерттеу мақсатына, экожүйе түріне, шаруашылық мамандануына, жерді пайдалану интенсивтігіне және топырақ жамылғысының күрделігіне байланысты. Бір шаруашылықтың өзінде топырақтар түрлі масштабта зерттелуі мүмкін.

Бүлінген экожүйелер топырақтары аймақтың ерекшелігіне қарай 5 күрделілік категориясы бойынша зерттеледі.

2. Батыс Қазақстан облысында далалық кезең ұзақтығы жылдың орташа температурасы жылы кезеңде, шамамен 15.04.-15.09 аралығында болады.

3. Бүлінген экожүйелер топырақтарын зерттегенде бір топырақ зерттеуші маманға жұмыс көлемі аймақтың күрделілік категориясы мен зерттеу масштабына байланысты.

4. Бүлінген экожүйенің топырақтарын зерттегенде отряд құрамына 6-7 маман кіреді, ал 2-3 отряд зерттеу экспедициясын құрайды.

5. Ауданы 1000 га аймақты зерттегенде құны аймақтың күрделілік категориясы мен зерттеу масштабына байланысты алынады.

6. Зертету нәтижелері кестеге толтырылады.



Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


9 зертханалық сабақ, 1 кредит сағат

Тақырып: Бүлінген экожүйені картаға түсіру далалық кезеңінің жоспарын жасау.

Зертханалық сабақ мазмұны:

1. Шаруашылықтың экспликациясы бойынша зерттелетін аймақ ауданын анықтау.

2. Зерттелетін аймақ ауданы, күрделілік категориясы мен зерттеу масштабына байланысты қазылуға тиісті топырақ шұңқырларының санын анықтау.

3. Химиялық талдауға үлгілер алынатын топырақ шұңқырларының санын анықтау.

4. Зерттеу нәтижелері наряд-тапсырма түрінде толтырылады.
Қажетті құралдар: Масштабы 1:25000, 1:10000 топографиялық карталар немесе аэрофотоматериалдар, циркуль, транспортир, карандаш, сызғыш, калькулятор.

Бақылау сұрақтары:

1. Топырақ шұңқырлары дегеніміз не?

2. Аймақты аэрофотоматериалдар бойынша зерттегенде топырақ шұңқырларының саны қандай қатынас бойынша есептеледі?

3. Аймақты топокарталар бойынша зерттегенде топырақ шұңқырларының саны қандай қатынас бойынша есептеледі?



Әдістемелік нұсқаулар:

1. Бір топырақ шұңқыры қанша аймақтан қазылуға тиісті аудан (гектармен) мөлшері күрделілік категориясы мен зерттеу масштабына байланысты норматив бойынша анықталады.

2. Аймақты аэрофотоматериалдар бойынша зерттегенде топырақ шұңқырлары, жартылай шұңқырлары мен қазбаларының саны 1:4:2 қатынасы шамасында, ал топокарта арқылы зерттегенде 1:4:2 қатынасы шамасында болады.

3. Химиялық талдауға барлық топырақ шұңқырларынан және жартылай шұңқырлардың 1/10 бөлігінен алынады.


Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


10 зертханалық сабақ, 1 кредит сағат

Тақырып: Бүлінген экожүйені картаға түсіруде топокарта бойынша жұмыс маршрутын жоспарлау.

Зертханалық сабақ мазмұны:

1. Топокарта бойынша негізгі рельеф формаларын бөліп көрсету.

2. Калькаға салынған учаскеде түйін және парраллель қиып өту әдістері бойынша жұмыс маршруттарын жоспарлау.

3. Бір күні зерттелетін жұмыс маршрутының ұзындығын есептеу.

4. 2-3 топырақ шұңқырына привязка жасау.

5. Аймақта зерттелуге тиісті топырақ шұңқырларын белгілеу.

6. Аймақта зерттелуге тиісті ең кіші топырақ контурын бөліп көрсету.

7. Көршілес аймақ шекарасын беттестіріп топырақ контурларының дәлдігін тексеру.



Қажетті құралдар: Масштабы 1:25000, 1:10000 топографиялық карталар немесе аэрофотоматериалдар, циркуль, транспортир, карандаш, сызғыш, калькулятор.

Бақылау сұрақтары:

1. Топырақ жамылғысы біркелкі, экожүйелері бұзылмаған аймақта жұмыс маршрутының қандай әдісі қолданылады?

2. Бұзылған топырақтары көп және экологиялық жағдайы күрделі аймақта жұмыс маршруты қалай жоспарланады.

3. Топырақ шұңқырларына қандай жергілікті белгілер бойынша привязка жасалады?



Әдістемелік нұсқаулар:

1. Бір топырақ шұңқыры қанша гектар аймақтан қазылуға тиісті норматив күрделілік категориясы мен зерттеу масштабына байланысты.



Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


11 зертханалық сабақ, 1 кредит сағат

Тақырып: Бүлінген экожүйелердің топырақтары картасын жасаудың камеральды кезеңі.

Зертханалық сабақ мазмұны:

1. Бүлінген топырақтардың картасы мен картограммасын жасау үшін шартты белгілерді іріктеу.

2. Топырақ контурларын салу.

3. Контурларға индекс қою және қажетті түспен бояу.

4. Бұзылған экожүйелер картасын рамадан тыс безендіру: картуш, легенда. Штамп, рамка.

5. Түсіндірме жазба жазу.

6. Бұзылған экожүйелер ауданын есептеу және проценттік үлесін көрсету.
Қажетті құралдар: Масштабы 1:25000, 1:10000 топографиялық карталар немесе аэрофотоматериалдар, циркуль, транспортир, карандаш, сызғыш, калькулятор.
Бақылау сұрақтары:

1. Ортаның бір компонентінің бір нүктедегі белгілі бір уақыт аралығында бір көрсеткіш бойынша жағдайын анықтайды?

2. Белгілі бір уақыт аралығында экологиялық жағдайды сипаттайтын көрсеткіштерді атаңыз.

3. Атмосфера ластануының кешенді индексі қандай көрсеткіштерге жатады?



Әдістемелік нұсқаулар:

1. Топырақ шұңқырларын тұтас нөмірлейді. Шартты белгілер (цифр, индекс, т.б.белгілер) топографиялық карталардың жоғары шекарасына параллель жазылады.

2. Картада кескінделген әрбір контур 1 немесе 2 топырақ шұңқырларымен сипатталу керек. Контур шекарасы қалыңдығы 0,3 мм тұтас сызық арқылы кескінделеді. Контур ортасына қара тушьпен индекс жазылады. Картада топырақтың механикалық құрамы, топырақ түзуші жыныстарсортаңдану көрсеткіші, тұздану, тастақтық мөлшері, шайылу дәрежжесі көрсетілгені жөн.

Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


12 зертханалық сабақ, 1 кредит сағат

Тақырып: Топырақ дефляция көрсеткішін есептеу картограмма тұрғызу .

Зертханалық сабақ мазмұны:

1. Дефляция туралы түсінік.

2. Деляция түрлері.

3. Топырақ дефляциясының критерийлері.

4. Жылдық орташа шаңды дауылдар байқалатын күндер санын жазу.

5. Картограмма тұрғызу.


Қажетті құралдар: Масштабы 1:25000, 1:10000 топографиялық карталар немесе аэрофотоматериалдар, циркуль, транспортир, карандаш, сызғыш, калькулятор.

Бақылау сұрақтары:

1. Топырақ дефляциясы мен жылдық орташа шаңды дауылдар байқалатын күндер арасында байланыс болуы неліктен?

2. Картограмма бойынша сипаттама жазыңыз..

Қажетті құралдар: Масштабы 1:25000, 1:10000 топографиялық карталар немесе аэрофотоматериалдар, циркуль, транспортир, карандаш, сызғыш, калькулятор.

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Бір топырақ шұңқыры қанша гектар аймақтан қазылуға тиісті норматив күрделілік категориясы мен зерттеу масштабына байланысты.



Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


13 зертханалық сабақ, 1 кредит сағат

Тақырып: Топырақтың жыралармен тілімдену картограммасын салу .

Зертханалық сабақ мазмұны:

1. Сызықтық және жазықтық эрозия.

2. Жыралар жүйесінің тығыздығы коэффициентін анықтау.

3. Жыралардың тығыздық коэффициентін анықтау.

4. Картограмма тұрғызу.
Қажетті құралдар: Масштабы 1:25000, 1:10000 топографиялық карталар немесе аэрофотоматериалдар, циркуль, транспортир, карандаш, сызғыш, калькулятор.

Бақылау сұрақтары:

1. Жыралардың пайда болуына әсер ететін факторлар?

2. Топырақтың эрозия әсерінен бұзылу деңгейі.

3. Аймақтың экологиялық жағдайына сипаттама беріңіз?



Әдістемелік нұсқаулар:

1. Бір топырақ шұңқыры қанша гектар аймақтан қазылуға тиісті норматив күрделілік категориясы мен зерттеу масштабына байланысты.



Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


14 зертханалық сабақ, 1 кредит сағат

Тақырып: Топырақтың пестицидтермен ластану картограммасын салу .

Зертханалық сабақ мазмұны:

1. Пестицидтер қолданған аймақты есептеу.

2. Пестицидтердің ыдырау коэффициентін анықтау.

3. Пестицидтермен ластану дәрежесін анықтау, градация көрсеткіштерін бөлу.

4. Картограмма тұрғызу.

5. Картограмманы талдау.


Бақылау сұрақтары:

1. Пестицидтердің ыдырауы қандай көрсеткіштерге байланысты?

2. Пестицидтердің ыдырауына аймақтың батпақтану дәрежесі мен механикалық құрамы қалай әсер етеді?

3. Топырақтың пестицидтермен ластану дәрежесін атаңыз.



Әдістемелік нұсқаулар:

1. Бір топырақ шұңқыры қанша гектар аймақтан қазылуға тиісті норматив күрделілік категориясы мен зерттеу масштабына байланысты.



Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


15 зертханалық сабақ, 1 кредит сағат

Тақырып: Экологиялық карталарда қолданылатын картографиялық кескіндердің түрлері мен қасиеттері.

Зертханалық сабақ мазмұны:

1. Берілген карталарда қолданылған картографиялық кескіндер түрлерін анықтау.

2. Экологиялық карталардағы кескінделген құбылыстар мен қолданылған картографиялық кескіндердің сәйкестігін анықтау.

3. Осы құбылыстарды неғұрлым дәл нақты көрсету үшін қандай картографиялық кескіндерді қолдануға болады?

4. Талдау нәтижелерін кестеге толтыру.

Қажетті құралдар: Масштабы 1:25000, 1:10000 топографиялық карталар немесе аэрофотоматериалдар, циркуль, транспортир, карандаш, сызғыш, калькулятор, экологиялық атластар, карта фрагменттері.

Бақылау сұрақтары:

1. Динамикалық құбылыстарды қандай картографиялық кескіндермен көрсетеді?

2. Картографиялық кескін түрлерін атаңыз.

3. Картографиялық кескін түрі мен картада көрсетілген құбылыстардың сәйкестігі көрстеіп өз пікіріңізді дәлелдеңіз.



Әдістемелік нұсқаулар:

1. Бір топырақ шұңқыры қанша гектар аймақтан қазылуға тиісті норматив күрделілік категориясы мен зерттеу масштабына байланысты.


Кесте - Экологиялық карталарда қолданылатын картографиялық кескіндерге сипаттама

Картаның аты, шығу деректері

Картаға түсірілген құбылыс

Құбылыстың локалдану типі

Берілетін ақпарат сипаттамасы

Пайдаланылған шартты белгілер

Картографиялық кескін түрі

Картографиялық кескін түрі мен картада көрсетілген құбылыстардың сәйкестігі
































































































































Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.



9. Студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдар
СӨЖ – дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласысына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі. СӨЖ шығармашылық белсендікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады.

СӨЖ оқытушының қатысуымен (ОЖСӨЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады. СӨЖ тапсырмалары апта бойынша берілген. СОӨЖ сабақтарында тексеріледі. СӨЖ тапсырмалары сәйкес мерзімінен кешіктірігенде баға төмендетіледі.


СӨЖ-дің негізгі түрлері және олардың орындалу ережесі.

- Тақырып бойынша конспект – арнайы СӨЖ арналған дәптерде орындалады. Құрылымы: тақырып аты, актуальдылығы, практикалық маңызы, салыстырмалы талдау, пайдаланылған әдебиеттер. Қажет жағдайда сурет, диаграмма т.б. графикалық материалдар болуы тиіс.

- Қосымша сұрақтарды конспектілеу және үй тапсырмасын орындау - арнайы СӨЖ арналған дәптерде орындалады. Қолданылған әдебиеттер, ұқыптылық, логикалық шешім және баяндау тілі бағалауда ескеріледі.

- Кестелер мен суреттер, диаграммалар, графиктер - арнайы СӨЖ арналған дәптерде немесе бет А4 немесе А3 формат түрінде арнайы қосымша бет түрінде орындалады. Құрылымы: кестенің атауы, терминдер анықтамасы және салыстырмалы талдау. Барлық кесте, сурет, диаграмма және графикке міндетті түрде талдау жасалу қажет. Диаграмма мен суреттерді арнайы компьютерлік программамен салып дәптерге қосымша келтіруге болады.

- Кроссворд - арнайы СӨЖ арналған дәптерде немесе бет А4 немесе А3 формат түрінде арнайы қосымша бет түрінде орындалады. Құрылымы: кроссвордтың тақырыбы, атауы, сұрақтар, жауаптар. Кем дегенде 15-20 жуық терминнен тұруы тиіс.

- Карталар – контур карта пайдаланылады. Карта қарындашпен чертеждік шрифтпен салынады. Карта легендасы болуы керек.

- Глоссарий - арнайы СӨЖ арналған дәптерде орындалады. Терминдердің анықтамасы жазылады. Жеке дәптер арнап алфавит тәртібімен немесе жүйелік тақырыптық бағытта орындауға болады.
Қараңыз: «Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі» 3.1 кесте және «Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі» 4 тарау.

Орындалған барлық өзіндік жұмыстар СӨОЖ-де тапсырылады.


9.1 Үйге берілетін тапсырмалар мәтіні және орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

9.1. СӨЖ-ның тақырыптары мен орындалу уақытының кестесі
1 СӨЖ:

1. Бүлінген экожүйені картаға түсіру пәнінің пайда болуының қысқаша тарихы.



Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


2 СӨЖ: Бүлінген экожүйені картаға түсіру үшін қолданылатын картографиялық негіздер.

1. Шаруашылықта жерге орналастырудың жобасында берілген шартты белгілерін салу.



Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


3 СӨЖ:

1. «Бұзылған экожүйелерді зерттеу этаптары» схемасын сызу



Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


4 СӨЖ: Шаруашылықта жерге орналастырудың жобасын оқып үйрену.

1. Шаруашылықта жерге орналастырудың жобасында берілген аймақтың экологиялық сипаттамасын жазу.



Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


5 СӨЖ: Топокарталардың табиғат және табиғи процесстерді зертеудегі ролі (конспект жазу).

Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


6 СӨЖ: Топографиялық карталарды оқып үйрену.

1. Топокартада берілген аймақтың экологиялық сипаттамасын жазу.

2. Топокарта бойынша ара қашықтықты анықтау.

Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


Сурет 1 - Бұзылған экожүйелерді зерттеу этаптары

7 СӨЖ: Горизонталь түрлерімен танысу

Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


8СӨЖ: Топографиялық карталарды оқып үйрену.

1. Топокарта бойынша өзен бассейндерінің шекарасын анықтап, су айрық сызығын жүргізу.

2. Топокарта бойынша аймақты геоморфологиялық учаскелерге бөлу. Рельеф элементтері мен формасына сипаттама беру: ұзындығы, құрылысы ерекшеліктері, көлбеулігі, беткей экспозициясы, биіктігі, құрылысы, аңғар аралық жазықтықтар, жыра-сай жүйесі.

Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


9 СӨЖ: Горизонталь түрлерімен танысу:

Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


10 СӨЖ: Топографиялық карталарды оқып үйрену.

1. Шаруашылықтың эрозиялық тілімделу дәрежесі жоғары учаскелерінде экологиялық қалпына келтіру шараларын негіздеу.

2. Картограмма тұрғызу. Оларды картографиялық талаптарға сәйкес безендіру.

Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


11: СӨЖ: Медициналық-статистикалық көрсеткіштерді пайдалану.

Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


12 СӨЖ: Топокартада берілген аймақты спутниктен түсірілген сурет арқылы қарап салыстырмалы сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


13 СӨЖ: Аэрофотоматериалдарды оқып үйрену.

1. Дешифрлеу туралы түсінік. Тура және жанама белгілер.

2. Тақырып бойынша реферат жазу.

Мақсаты: Төмендегі сайт бойынша космостық суреттер каталогымен танысу. Суреттер бұлтсыз болуына көңіл бөлінуі керек.

БҚО территориясы кескінделген аймақты табу.

http://glovis.usgs.gov

http://edcsns17.cr.usgs.gov/EarthExplorer

http://www.landsat.org/worldclickmap.html

https://zulu.ssc.nasa.gov/mrsid/mrsid.pl

http://catalog.scanex.ru/dewb/step1.pl

http://www.transparentworld.ru/

http://www.google.kz/ - Карты – Спутник.

Аэрокосмостық материалдарды талдау үшін компьютерлік бағдарламалар қолданылады:

MultiSpec, FuzMe, Gimp 2, Image, Fragstat.

Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.

Афанасьева Т.В., Петрусевич Ю.М., Трифонова Т.А. Практикум по дешифрированию аэрофотоснимков при почвенных исследованиях. – М.: Изд-во МГУ, 1977.

Тольчельников Ю.С. Дешифрирование по аэроснимкам почв Северного Казахстана (лесостепная, степная и сухостепная зоны). – М.-Л.: Наука, 1966.


14: СӨЖ: Топырақ үлгілерін алу тәртібі.

Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


15 СӨЖ: Бүлінген экожүйелер анықтамасы және пайда болуы:

1. Бүлінген экожүйелер.

2. Бүлінген экожүйені жіктеу.

Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


16 СӨЖ: Бүлінген экожүйелер анықтамасы және пайда болуы:

1. Бүлінген экожүйелер.

2. Бүлінген экожүйені жіктеу.

Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


17 СӨЖ: Аэрофотоматериалдарды оқып үйрену.

1. Табиғат объектілерін дешифрлеуде қолданылатын түрлі көрсеткіштердің маңызы.

2. Кестені толтыру және сипаттама беру.

Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.

Афанасьева Т.В., Петрусевич Ю.М., Трифонова Т.А. Практикум по дешифрированию аэрофотоснимков при почвенных исследованиях. – М.: Изд-во МГУ, 1977.

Тольчельников Ю.С. Дешифрирование по аэроснимкам почв Северного Казахстана (лесостепная, степная и сухостепная зоны). – М.-Л.: Наука, 1966.


18: СӨЖ: Топырақ үлгілерін алу тәртібі.

Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


19 СӨЖ: Бүлінген экожүйелер анықтамасы және пайда болуы:

1. Бүлінген экожүйелер.

2. Бүлінген экожүйені жіктеу.

Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


20 СӨЖ: Күрделілік категориясы.

1. Күрделілік категориясын туралы конспект жазу.



Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


21: СӨЖ: Топырақ үлгілерін алу тәртібі.

Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.



Сурет 2 - Топокарталарда қолданылатын шартты белгілер

22 СӨЖ: Бүлінген экожүйелер анықтамасы және пайда болуы:

1. Бүлінген экожүйелер.

2. Бүлінген экожүйені жіктеу.



Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


23 СӨЖ: Топырақ үлгілерін алу тәртібі.

1. Топырақ шұңқырларының түрлері туралы конспект жазу.



Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


24: СӨЖ: Ауа және су көрсеткіштерінің негізгі көрсеткіштерінің ШРК мөлшерін жазыңыз.

Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


25 СӨЖ: Бүлінген экожүйелер анықтамасы және пайда болуы:

1. Бүлінген экожүйелер.

2. Бүлінген экожүйені жіктеу.

Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


26 СӨЖ: Бүлінген экожүйені картаға түсіруде АФС бойынша жұмыс маршрутын жоспарлау.

1. АФС бойынша жұмыс маршруттарын жоспарлаудың ерекшелігі.

2. №10 зертханалық жұмысты АФС бойынша орындау.

Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


27: СӨЖ: Медициналық-статистикалық көрсеткіштерді пайдалану.

Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


28 СӨЖ: Бүлінген экожүйелер анықтамасы және пайда болуы:

1. Бүлінген экожүйелер.

2. Бүлінген экожүйені жіктеу.

Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


29 СӨЖ: Бүлінген экожүйелердің топырақтары картасын жасаудың камеральды кезеңі.

1. Бұзылған экожүйелердің картасының алғашқы нұсқасын жасау. Контурларды индекспен белгілеу және бояу. Бұзылған экожүйелер картасына легенда жазу.

2. Бұзылған экожүйені қалпына келтіру негіздемесін жасау.

Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.


30: СӨЖ: Эрозия түрлері. Эрозия базисі туралы түсінік

Әдебиеттер:

Стурман В.И. Экологическое картографирование. – М.: Аспект Пресс, 2003. – 251 с.



10. Оқу, өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік нұсқаулар және есеп құжаттарының түрі

Пән бойынша сарамандар жоспарланбаған.


11. Студенттің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары
11.1 Білімді бағалау саясаты

Білімді бағалау саясаты төмендегі принциптерге сүйенеді: объективтілік, жариялық, икемделгіштік, жоғары дифференциальдық.

Рейтингілік бақылау және емтихан нәтижелері бойынша қорытынды баға қойылады.

Рейтингілік бақылау және қорытынды баға: Оқытушы семестрдің әрбір 8-аптасында 100 баллдық шкаламен рейтингтік көрсеткіші нәтижелерін қояды, ал рейтинг көрсеткіші, өз ретінде оқытушы ұйғарымына сәйкес өткізілген ағымдағы және аралық бақылау бойынша балл қосындысы болып есептеледі.

Қорытынды баға төмендегі формула бойынша есептеледі :

U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4;

мұндағы P1 – бірінші рейтинг бағасының цифрлік эквиваленті; P2 – екінші рейтинг бағасының цифрлік эквиваленті; Е – емтихан бағасының цифрлік эквиваленті.

Әріптік баға және оның балл түріндегі цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың проценттік санына сәйкес анықталады.


Семестр бойында 7(8) және 15 аптада 2 аралық бақылау өткізіледі. Студенттердің үлгерімі бақылау уақытында максимальды көрсеткіші 60%-ке тең. Семестр аяғында оқу пәні бойынша аралық аттестациялау – емтихан өтеді. Максималды көрсеткіш 40% құрайды. Екеуін қосқанда 100% құрайды.
11.1- кесте - Студенттердің білімі бағалау


Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның проценттік баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


Кесте 11.1 - Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)

№№

«Қоршаған орта туралы ілім» пәні бойынша білімді бағалау кестесі

Бағалау критерийі

Бағалау түрі

Апта

Жұмысы үшін,%

Барлығы,

%


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Зертханалық жұмыс бойынша есеп

1

15

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

2

СОӨЖ дайындығы және сабақтағы белсенділік

1

15

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

3

СӨЖ тапсырмаларын орындауы

1

15

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

4

Бақылау жұмысы

2,5

5,0



















2,5






















2,5

5

Сабаққа қатысуы

0,5

7,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

6

I аралық бақылау

5

5

 

 

 

 

 

 

+

 

 

 

 

 

 

 

 

7

II аралық бақылау

5

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

+

8

Р1




30














































9

Р2




30














































10

Емтихан




40














































11

Барлығы




100















































Студенттерге қойылатын талаптар
Пән бойынша жоғары балл алу үшін үнемі жұмыстану қажет. Яғни курс бойынша баға семестр бойына жинақталады. Сондықтан сіз сабақ кезінде белсенді жұмыс жасауға ұмтылуыңыз керек. Студенттер жоспар бойынша барлық тапсырмаларды мұқият және мезгілінде орындауы тиіс. Егер қойылған сұрақтарға дұрыс, әрі нақты жауап берілсе, тапсырмалар мұқият және толық көлемде орындалса, жұмыстың барлық түріне максимальды баға қойылады. Курстастарыңыз бен оқытушыға түсінікпен қарап, сыпайы болу керектігі ескертіледі.

1. Сабаққа қатысу: Сабаққа дайындалу және қатысу міндетті болып табылады. Сабаққа дәлелді себеппен келмеген жағдайда қосымша уақытта пәннің бағдарламасында көрсетілген тапсырмалар толық көлемде орындалуы тиіс. Сабаққа дәлелсіз себептермен курстың үштен бір бөлігіне қатыспаған жағдайда студенттің оқудан шығарылатыны туралы ескертіледі. Егер студент сабаққа дәлелді себеппен (қажетті құжаты болған жағдайда) қатыспаса, тиісті тапсырмаларды оқытушы белгілеген 2 апта мерзімде орындауға тиісті.


2. Аудиториядағы тәртіп: Кешіккен студенттер сабаққа жіберілмейді. Сабақ кезінде ұялы телефон қолдануға болмайды. Ұялы телефон өшірулі болуы керек.


3. СӨЖ, СОӨЖ, зертханалық жұмыс тапсырмаларын орындау: Студенттің өзіндік жұмысы міндетті түрде орындалуы керек және СӨЖ тапсырмалары ОЖСӨЖ кезінде тексеріледі. Орындау нәтижелері бойынша баға қойылады. Студент сабақ кезінде барлық оқу тапсырмаларын белсенді орындауы тиіс. Оқушылар әрбір зертханалық тақырып бойынша есеп беруі қажет, оқытушы көрсеткен уақыт ішінде өзіндік жұмысты орындау тиіс.

4. Бақылау жұмысы. Сабақ кезінде орындалады, сабақ соңында тапсырылады. Сабақтан соң қабылданбайды және бағаланбайды. Студенттердің білімін тексеру негізінен тест тапсырмаларын орындау және бақылау арқылы бағаланады.

5. Глоссарий және карталар салу. Контур картаға түрлі-түсті қаламдар қолданып карындашпен салу керек. Контур картада салынған объектілер барлығы жазылуы тиіс. Бұл тапсырмаларды орындау рейтинг көрсеткішіне ықпал ететінін ескеру керек. Барлық контур карталар, диаграммалар арнаулы папкаға тігіледі. Глоссарий СӨЖ дәптеріне орындалады.

6. Әңгімелесу, баяндамалар мен хабарламаларды талқылау. Тақырып, хабарлама, баяндамалар бойынша әңгімелесу әрбір топ үшін кесте бойынша жүргізіледі, қайта тапсыру рұқсат етілмейді. Білімдерін тексеру тест тапсырмаларын орындау арқылы жүргізіледі.

7. Рольдік ойын. Рольдік ойын топ бойынша дайындалады. Дайындау мерзімі: 1 апта. Студенттердің белсенділігі, логикалық ойлауы, тез және дәлме дәл жауап беруі мен проблемаларды толық шешуі ескеріледі.

8. Микроемтихан. Өзіндік жұмыстар аралық бақылауды жүргізбес бұрын кем дегенде 3 күн бұрын тапсырылуы тиіс. Студенттерге рейтинг көрсеткіш аралық бақылау тапсырылған күні қойылады.

Студент егер сабақ жібермей, тақырып бойынша жоспарланған барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындап, есеп беріп, бақылау және жеке өзіндік жұмыстарды уақытында тапсырған жағдайда. аралық бақылаудан босатылуы мүмкін. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (11.1, 11.2 кестелер бойынша).


11.2 Студенттердің білімін тексеру жөніндегі тақырып бойынша жазбаша бақылау сұрақтары
«Қоршаған орта туралы ілім» пәні бойынша жоспарланған бақылау сұрақтары 3-цикл бойынша тапсырылады. Бақылау сұрақтарының тізімі 11-тарауда берілген. Бақылау сұрақтары тест тапсырмалары немесе билет түрінде беріледі.
11.3 Тест сұрақтары.

«Бүлінген экожүйені картаға түсіру» пәні бойынша жоспарланған тест тапсырмалары офис-тіркеуші бөліміне тапсырылады. Төменде мысал келтірілген. Әрбір тапсырмаға жауаптың 5-варианті беріледі.


11.4 Өзіндік дайындық үшін сұрақтар тізімі

«Бүлінген экожүйені картаға түсіру» пәні бойынша өзіндік дайындық үшін сұрақтар тізімі тиісінше кредит-сағаттар бойынша берілген.




  1. Аймақтың бүлінген экожүйесіне сипаттама беру үшін экологиялық картографияның маңызы.

  2. Экологиялық картографияның мақсаты.

  3. Экологиялық картографияның негізгі міндеттері.

  4. Экологиялық картографияның негізгі бағыттары.

  5. Антропогендік әсер ету формалары.

  6. Жерді пайдалану түрлері.

  7. Ландшафтық-экологиялық картаға түсіру.

  8. Экологиялық карталардың басқа да табиғат карталарынан айырмашылығы.

  9. Экологиялық карталарды жіктеу принциптері.

  10. Экологиялық карталардың түрлері.

  11. Экологиялық ситуация түрлері.

  12. Экожүйе компоненттерінің бүлінуінен туындайтын экологиялық проблемалар.

  13. Антропогендік әсер ету бойынша аймақты ранжирлеу.

  14. Экологияллық проблемаларға байланысты аймақты ранжирлеу.

  15. Бүлінген экожүйелерді картаға түсіру этаптары.

  16. Бүлінген экожүйенің анықтамасын жазу.

  17. Бүлінген экожүйелердің жіктелуі.

  18. Бүлінген экожүйені зерттеу қандай мамандар қатысуымен жүреді?

  19. Экологиялық картография ғылымының анықтамасы.




  1. Кеңістікте өзгеретін кез келген құбылыстардың бейнелеудің тиімді тәсілі болып не саналады?

  2. Экологиялық картографияның зерттеу нәтижелері қайда қолданылады?

  3. Экологиялық карталарға қойылатын негізгі талаптарды атңыз.

  4. Экологиялық карталардың масштабына қарай бөлінуі.

  5. Экологиялық карталардың мазмұнына қарай бөлінуі.

  6. Экологиялық карталардың қолданылу бағытына қарай бөлінуі.

  7. Жерге орналастыру жобасы бойынша неліктен карта жасауға болмайды?

  8. Жерге орналастыру жоспары бойынша бүлінген экожүйені картаға түсіргенде қандай мәліметтер алынады?




  1. Бұзылған экожүйені картаға түсірудің зерттеу объектісі.

  2. Бүлінген экожүйені картаға түсіру үшін қандай картографиялық негіздер қолданылады?

  3. Топокарталардың басқа картографиялық негіздермен салыстырғанда артықшылығы мен кемшіліктері.

  4. Аймақтың қазіргі экологиялық жағдайының сипаттамасы берілген картада көрсетілетін

  5. мәліметтер туралы конспект жазу.


11.5 Емтихан билеттері.

«Қоршаған орта туралы ілім» пәні бойынша емтихан компьютерлік тестілеу әдісімен қабылданады, сондықтан емтихан билеттері жасалған жоқ.


12. Оқу жұмыстарын программалық және мультимедиалық тәсілдерді қолдана отырып жүргізу
Осы пән бойынша мультимедиялық құралдар жоқ.

Электронный учебник по экологии корпус № 4, читальный зал № 2


13. Арнаулы мамандандырылған кабинеттер мен зертханалардың тізімі

Корпус № 5, арнайы жабдықталған кабинет жоқ.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет