Биология тест тапсырмалары жинағы



жүктеу 0.87 Mb.
бет1/4
Дата09.06.2016
өлшемі0.87 Mb.
  1   2   3   4

testent.ru стр. 09.06.2016

Биология тест тапсырмалары жинағы
Вариант 1
1. Жасушааралық зат алмасу жүретін, көршілес жасуша цитоплазмаларын өзара байланыстыратын

саңылаулар орналасады:

А) Цитоплазмада D) Вакуольде

В) Жасуша қабықшасында Е) Пластидтерде

С) Ядрода

2. Түтікті-талшықты шоқтар орналасқан сабақтың қабаты:

А) Қабық D) Тін

В) Камбий Е) Сүрек

С) Өзек

3. Кактус тікенектері – түрі өзгерген:



А) Жапырақ D) Тамыр

В) Өркен Е) Гүл

С) Жеміс

4. Фагоцитоз құбылысын зерттеген ғалым:

А) Ч. Дарвин D) Т. Шванн

В) В. Гельмонт Е) К. Тимирязев

С) И. Мечников

5. Пішіні шар тәрізді бактериялар:

А) Бактериондар D) Коккалар

В) Таяқша тәрізділер Е) Спирилдер

С) Оралма тәрізділер

6. Қосжарнақтылар класына жатады:

А) Алаботалылар тұқамдасы D) Астық тұқымдасы

В) Інжугүл тұқымдасы Е) Лалагүлдер тұқымдасы

С) Пияз тұқымдасы

7. Құлқайырлар тұқымдасына жататын дәрілік өсімдік:

А) Гибискус D) Айдаршөп (шток-роза)

В) Құлқайыр Е) Жалбыз тікен

С) Шәйқұрай

8. Көпжасушалы ағзалар жасушаларының ішкі қабаты:

А) Энтодерма D) Мезодерма

В) Эктодерма Е) Гиподерма

С) Кутикула

9. Қосжақтаулы былқылдақ денелілердің өкілі:

А) Жалаңаш шырыш D) Тоспаұлуы

В) Мидия Е) Каракатица

С) Кальмар

10. Органикалық дүниенің тарихи дамуындағы жануарлардың жоғарғы тобы:

А) Жалпақ құрттар D) Жұмыр құрттар

В) Былқылдақденелілер Е) Желілілер

С) Буынаяқтылар

11. Жылқы жатырында ұрықтың даму және пісіп жетілу уақыты:

А) 9 ай D) 12 ай

В) 3 ай Е) 10 ай

С) 7 ай

12. Эпителий ұлпасының түріне жатпайды:



А) Борпылдақ D)Тығыз

В) Безді Е) Кірпікшелі

С) Негізгі

13. Мінез-құлық, тәрбие, сөйлеу, есте сақтау, ойлау реттеледі:

А) Үлкен ми сыңары қыртысы қызметі арқылы D) Ортаңғы ми қызметі арқылы

В) Сопақша ми қызметі арқылы Е) Мишық қызметі арқылы

С) Аралық ми қызметі арқылы

14. Жарық сезгіш құтышаларда болатын сезімтал зат:

А) Йодопсин D) Эферин

В) Родопсин Е) Цианкобаламин

С) Лизоцин

15. Сүйектердің қозғалмалы байланысы:

А) Бунақ D) Шеміршек

В) Буын Е) Сүйек тігісі

С) Байланыс

16. Бұл дәруменнің жетіспеуінен қаназдық кезінде оттегінің гемоглобинмен байланысы төмендейді:

А) В1 D) В12

В) В2 Е) С

С) В6

17. Қан қысымының жоғарлауы:

А) Гипотония D) Гипергликемия

В) Гипертония Е) Тахикардия

С) Гипогликемия

18. Үш түбірлі тістер

А) Барлығы D) Үстіңгі жақ азу тістері

В) Күрек тістер Е) Астыңғы жақ азу тістері

С) Ит тістер

19. Заттардың сыртқа шығарылуына қатыспайды:

А) Өкпе D) Бүйрек

В) Тері Е) Ішек

С) Бұлшық ет

20. Қоршаған орта температурасы жоғарылағанда жылу берудің ұлғаю себебі:

А) Қан тамырлары кеңейеді D) Қандағы қант мөлшерінің жоғарлауы

В) Май бездерінің бөлулері Е) Тер шығарудың азаюы

С) Қан тамырларының тарылуы

21. Сперматозоид пен жұмыртқа клеткасының қосылып, зиготаның пайда болу процесі:

А) Филогенез D) Даму

В) Онтогенез Е) Ұрықтану

С) Өсу

22. Организмнің тітіркенуін қамтамасыз ететін катиондар:



А) N, P, K D) Mg, Fe, S

В) K, Mg, H Е) S, Na, F

С) K, Na, Ca

23. Ұрық жапырақшаларының сыртқы қабаты:

А) Эктодерма D) Зигота

В) Мезодерма Е) Бластула

С) Энтодерма

24. Түрден жоғары систематикалық топтар: тұқымдастар, туыстар, отрядтар, кластар, типтердің эволюциялық

түзілісі:

А) Микроэволюция D) Филогенез

В) Макроэволюция Е) Этология

С) Эмбриология

25. Гомологиялық хромосомдарда орналасқан және бір белгінің дамуын анықтайтын жұп гендер:

А) Гомологиялық гендер D) Фенотип

В) Аллельды гендер Е) Гаметалар

С) Генотип

26. Гендер құрылысының өзгеруі, нуклеотидтін орналасу тәртібінің бұзылуы кезінде пайда болатын аурулар:

А) Гендік D) Филогенетика

В) Хромосомалық Е) Цитогенсиз

С) Альбинизм

27. Табиғаттың маусымдық құбылыстарының заңдылықтарын зерттейтін ғылым:

А) Селекция D) Биоценотика

В) Этология Е) Физиология

С) Фенология

28. Бір түр қорегінің қалдығымен екінші түр өкілінің қоректенуі, бұл жағдайда бір-біріне зиян

келмейді:

А) Конкуренция (бәсекелестік) D) Симбиоз

В) Жыртқыштық Е) Комменсализм

С) Паразитизм

29. Сандық пирамида ережесін ғылымға алғаш рет енгізді:

А) Э. Геккель D) Ч. Элтон

В) К. Мебиус Е) А. Тенсли

С) Ю. Либих

30. Тіршілік таралған жердің беткі қабаты:

А) Атмосфера D) Стратосфера

В) Литосфера Е) Биосфера

С) Гидросфера

Вариант 2
1. Өсімдіктер жасушасына ғана тән органоид:

А) Рибосома D) Ядро

В) Ядрошық Е) Пластид

С) Митохондрия

2. Інжугүлдің түрі өзгерген өркені:

А) Сояу D) Шырынды сабақ

В) Түйнек Е) Пиязшық

С) Тамырсабақ

3. Түйнек арқылы көбейеді:

А) Бүлдірген D) Қарағай

В) Құлпынай Е) Гиацинт (сүмбілшаш)

С) Картоп

4. Қан ұюына қатысатын омыртқалы жануарлардың қан жасушалары:

А) Антидене D) Эритроцидтер

В) Лейкоциттер Е) Тромбоцидтер

С) Пластидтер

5. Жасушалары екі-екіден орналасқан бактериалар:

А) Коккалар D) Спирилдер

В) Диплококкалар Е) Сарциналар

С) Стафилококкалар

6. Қосжарнақтылар класына жатады:

А) Құртқашаштар тұқымдасы D) Астық тұқымдасы

В) Лалагүлдер тұқымдасы Е) Пияз тұқымдасы

С) Асқабақ тұқымдасы

7. Раушангүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік:

А) Қара сұлы D) Шыршай

В) Қыша Е) Қанат жеміс

С) Ақбасқурай

8. Ішекқуыстылардың қозғалмайтын өкілі:

А) Гидра D) Медуза

В) Маржан Е) Актиния

С) Құлақты медуза

9. Басаяқты былқылдақденелілердің өкілі:

А) Жалаңаш шырыш D) Тоспаұлуы

В) Мидия Е) Айқұлақ

С) Кальмар

10. Желілілерге жатпайтын жануарлар:

А) Қандауырша D) Былқылдақденелілер

В) Балықтар Е) Қосмекенділер

С) Құстар

11. Суда тіршілік ететін сүтқоректі:

А) Көртышқан D) Құндыз

В) Түрпі Е) Кенгуру

С) Бұлғын

12. Дәнекер ұлпаның түріне жатпайды:

А) Өткізгіш D) Сүйек

В) Талшықты Е) Қан

С) Шеміршек

13. Бас миының қабынуы – энцефалитті таратады:

А) Үй жануарлары D) Кенелер

В) Құстар Е) Бунақденелілер

С) Кемірушілер

14. Адам «ақшам соқыр» ауруы кезінде:

А) Алыс заттарды көрмейді D) Күндіз заттарды ажырата алмайды

В) Заттарды жақыннан көрмейді Е) Заттардың түсін ажырата алмайды

С) Кешкі уақытта заттарды ажырата алмайды

15. Сүйек түзіледі:

А) Жасуша аралық заттан D) Жүйке ұлпасынан

В) Эпителий ұлпасынан Е) Әр түрлі ұлпалардан

С) Дәнекер ұлпасынан

16. Лейкоциттердің негізгі қызметі:

А) Қоректік D) Қан ұюға қатысу

В) Тыныс алу Е) Қорғаныш

С) Тасымалдау

17. Жүрек жиырылуын жиілететін, қан қысымын арттыратын гормон:

А) Тироксин D) Эстроген

В) Паратгормон Е) Адреналин

С) Инсулин

18. Сүт тістердің саны:

А) 10 D) 25

В) 15 Е) 30

С) 20


19. Бүйректің атқаратын функциясы:

А) Ағзадан қанттың артық мөлшерін шығарады D) Глюкозаны гликогенге айналдырады

В) Ағзадан қорытылмаған заттарды шығарады Е) Катализатор қызметін атқарады

С) Ыдырау сұйық өнімдерін шығарады

20. Терінің күбірткі ауруында:

А) Тері эпидермисі қабынады D) Саусақтағы тырнақ көбесінің іріңдеп қабынуы

В) Май бездері қабынуы Е) Тері бездерінің қабынуы

С) Шаш ұясы қабынады

21. Таулы климат жағдайында организмнің өтем реакциясы:

А) Реабсорбция және клеткаларда судың жиналуының күшеюі В) Гемоглобиннің оттегін қажетсінуінің артуы, қор жинақтайтын мүшелерден қан кетуі

С) Тер болу арқылы организмнің температураны сақтауы

D) Қан айналымының күшеюі, зат алмасуының артуы

Е) Артериялық қан қысымының артуы

22. Жай қанттар:

А) Моносахаридтер D) Крахмал

В) Дисахаридтер Е) Мальтоза

С) Полисахаридтер

23. Ұрық жапырақшаларының ішкі қабаты:

А) Эктодерма D) Зигота

В) Мезодерма Е) Бластула

С) Энтодерма

24. Түр немесе басқа систематикалық топтардың тіршілік үшін күрестегі жеңісі:

А) Макроэволюция D) Биологиялық прогресс

В) Микроэволюция Е) Биологиялық регресс

С) Морфологиялық критерий

25. Организмнің ата-анадан алынған барлық гендерінің жиынтығы:

А) Хромосомалар D) Генотип

В) Гаметалар Е) Гетерозигота

С) Фенотип

26. Аутосомды хромосомалардың 21-ші жұбында артық бір хромосома болатын аурудың түрі:

А) Даун ауруы (синдромы) D) Альбинизм ауруы

В) Клайнфельтер ауруы Е) Дальтонизм ауруы

С) Шершевский ауруы

27. Организмнің күннің ұзақтығына, күн мен түннің алмасуына реакциясы:

А) Биоценотика D) Фотопериотизм

В) Фототрофтылар Е) Биологиялық ырғақ

С) Биоиндикатор

28. Екі түрдің де болуы міндетті, екі жаққа бірдей пайда әкелетін симбиозды қарым-қатынастар:

А) Конкуренция (бәсекелестік) D) Мутуализм

В) Паразитизм Е) Зоохория

С) Комменсализм

29. Экожүйедегі организмдердің сандық көрсеткіштерін анықтайды:

А) Сандық пирамида D) Өнімділік

В) Биомаса пирамидасы Е) Сукцессия

С) Энергия пирамидасы

30. Космоспен шектелетін біздің планетамыздан кеңістігі:

А) Гидросфера D) Батиаль

В) Литосфера Е) Абиссаль

С) Атмосфера

Вариант 3
1. Өсімдікке жасыл түс беретін және органикалық зат түзуге қатысатын пластидтер:

А) Хлоропластар D) Вакуоль

В) Хромопластар Е) Лейкопластар

С) Митохондриялар

2. Бүлдіргеннің түрі өзгерген жер асты өркені – тамыр сабағы:

А) Жатаған D) Қысқарған

В) Шырынды Е) Түйнек тәріздес

С) Бұршақ тәріздес

3. Пияз, сарымсақ, қызғалдақ көбейеді:

А) Түйнек арқылы D) Пиязшықтары арқылы

В) Тамырсабақ арқылы Е) Қалемше арқылы

С) Мұртшалары арқылы

4. Су мен ақуыздан тұратын қанның сұйық бөлігі:

А) Цитоплазма D) Кариоплазма

В) Плазма Е) Сұйықтық

С) Жасуша шырыны

5. Жасушалары төрт-төрттен орналасқан бактериялар:

А) Коккалар D) Спирилдер

В) Диплококкалар Е) Тетракоккалар

С) Стафилококкалар

6. Даражарнақтылар класына жатады:

А) Бұршақ тұқымдасы D) Алқалылар тұқымдасы

В) Раушангүлділер тұқымдасы Е) Құртқашаштар тұқымдасы

С) Алаботалылар тұқымдасы

7. Жапырағы үшқұлақты күрделі жапырақ:

А) Таңқурай D) Итмұрын

В) Қазтабан Е) Шетен

С) Шие


8. Ағзаның қайта қалпына келуіне қатысатын ішекқуыстылардың жасушалары:

А) Жүйке D) Ас қорыту

В) Тері-бұлшық ет Е) Аралық

С) Атпа


9. Ағаштан жасалған құрылыстар мен кеме түбін тесетін қосжақтаулы былқылдақдене:

А) Устрица D) Мидия

В) Жалақаш шырыш Е) Кемеқұрт

С) Сегізаяқ

10. Омыртқасы жоқ желілі жануар:

А) Қандауыршалар D) Балықтар

В) Қосмекенділер Е) Бауырымен жорғалаушылар

С) Құстар

11. Қазақстанның Қызыл Кітабына енген сүтқоректі кемірушілер отрядының өкілі:

А) Көксуыр D) Құмқоян

В) Жұпар тышқан Е) Қара кірпі

С) Жертесер

12. Жүйке ұлпасының жасушасы:

А) Нейрон D) Миоцит

В) Нейроглия Е) Нефрон

С) Эритроцит

13. Бас миы торлы қабықшасының қабынуы:

А) Холецистит D) Отин

В) Арахноидит Е) Бронхит

С) Панкреатит

14. Жақыннанкөргіштік кезінде кескін түседі:

А) Торлы қабықтың артына D) Соқыр даққа

В) Торлы қабыққа Е) Сары даққа

С) Торлы қабықтың алдына

15. Сүйектің өсуі мына ұлпа жасушаларының бөлінуіне байланысты:

А) Сүйек ұлпасының D) Сүйек кемігінің

В) Шеміршек ұлпасының Е) Бұлшық ет ұлпасының

С) Борпылдақ ұлпаның

16. Жарадан аққан ірің – ол:

А) Клетка аралық заттар D) Өлген эритроциттер, ұлпалар

В) Ұлпа сұйықтығы Е) Өлген тромбоциттер, ұлпалар, клеткалар

С) Өлген лейкоциттер, ұлпалар, клеткалар

17. Организмде калий иондары жүрекке мына жүйе тәріздес әсер етеді – ол:

А) Жұлын D) Мишық

В) Симпатикалық жүйе Е) Варолиев көпірі

С) Парасимпатикалық жүйе

18. Адамға ақыл тіс пайда болады:

А) 18 жаста D) 30 жаста

В) 20-22 жаста Е) 35 жаста

С) 26 жаста

19. Несепағар қан тамырлары мен жүйкелер орналасқан бүйректің ішкі қуысы:

А) Бүйрек астаушасы D) Капсула

В) Камера Е) Қатпар

С) Нефрон

20. Егер денені күйдірсе, күйген жерді жуу керек:

А) Бор қышқылымен D) Формалинмен

В) Ас тұзының ерітіндісімен Е) Кез-келген химиялық зат ерітіндісімен

С) Ас содасы ерітіндісімен

21. ДНК молекуласы тұрады:

А) Бір қатар спиральдан D) Төрт қатар спиральдан

В) Екі қатар спиральдан Е) Бес қатар спиральдан

С) Үш қатар спиральдан

22. Екі моносахаридтің қосылысы:

А) Глюкоза D) Дисахарид

В) Фруктоза Е) Полисахарид

С) Галактоза

23. Ұрық жапырақшаларының аралық қабаты:

А) Эктодерма D) Зигота

В) Мезодерма Е) Бластула

С) Энтодерма

24. Тіршілік ету орта жағдайларына бейімдеушілік деңгейінің төмендеуі, түр санының азаюы, түр ареалының тарылуы байқалады:

А) Макроэволюция D) Биологиялық прогресс

В) Микроэволюция Е) Биологиялық регресс

С) Морфологиялық критерий

25. Организмнің сыртқы және ішкі белгілерінің жиынтығы:

А) Хромосомалар D) Генотип

В) Гаметалар Е) Гетерозигота

С) Фенотип

26. Ер адамдарда кездесетін артық жыныс Х-хромосоманың болуы кезінде пайда болатын ауру түрі:

А) Даун ауруы (синдромы) D) Альбинизм ауруы

В) Клайнфельтер ауруы Е) Дальтонизм ауруы

С) Шершевский ауруы

27. Белгілі бір аймақта немесе территорияда тіршілік ететін особьтардың (даралардың) мөлшері:

А) Туылым D) Популяция құрылымы

В) Тығыздығы Е) Өсім

С) Саны


28. Өсімдіктер тұқымдастарының жануарлар арқылы таралу құбылысы:

А) Симбиоз D) Зоохория

В) Комменсализм Е) Аллелопатия

С) Мутуализм

29. Экожүйеде уақыттың белгілі бір аралығында жалпы құрғақ салмақты анықтайды:

А) Сандық пирамида D) Өнімділік

В) Биомаса пирамидасы Е) Сукцессия

С) Энергия пирамидасы

30. Биосфераның ауа қабаты:

А) Гидросфера D) Батиаль

В) Литосфера Е) Абиссаль

С) Атмосфера


Вариант 4
1. Жасуша шырыны болады:

А) Цитоплазма D) Вакуоль

В) Ядро Е) Митохондрия

С) Хлоропласт

2. Алма мен терек жапырақтарының жүйкеленуі:

А) Саусақсалалы D) Доғалы

В) Параллель Е) Қауырсын тәрізді торлы

С) Үшқұлақты

3. Гүлден дамиды:

А) Жеміс пен тұқым D) Тамыр

В) Жапырақ Е) Сабақ

С) Өркен


4. Өзен шаянының қорегін ұстауға арналған аяғы:

А) Құрсақ аяқтары D) Жақ аяқтары

В) Жүргіш аяқтары Е) Қысқыш

С) Құйрық жүзбе қанаты

5. Жасушалары жүзім тәріздес шоқтанып орналасқан бактериялар:

А) Коккалар D) Спирилдер

В) Диплококкалар Е) Тетракоккалар

С) Стафилококкалар

6. Даражарнақтылар класына жатады:

А) Бұршақ тұқымдасы D) Алқалылар тұқымдасы

В) Раушангүлділер тұқымдасы Е) Астық тұқымдасы

С) Алаботалылар тұқымдасы

7. Жапырағы жай, раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдік:

А) Таңқурай D) Итмұрын

В) Қазтабан Е) Шетен

С) Шие


8. Әктен түзілген қаңқаларынан рифтер түзілетін ішекқуыстылар:

А) Гидралар D) Медузалар

В) Актиниялар Е) Құлақты медуза

С) Көпаяқты

9. Көкөніс және жемістерге зиян келтіретін бауыраяқты былқылдақдене:

А) Ұлулар D) Мидия

В) Жалаңаш шырыш Е) Кемеқұрт

С) Айқұлақ

10. Қандауыршаның көбеюі мен дамуын зерттеген ғалым:

А) А. Ковалевский D) С. Навашин

В) Н. Вавилов Е) Л. Пастер

С) Ч. Дарвин

11. Қазақстанның таулы аймақтарында кездесетін аюлар тұқымдасының түрі:

А) Ақ аю D) Гималай аюы

В) Ақ кеуделі аю Е) Қоңыр аю

С) Малай аюы

12. Нейронның ұзын өсіндісі:

А) Сома D) Синапс

В) Дендрит Е) Дене

С) Аксон


13. Вегетативтік жүйке жүйесі анатомиялық ерекшеліктері мен атқаратын қызметіне байланысты

бөлінеді:

А) Шеткі және орталық D) Симпатикалық және парасимпатикалық

В) Шеткі және соматикалық Е) Соматикалық және вегетативтік

С) Орталық және симпатикалық

14. Алыстанкөргіштік кезінде адамға берілетін көзілдірік:

А) Дөңес линзамен D) Екі жақты дөңес

В) Ойыс Е) Мүлдем берілмейді

С) Екі жақты ойыс

15. Сүйек құрамындағы көп мөлшердегі заттар:

А) Органикалық D) Клетка аралық

В) Бейорганикалық Е) Органикалық заттар және су

С) Су

16. Фагоцитоз құбылысын ашқан ғалым:

А) И.П.Павлов D) Н.А.Семашко

В) И.И.Мечников Е) Г.Н.Сперанский

С) И.М.Сеченов

17. Жүректің ұлпалары зақымданатын аурудың түрі:

А) Ангина D) Ревматизм

В) Гайморит Е) Ларингит

С) Фарингит

18. Тістің сүйегіне бекитін бөлігінің үстін қаптайтын зат:

А) Кіреуке (эмаль) D) Мойыны

В) Дентин Е) Ұлпа

С) Тіс сауыты

19. Бүйрек құрылатын ерекше жасушалар:

А) Нейрондар D) Миоцит

В) Нефрондар Е) Остеоцит

С) Нейроглин

20. Егер денені сілті күйдірсе, күйген жерді жуу керек:

А) Күкірт қышқылының ерітіндісімен D) Сірке қышқылының ерітіндісімен

В) Азот қышқылының ерітіндісімен Е) Карбол қышқылының ерітіндісімен

С) Тұз қышқылының ерітіндісімен

21. Ген дегеніміз:

А) Нәруыз молекуласының мономері

В) Эволюциялық процестер үшін материал

С) Нәруыздың алғашқы құрылымы жазылған ДНК молекуласының бөлігі

D) Ата-анасы белгілерінің ұрпақ беру қабілеттілігі

Е) Ядроның құрылымдық элементі

22. 1 г көмірсу ыдырағанда түзіледі:

А) 10 кДж энергия D) 25 кДж энергия

В) 17,6 кДж энергия Е) 41,2 кДж энергия

С) 21,5 кДж энергия

23. Организмнің түрленіп дамуы:

А) Онтогенез D) Гаметогенез

В) Сперматогенез Е) Эмбриональды

С) Метаморфоз

24. Эволюция барысында тіршілік иелерінің құрылым деңгейін жоғарылататын белгілердің пайда болуы:

А) Биологиялық прогресс D) Ароморфоз

В) Биологиялық регресс Е) Метаморфоз

С) Морфологиялық прогресс

25. Бірдей аллельді гендері бар (АА немесе аа) организм гепатиті:

А) Гомозигота D) Доминатты

В) Гетерозигота Е) Рецессивті

С) Гетерогаметалы

26. Бір жыныс Х-хромосомасының болмауы кезінде байқалатын аурудың түрі:

А) Даун ауруы (синдромы) D) Альбинизм ауруы

В) Клайнфельтер ауруы Е) Дальтонизм ауруы

С) Шершевский ауруы

27. Кеңістікте орын алатын популяцияның аудан немесе көлем бірлігіне қатысты особьтардың

(даралардың) орташа саны:

А) Туылым D) Популяция құрылымы

В) Тығыздығы Е) Өсім

С) Саны


28. Бір түр организмжерінің екінші түр организмге әр түрлі заттарды бөлу жолымен әсері:

А) Симбиоз D) Өнімділік

В) Комменсализм Е) Сукцессия

С) Мутуализм

29. Экожүйеде энергиялық қозғалыс күшін немесе оның «өнімділігін» анықтайды:

А) Сандық пирамида D) Өнімділік

В) Биомаса пирамидасы Е) Сукцессия

С) Энергия пирамидасы

30. Биосфераның су қабаты:

А) Атмосфера D) Гидросфера

В) Тропосфера Е) Литосфера

С) Стратосфера




Вариант 5
1. Гүл күлтеріне, піскен жемістерге қызыл, сары түс беретін пластидтер:

А) Хлоропластар D) Вакуоль

В) Хримопластар Е) Лейкопластар

С) Митохондриялар

2. Сабақтың әр буынында бір жапырақ қана болған жағдайдағы жапырақтың орналасуы:

А) Қарама-қарсы D) Кезектесіп

В) Жеке Е) Топтанып

С) Буынды

3. Генеративті мүше:

А) Сабақ D) Жапырақ

В) Гүл Е) Тамыр

С) Өркен


4. Айқышты өрмекшінің аяқтарының саны:

А) Екі жұп D) Үш жұп

В) Төрт жұп Е) Бес жұп

С) Алты жұп

5. Жануарлардың өлекселері, өсімдіктердің қалдықтарымен қоректенетін бактериялар:

А) Автотрофтылар D) Консументтер

В) Сапрофиттер Е) Паразиттер

С) Продуценттер

6. Оңтүстіказиялық тропиктік орталық отаны болып саналады:

А) Өріктің D) Қызылшаның

В) Күріштің Е) Картоптың

С) Қарақұмықтың

7. Жапырағы қауырсын тәрізді күрделі раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдік:

А) Таңқурай D) Итмұрын

В) Қазтабан Е) Алма

С) Шие


8. Паразит құрттарды зерттеумен айналысатын ғылым:

А) Бриология D) Микология

В) Палеонтология Е) Гистология

С) Гельминтология

9. Тағам ретінде пайдаланатын қосжақтаулы былқылдақдене:

А) Ұлулар D) Мидия

В) Жалаңаш шырыш Е) Кемеқұрт

С) Айқұлақ

10. Қандауыршаның орталық жүйке жүйесінің қызметін атқарады:

А) Жүйке түйіндері D) Жүйке түтігі

В) Жұтқыншақ маңы түйіндер Е) Көлденең жүйкелер

С) Бас миы

11. Қытай – Малай орталығы отаны болып саналады:

А) Иттердің D) Ешкілердің

В) Сиырлардың Е) Түйелердің

С) Ламалардың

12. Қаңқа еттерін қызметін реттейді:

А) Вегетативті жүйке жүйесі D) Парасимпатикалық жүйке жүйесі

В) Соматикалық жүйке жүйесі Е) Шеткі жүйке жүйесі

С) Симпатикалық жүйке жүйесі

13. Симпатикалық вегетативтік ядро орналасады:

А) Үлкен ми сыңары қыртысында D) Мишықта

В) Сопақша мида Е) Жұлында

С) Ортаңғы ми

14. Оқу кезінде кітап көзден мынадай қашықтыққа алыс болуы тиіс:

А) 20-25 см D) 35-40 см

В) 25-30 см Е) 40-45 см

С) 30-35 см

15. Қаңқаның дұрыс дамуына әсер ететін дәрумен:

А) А D) С

В) В6 Е) Д

С) В12

16. Организмнің антиденені жасау қабілеттілігі организмде қалыптастырады:

А) Тромб түзелуден сақтауды D) Фибриннің фибринге айналуы

В) Ішкі ортаның тұрақтылығын Е) Протромбиннің тромбинге айналуы

С) Иммунитетті

17. Альвеолалардан тұратын тыныс алу мүшесі:

А) Жұтқыншық D) Кеңірдек

В) Көмекей Е) Танау қуысы

С) Өкпе


18. Тістің кіреуке қабатында пайда болған жарыққа іріңнің пайда болуы:

А) Пульпит D) Парадонтит

В) Стоматит Е) Парадонтоз

С) Тіс шірімесі

19. Бүйрек каналдарының юкстагломерулярлы жасушалары ренин нәруызын бөледі, ол:

А) Улы заттарды шығарады D) Реттеу функциясын атқарады

В) Қан түзеді Е) Қан қысымын реттеуге қатысады

С) Рефлекторлық функция атқарады

20. Адам организмінде ультракүлгін сәулелердің әсерінен түзіледі:

А) Д витамині және пигмент меланин D) Мейснер денешесі

В) Тері асты шел қабаты Е) Қоректену үшін органикалық заттар

С) Эпидермис клеткалары

21. ДНК молекуласында жазылған ақпаратты рибосомаға жеткізуші:

А) Цитоплазма D) Хромосома

В) Ақпараттық РНҚ Е) Гольджи аппараты

С) Тасымалдаушы РНҚ

22. Өздігінен ұрпақ шығаруға және дамуға қабілетті ұсақ биологиялық жүйе:

А) Клетка D) Популяция

В) Ұлпа Е) Түр

С) Организм

23. Түрдің тарихи дамуы

А) Онтогенез D) Гаметогенез

В) Филогенез Е) Метаморфоз

С) Сперматогенез

24. Тұқымқуалайтын өзгергіштік пен табиғи сұрыпталудың негізінде ұзақ уақыт бойы жүретін

процесс:


А) Биологиялық прогресс D) Ароморфоз

В) Биологиялық регресс Е) Метаморфоз

С) Морфологиялық прогресс

25. Аллельді гендері екі түрлі (Аа) организм гепатиті:

А) Гоиозигота D) Доминатты

В) Гетерозигота Е) Рецессивті

С) Гетерогаметалы

26. Өсімдіктердің жаңа іріктемелерін, жануарлардың бағалы қолтұқымдарын және

микроорганизмдердің қажетті штаммаларын шығару туралы ғылым:

А) Генетика D) Селекция

В) Физиология Е) Эмбриология

С) Ценология

27. Көбею нәтижесінде уақыт бірлігіне пайда болған жаңа особьтардың (даралардың) саны:

А) Саны D) Өлім

В) Тығыздығы Е) Өсім

С) Туылым

28. Жануарларды еліктіретін өсімдіктердің бөліп шығаратын заттары:

А) Консументтер D) Антрактанттар

В) Продуценттер Е) Репелленттер

С) Редуценттер

29. Тірі организмдерде жиі кездесетін химиялық элементтер:

А) Биогенді элементтер D) Ультрамикроэлементтер

В) Макроэлементтер Е) Мезоэлементтер

С) Микроэлементтер

30. Биосфераның қатты қабаты:

А) Атмосфера D) Гидросфера

В) Тропосфера Е) Литосфера

С) Стратосфера


  1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет