Биологияға кіріспе пәнін оқып, студенттер биологияның тарихи пайда болу сатысын, өзара байланысын қазіргі биологияның фундаментальдық мәселелерді және ғылымның методологиясын таныстырады



бет31/33
Дата10.03.2022
өлшемі3.54 Mb.
#456135
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Биологияға кіріспе пәнінен әдістемелік нускау

Глоссарий:
Аутэкология - сыртқы ортаның әртүрлі факторларының жеке организмдерге (дара, түр) және популяцияға әсерін зерттейтін экология саласы;
Абиотикалық факторлар - тірі организмдерге тікелей немесе жанама әсер ететін өлі табиғат элементтері (космостық, геофизикалық, климаттық, кеңістік, уақытша, т.б.);
Абиогенді- тірі организмдердің қатысуынсыз жүретін процесс;
Аутэкология - белгілі түрге жататын жеке особьтарды зерттейтін экологияның бөлімі немесе түр экологиясы;
Биотикалық факторлар - тірі организмдердің бір-біріне әсерінің барлық түрлері;
Биоценоз — кұрлықтың не суқойманың бip үлескесінде тіршілік етуші өзара байланысты микроорганизмдер, жануарлар және өсімдіктер жиынтығы;
Демэкология - популяциялар мен оларды қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарын зерттейтін экологияның бөлімі;
Синэкология (грек, syn - бipгe) - популяцияның, қауымдастық пен экожүйенің қоршаған ортамен өзара қатынасын зерттейтін экология бөлімі;
Экожүйе- жүйе ішіндегі түрлердің көптүрлілігі мен зат айналымын түзетін энергия ағымымен қамтамасыз ететін, берілген үлескідені белгілеу үшін қолданылады;
Экологиялық пирамида - биотоптың кері пирамидасы, 1966 ж. Ч. Элтон тұжырымдаған концепция;
Экология (грек, oikos - үй, орын және logos - ілім, ғылым) - организмдердің және олар түзетін қауымдастықтың өзара және қоршаған ортамен қарым-қатынастары туралы ғылым;
Экологиялық зиян - антропогендік ic-әрекеттердің зардабынан болған қоршаған ортадағы жағымсыз өзгерістер.


Блиц-тест:
1. Ағзалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым:
A) этология;
B) этнология;
C) эхинология;
D) экология;
E) этноботаника.
2. Агроценоздар дегеніміз:
A) өте көп түрлерден құралған биогеоценоздар;
B) жасанды биогеоценоздар;
C) жойылмайтын тұрақты биогеоценоздар;
D) топыраққа түскен заттарды пайдаланатын биогеоценоздар;
E) табиғи биогеоценоздар.
3. Экожүйе дегеніміз:
A) аймақ;
B) түрлердің дамуы;
C) түрлер жиынтығы;
D) түрлердің тұрақты деңгейі;
E) түрлердің өзгеруі.
4. Экожүйе терминін 1935 жылы ғылымға енгізген:
A) А.Н.Северцев;
B) М.В.Ломоносов;
C) Ч.Дарвин;
D) Аристотель;
E) А.Тексли.
5. Биологиялық оптимум деп ненің үйлесімділігін айтады?
А) биотикалық факторлардың;
B) абиотикалық факторлардың;
C) барлық факторлардың;
D) антропогендік факторлардың;
E) антропогендік биотикалық факторлардың.
6. Тірі зат деп қайсысын айтамыз?
А) қорек тізбегінің екінші баспалдағына өтетін продуценттер биомассасы;
B) өлген ағзалардың денелерінен түзілген масса;
C) жердің барлық организмдерінің жиынтығы;
D) тірі ағзалардың шіруі нәтижесінде;
E) редуценттердің биомассасы.
7. Даралар арасында бір-бірімен тығыз байланыста болатын түрлер тізбегі:
А) қоректену торы;
B) заттардың айналымы;
C) қоректік;
D) биоценоз;
E) экологиялық пирамида.
8. Экология» термині қай ғалымның есімімен байланысты:
А) В.И.Вернадский;
B) Э.Геккель;
C) К.Мебиус;
D) Ю.Либих;
E) В.Н.Сукачев.
9. Табиғат пайдаланушылар үнемі басшылыққа алатын экологияның 4 заңдылығын негіздеген ғалым:
А) Э.Леруа;
B) Б.Коммонер;
C) В.Н.Сукачев;
D) В.В.Докучаев;
E) Э.Зюсс.
10. Толеранттылық заңын ашқан кім:
А) Ю.Одум;
B) Э.Геккель;
C) В.Радкевич;
D) Ю.Либих;
E) В.Шельфорд.
11. Тірі ағзаға әсер ететін қоршаған ортаның элементтері:
А) экологиялық жүйе;
B) экологиялық спектр;
C) экологиялық орта;
D) экологиялық орын;
E) экологиялық фактор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет