2. Тақырып және тапсырмалар бойынша кеңес беру оқытушы студенттерден қандай сұрақтар қиындық туғызғанын сұрап, оларға кеңес береді. Содан кейін ОСӨЖ барысын түсіндіреді.
3. Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттердің өзіндік жұмысы (кесте толтыру және жаттығулар мен жағдайлық есептерді шешу). Студенттер тапсырманы орындау кезінде оқытушы студенттердің өзіндік жұмысты орындауын тексереді, , тапсырманы кімнің дұрыс орындағанын тексеріп, оны бағалайды, қажет болғанда түзету енгізеді.
4. Шағын топта жұмыс жасау. Студенттер 4 топқа бөлінеді: әр топ жағдайлық есепті шешеді, оны талдап, содан соң бүкіл топпен барлық жағдайлық есепті талдайды.
5. ОСӨЖ-ді қорытындылау – оқытушы студенттермен бірге тақырып бойынша қорытынды жасайды.
Кестені толтыру: «Витаминдердің кофермент түзуге қатысуы»:
Жаттығулар:
Е витаминінің тіндік тыныс алуға және липидтер алмасуына әсері қандай?
В1 авитаминозы кезінде неліктен көмірсулар алмасуы бұзылады?
А витаминінің авитаминозы кезінде неліктен ксерофтальмия байқалады?
Д3 витаминінің активті алмасу формаларының құрылысын жазыңыз.
Қандай витамин жеткіліксіз түссе, қан ұюының бұзылуы байқалады?
Қандай витаминдер жануар организмінде өте аз мөлшерде синтезделуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |