6.Плешкова С.М., Жакыпбекова С.С, и соавт. Учебное пособие для самостоятельной подготовки студентов по биохимии, часть 2, Алматы, 2009.
7. Бақылау: Бұл сабақ бойынша компетенцияларды бағалау әдістеріне кіреді:
Білім компетенциясын бағалау: ауызша сұрақтарға жауап беру, жазбаша бақылау жұмысы, бойынша іске асады.
ОСӨЖ №5 1. Тақырыбы: Белоктар алмасуы. Белоктардың қорытылуы, сіңірілуі. Асқазан сөлінің биохимиясы: қалыпты жағдайдағы құрамы және физикалық-химиялық қасиеттері, патологиялық жағдайда ауытқуы. Асқазан сөлінің қышқылдығын анықтау. Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктерін анықтаудың сапалық реакциялары. Ішекте белоктардың улы шіру өнімдерін залалсыздандыру.
2. Мақсаты: 1. Студенттерде белоктардың қорытылуы, амин қышқылдарының ащы ішекте сіңірілуі туралы білім қалыптастыру;
2. Тоқ ішекте белоктардың шіруі, белоктардың улы шіру өнімдерін залалсыздандыру туралы білім қалыптастыру.
3. Кәсіби әдебиетпен жұмыс істеуді және жағдайлық есеп шығаруды қалыптастыру .
3. Оқыту міндеттері: 1. Жағдайлық есептерді шығару.
2. Студентті кәсіби әдебиетпен жұмыс істеуге және Интернетпен жұмыс жасауға ынталандыру .
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: Қалыпты жағдайдағы асқазан сөлінің физико-химиялық қасиеттері және химиялық құрамы.
Асқазан сөліндегі тұз қышқылының рөлі.
Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктері, пайда болу себептері.
АІЖ-дағы белоктардың қорытылуы, бұл үрдістерге қатысатын ферменттер, оларға сипаттама.
Амин қышқылдарының сіңірілуі.
Белоктардың ішекте шіруі, улы шіру өнімдерінің залалсыздануы. Залалсызданудың жүретін орны мен әдістері.
5. Оқыту мен сабақ берудің әдістері:
Аралас комбинирленген тәсіл.
1) Сабақ бойынша кеңес беру.
2) Оқытушының жетекшілігімен жүретін студенттің өзіндік жұмысы (кесте толтыру, жағдайлық есеп шығару, жаттығуларды орындау).
Оқыту құралдары: кестелер, сызбанұсқалар
Сабақ сценариі:
Оқу журналы,
Жағдайлық есептер, жаттығулар
Оқытушыларға арналған методикалық нұсқаулар сценариімен
Силлабус
Биохимиядан практикум (биохимия кафедрасы), Алматы, 2004, Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралдары, 2 бөлігі