Биологиялық химия Кафедрасы



бет105/226
Дата19.10.2023
өлшемі0.76 Mb.
#481095
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   226
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина»

1. Тақырыбы: Липидтер алмасуы. Ацетил-КоА-ның пайдаланылу жолдары. БМҚ, кетон денелерінің, холестериннің синтезі. Кетон денелерінің пайдаланылуы. Холестерин алмасуы. Липидтер алмасуының соңғы өнімдерінің бөлінуі. Липидтер алмасуының бұзылыстары.
2. Мақсаты:

    1. Студенттерде активті сірке қышқылының (АСҚ) пайдаланылуының негізгі жолдары туралы білім қалыптастыру.

    2. Студенттерде холестерин алмасуы туралы білім қалыптастыру.

    3. Студенттерде кетогенез туралы білім қалыптастыру

    4. Студенттерде липидтер алмасуының бұзылуының биохимиялық механизмдері туралы білім қалыптастыру.

    5. Студенттердің арнайы әдебиеттермен және интернетпен жұмыс жасаған кезде дағдылар мен аналитикалық қабілеттерін қалыптастыру.

    6. Жаңадан терминдер мен түсініктер енгізу.

3. Оқытудың міндеттері:
1. АСҚ-ң БМҚ, кетон денелері, холестериннің синтезіне пайдаланылу жолдарын қарастыру.
2. Холестерин алмасуын қарастыру.
3. Липидтер алмасуы бұзылуының биохимиялық механизмдерін қарастыру.
4. Жаңадан түсініктер енгізу және терминдерге анықтама беру: кетон денелері(ацетон, ацетосірке қышқылы, бета-гидроки-май қышқылы), кетогенез, ГМГ-редуктаза,мевалон қышқылы, ланостерин, сквален.
5. Студенттерді арнайы әдебиеттермен және интернеттен материал іздеуге ынталандыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. АСҚ-ның пайдаланылу жолдары.
2. БМҚ биосинтезінің сатылары.
3. Кетон денелерінің синтезі, гиперкетонемия мен кетонурия себептері, аштық және қантты диабет кезіндегі даму механизмі.
4. Кетон денелерінің тотығуы. Ацетосірке және -гидроксимай қышқылдарының тотығуының энергиялық балансы.
5. Холестерин синтезі, сатылары және холестерин синтезінің реттелуі.
6. Холестерин мен кетон денелерінің синтезінің ұқсастықтары мен айырмашылығы.
7. Холестерин алмасуы.Холестерин алмасуындағы бауырдың рөлі. Холестерин алмасуындағы ТТЛП пен ТЖЛП рөлі.
8. Липидтер алмасуының соңғы өнімдері және олардың ағзадан бөлінуі.
9. Липидтер алмасуы бұзылуының биохимиялық механизмдері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   226




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет