Биологиялық химия Кафедрасы



бет127/226
Дата19.10.2023
өлшемі0.76 Mb.
#481095
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   226
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина»

1. Тақырыбы: Гормондар. Гормондардың құрылысы, құрылысы бойынша жіктелуі. Гормондардың жалпы қасиеттері. Гормондардың әсер ету механизмдері. Қалқанша және қалқанша маңы бездерінің гормондары. Қалқанша безінің гипер- және гипофункциясының биохимиялық негіздері.
2.Мақсаты:

  1. Студенттерде гормондар, олардың жалпы қасиеттері және әсер ету механизмдері туралы білім қалыптастыру.

  2. Студенттерде кальций мен фосфор алмасуын реттейтін гормондар туралы білім қалыптастыру.

  3. Студенттерде тиреоидты гормондардың әсер ету механизмдері және физиологиялық маңызы туралы білім қалыптастыру.

  4. Студенттердің қосымша әдебиеттерден және Интернеттен білім алу арқылы өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысты қалыптастыру.

3.Оқыту міндеттері:
1.Гормондардың жалпы қасиеттерін, жіктелуін, әсер ету механизмдерін талдау.
2.Студенттердің гормондардың әсер ету механизмдері туралы алған білімін гормондардың физиологиялық әсерін түсіндіруге пайдалана білуге үйрету.
3. Кальций мен фосфор алмасуын реттейтін гормондардың әсер ету механизмдерін және олардың нысана органдарына әсерін қарастыру.
4.Тиреоидты гормондардың әсер ету механизмдерін және олардың нысана органдарына әсерін қарастыру.
5. Студенттерді кәсіптік әдебиетті оқып-білуге және Ғаламтордан ақпарат іздеуге баулу.
6. Жаңа түсініктер енгізу және циклді нуклеотидтер, аденилатциклаза, гуанилатциклаза, G-белок, кальмодулин, белок-аквапорин, тирозинкиназды-фосфатазды жүйе, фосфолипаза С, инозитолтрифосфат, диацилглицерин терминдеріне анықтама беру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Нейроэндокриндік реттелудің схемасы.
2. Гормондар, түсінік. Гормондардың түзілетін орны.
3. Гормондардың химиялық табиғаты бойынша жіктелуі.
4. Гормондардың жалпы қасиеттері.
5. Гормондардың рецепторлары, нысана жасушалары.
6. Гормондардың әсер ету механизмдері:
а) біріншілік механизм – жасуша ішілік ферменттердің активтілігінің олардың модификациялану жолымен өзгеруі: аденилатциклазды, гуанилатциклазды, Са-кальмодулинді жүйелер және инозитолтрифосфат пен диацилглицерин арқылы.
б) екіншілік механизм – белоктардың синтезделу жылдамдығының өзгеруі;
в) үшіншілік механизм – ферменттердің активтілігінің және жасуша мембраналарының өткізгіштігінің өзгеруі арқылы әсер етуі.
7. Кальций мен фосфор алмасуын реттейтін гормондар. Түзілетін орны. Әсер ету механизмдері. Нысана органдарына әсері. Секрециясының реттелуі.
8. Тиреоидты гормондар,олардың синтезі. Әсер ету механизмдері. Физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
9. Қалқанша безінің гиперфункциясы мен гипофункциясының биохимиялық негіздері
10. Эндемиялық зоб.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   226




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет