Биологиялық химия Кафедрасы


Бақылау студенттердің билеттерге, блиц-сұраққа, ауызша талдау кезіндегі берген жауаптары бойынша жүргізіледі. №4 ОСӨЖ



бет156/226
Дата19.10.2023
өлшемі0.76 Mb.
#481095
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   226
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина»

7.Бақылау студенттердің билеттерге, блиц-сұраққа, ауызша талдау кезіндегі берген жауаптары бойынша жүргізіледі.

4 ОСӨЖ


1. Тақырыбы: Белоктар. Жалпы қасиеттері, жіктелуі, рөлі.Жай және күрделі белоктардың жеке өкілдері. Нуклеин қышқылдары. ДНҚ, РНҚ құрылымдары, маңызы.
Түсті реакциялардың кейбір амин қышқылдары мен белоктар үшін және тұнбаға түсу реакцияларының медицинадағы маңызы.
2. Мақсаты:
1) Материалды түсіну тереңдігін тексеру.
2) Кәсіптік әдебиеттермен жұмыс істеу және жағдайлық есептерді шешу арқылы дағдыландыру
3.Оқыту міндеттері:
1. Жағдайлық есептерді шығару
2. Студенттерді кәсіптік әдебиеттермен жұмыс ітеуге және интернеттен жаңа ақпараттарды табуға ынталандыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Белоктар, атқаратын қызметтері, жалпы қасиеттері
2. Белоктардың жіктелуі.
3.Жай белоктардың өкілдері (альбуминдер, глобулиныдер, протаминдер, гистондар,
коллагендер, эластиндер, кератиндер), қасиеттері, құрылысы, маңызы.
4.Күрделі белоктардың өкілдері (фосфо,- глико,- хромо,- метало,- липо- және
нуклеопротеиндер), құрылымы, қасиеттері, маңызы.
5.Нуклеин қышқылдары, түрлері, бір-бірінен айырмашылықтары, құрылымы, қасиеттері, маңызы.
6. Түсті реакциялардың жіктелуі, принциптері, тәжірибелік маңызы.
7. Түсті реакциялар арқылы ертіндіден құнсыз белоктарды қалай анықтауға болады?
8. Белоктарды тұнбаға түсіру және тұздалу реакцияларының медицинада қолдану принциптері.
9. Қан сарысуындағы белоктардың гидролиздену дәрежесін биурет реакциясы және аммоний сульфатымен тұздалу реакциялары арқылы қалай анықтауға болады?
5.Әдістер мен оқытудың тәсілдері:
Аралас-әдіс:

  1. Видеоәдіс

  2. Жағдайлық есептерді шығару

Оқыту құралдары: дәрістің электронды нұсқасы, жазбаша тексерілетін билеттер, силлабус.


1. ОСӨЖді ұйымдастыру бөлімі – оқытушы студенттерді ОСӨЖдің мақсаты мен міндеттерімен таныстырып, келесі ОСӨЖге тапсырма береді:
Үйге тапсырма: Ферменттер
Ферменттердің жалпы қасиеттері және әсер ету механизмдері. Ферменттердің активтілігін реттеу. Ферменттердің жіктелуі мен номенклатурасы. Гидролазалар: жіктелуі, түзілу орны және жеке өкілдерінің каталитикалық әсері.
Келесі ОСӨЖге өздігінен дайындалуға берілетін сұрақтар:

  1. Ферменттер туралы түсінік.

  2. Бейорганикалық катализаторлар мен ферменттердің әсер ету ұқсастықтары

  3. Ферменттердің жалпы қасиеттері.

  4. Ферменттердіңхимиялық табиғаты.

  5. Ферменттердің құрылымы. Жай (бір компонентті) және күрделі (екікомпонентті) ферменттер.

  6. Ферменттің активті орталығының құрылымы, оның рөлі.

  7. Ферменттің аллостерикалық орталығы деген не , оның рөлі.

  8. Ферменттердің әсер ету механизмі

  9. Ферменттердің арнайылығы: а) субстратты б) арнайылық әсері.

  10. Субстраттыарнайылықтың түрлері.

  11. Ферменттердің әсер ету қуаттылығы.

12. Изоферменттер, олардың диагностикалық маңызы. Мультиферменттік комплекстер, түрлері және маңызы.
13. Ферменттердіңактивтіліктеріне әсер етуші факторлар (температура, ортаның рН, фермент және субстрат концентрацияларының эффекторлары).
14. Ферменттердіңактивтіліктерін ингибирлеушілер:
а. конкурентті (бәсекелес)
б. бәсекелес емес ингибирлеушілердің және активтеушілердің типтері.
15. Ферменттердіңжіктелуі және номенклатурасы.
16. Гидролазалар, жалпы сипаттамасы. Негізгі топшалары: эстеразалар, гликозмдазалар,
пептидгидролазалар
17. Эстеразалардың негізгі топшалары: карбон қышқылдары түзетін күрделі эфирлік байланыстарды үзетін эстеразалар (липазалар, А12фосфолипазалар), фосфоэстеразалар (С, Д фосфолипазалар, АТФ-азалар, глюкозо-6-фосфтатаза) шоғырлануы, каталитикалық әсері.
18. Гликозидазалардың негізгі өкілдері: α-амилаза, γ-амилаза, мальтаза, лактаза, сахараза, шоғырлануы, каталитикалық әсері.
19. Пептидгидролазалар: эндопептидазалар (пепсин, трипсин, химотрипсин, катепсиндер) және экзопепетидазалар (карбоксипептидазалар, аминопептидазалар, дипептидазалар), шоғырлануы, каталитикалық әсері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   226




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет