Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы Шымкент, 021 Әож 557. 1: 547. Ббк 28. 072 Есимова А. М., Ибраимова Ж. К. «Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы»


Селекциялық жұмысқа штамм дайындау



бет5/57
Дата11.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#477170
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Лекциялар жинағы

Селекциялық жұмысқа штамм дайындау
Морфологиялық мәні және сандық мәні бойынша қажет өнімнің деңгейі селекция аумағы ретінде микроорганизмнен алынған және бөлінген өнім.
Петри табақшасына бастапқы штамм егілгеннен кейін жүздеген колонияның кейбіреулері берілген культураның морфологиялық формасы үшін типті болып табылады. Сосын қиғаш қисық орналасқан пробиркадағы культура бөлінген колониялар (клондар) типтік формасы (100 клоннан кем емес) өнімнің деңгейі бойынша бағаланып және едәуір жоғары және сенімді аналитикалық әдісті қолданып өнімділігі жоғары деңгейдегі бір клон таңдап алынады. Мұндай жолдарды кейде «тазалау» деп атайды. Мұндай бағалау берілген затты продуцирлеу қабілеті мен колоннаның морфологиясының корреляциясы болуы мүмкін.
Бақылаушыға қарағанда өнімділігі жоғарылау бірнеше клон (қайта-қайта екпей-ақ) бастапқы болып саналады, оны бөліп алып бірнеше тәжірибеде қайталап тексеріп өнімділігіне тексереді, содан соң өнімділігі жоғары өнім беретінді сипаттайтын бір клонды алады. Мұндай процедураны кейде бастапқы «таза» культура деп атайды, өнімділігі жоғары клонды таңдауды жиі жүргізеді.
Егілгеннен бастапқы культурадан алынған клон қайта егіледі морфологиялық өзгергіштігін белгілейді, егер ол бар болса, демек колоннадан изолирленіп алынған (косякта) қиғаш қисық орналасқан пробиркадағы культура берілген клон үшін өнімділік деңгейі бойынша 100-типтен аса бар деп бағаланады.
Мұндай субклонның өнімділік деңгейінің мәні олар үшін (туыстас, өкілін) клон бастапқы өнімге қатынасы бойынша пайызбен көрсетілген болса түрлендірілген қатарларда таратылады және статистикалық көрсеткішін: Х орташа арифметикалық, квадраттық ауытқу, σ өзгергіштік коэффициентін шығару тиімді.

CV- мәні бойынша клондаудың аяқталуын анықтауға болады. Сатылы клондаудың мақсаты – бастапқы культураның сандық мәні бойынша «тұрақтандыру», әрмен қарай өзгергіштігін бағалауды сенімді бақылау. Бұл қатардың шеткі бөлігіне түскен, субклондарды бөліп алып қайтадан өнімділік деңгейі бойынша бағалайды және солардың біреуін қалдырады.
Бұл субклонды егеді және алдыңғы жағдайлар бойынша 100 клоннан аз емес қайталанады, өзгерген қатарды құрайды және оның көрсеткіші бойынша есептеп шығарады. Осылайша алынған екі өзгерген қатардың CV мәннін салыстырады.
Егер осы екі мәндердің айырмашылығы болмаса, онда әрмен қарай селекцияны жүргізу үшін бастапқы штамды дайындауға болады, бірінші өзгерген қатардан субклонды алу аяқталады, ал екінші қатарды мутагенді факторларды қолданып (бұл субклонның жеке қатары) селекциялық жұмыстың келесі қатары үшін бақылаушы деп санауға болады. Екінші қатардан CV табуда клондаудың тағы бір сатысын төмендетуге бірлесе жүргізу тенденция болуы мүмкін, екінші қатардың «жақсы» оң жағынан бөліп алып, оны егуді қайта егу негізінде CV анықтап үшінші өзгерген қатарды тұрғызуға болады.
Сатылы клондаудың мақсаты – бастапқы культураның сандық мәні бойынша «тұрақтандыру», әрмен қарай тұрақтандырғыш әсерінің негізінде индуцирленетін мутагенмен өзгергіштігін бағалауда сенімді бақылау ретінде популяцияның берілген мәні бойынша біркелкілеуін бөліп алу және келесі тізбекте мутагенді бөліп алу. Ескере кету керек, бөліп алынған культураның біркелкілігі көп рет пассирленгеннен және ұзақ уақыт сақтаудан төмендейді. Сондықтан бастапқы культура мутагенді таңдауда бақылаушы бола алады, аралық уақытта берілген культураға арналған периодты клондауды ұстау керек.
Осылайша клондаудың өнімінің деңгейін жоғарылату, демек мутант таңдап алуға болмайды. Клонның өнімінің орташа деңгейі болып культураның табиғи өзгергіштігі негізінде тұрғызылған вариационды қатардың оң жағынан алынғаны саналады. Бұл жағдайда бастапқы культура қажет затты продуцирлемейді, берілген микроорганизмнің түрі бойынша таксономикалық сипаты толығымен сәйкес келетін колоннаның қайта егілгенінен таңдау керек және мутагенді қолданумен әрмен қарай жүргізілетін жұмыста осы клонды қолдану керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет