Биомассаны анықтау. Құрғақ биомассаның ылғалдылығын және құрғақ биомассаны анықтау



бет12/53
Дата11.09.2023
өлшемі0.65 Mb.
#477183
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53
Лаб

Сұйық заттың тығыздығын ареометр көмегімен анықтау
Тәжірибеде жеміс-жидек өнімдерін өңдегенде сұйық заттың тығыздығы бойынша ондағы еріген заттын (жеміс-жидек, жүзім шырынында - қанттың, түздауға, қышқылмен өңцеуге қажетті сірке қышқылы, натрийхлориді, күкірт қышқылының құрамындағы негізгі заттың, шараптағы спиртгің құрамын анықтайды. Сұйық заттың тығыздығы өндірісте карапайым, тез, әрі кең тараған тәсіл-ареометр қолдану тәсілімен анықталады.
Ареометрдің бірнеше түрі бар (2- сурет).
Олардың барлығы негізінен төменгі жағы кең, жоғарғы жағы жіңішке болып келетін, жан-жағы бітеу әйнек ыдыс. Бір жағындағы ауыр зат (сынап, қорғасын бытырасы т.б.) арқылы ол сұйық ішінде тік тұрады .
Сұйықтың температурасы оның қысымына әсер ететіндіктен көп жағдайда, ареометрдің ішінде термометр бекітіледі.
Сұйықтың тығыздығын ареометрией анықтау Архимед заңына (дененің батуы ол ысырып шыққан сұйыктың салмағымен дененің салмағына тең болғанша жүреді) негізделген. Ареометр тығыздығы жоғары сұйықка қарағанда тығыздығы төмен сұйыкта терең батады. Әмбебап ареометрдің жоғарғы жіңішке жағы сұйықтың тығыздығына байланысты бірліктерге бөлінсе, ал арнайы ареометрлер сол сұйықтағы негізгі заттың (қанттың, спирттіңт.б.) құрамына байланысты белінеді.



1 — ареометр, 2 — спирт өлшегіш, 3 — кант өлшегіш


2 сурет. Ареометр типтері

Қолданылатын ареометр таза әрі құрғақ болуы тиіс. Анықталатын сұйықты диаметрі ареометрдің диаметрінен 2-3 есе үлкен цилиндр ыдысқа құйып, ареометрді еппен сұйыққа батырамыз. Ареометр цилиндр ыдыстың қабырғасына не түбіне тимей сұйықта бос тұруы кажет. Сәлден кейін ареометрді алып, оның жоғарғы жіңішке жағындағы сұйықтың беткі қабатының ізі бойынша прибордың көрсетуін аламыз да оны арнайы кестенің (әмбебап ареометрларда) кемегімен құрамындағы қанттың, ас тұзының, спирттің немесе кұрғақ заттың мөлшері анықталады [41].




Қант ерітіндісіндегі таза қантты рефрактометрмен анықтау

Ерітінді концентрациясы өзгергенде әр уақытта, оның сыну көрсеткіші де өзгереді. Әдетте ерітіндінің концентрациясы көбейгенде оның сыну көрсеткіші артады.


Рефрактометрия ашыту өндірісін бақылауда таза қант ерітіндісіндегі таза сахарозаны анықтауда, сонымен қатар меласадағы, ликер-арақ өнімдеріндегі сырадағы, суслодағы, шырындардағы және морстардағы еритін қатты заттардың жалпы мөлшерін анықтауда кеңінен қоладанады. Мысалы, мелассаның сыну көрсеткішін анықтап, арнаулы кестелер арқылы рефрактометрлік құрғақ заттардың концентрациясын анықтайды. Сахароза бойынша құрастырылғандықтан, құрамында қант емес заттар көп болған сайын олардың сыну көрсеткіштерінің сахарозаның көрсеткішінен ауытқуы көп болады.
Анықтау техникасы зерттелетін ерітіндінің төменгі призмаға жағып, жоғарысымен бастырады. Әр пирзма қарсы камерада жарық саңылаулары бар, ол арқылы жарық сәулелері айналдыру жәрдемімен призмаға бағытталады. Қою болған ерітінділерді өлшегенде төменгі призманың саңылауын, анық болғаны болса жоғары призманың саңылауын ашады. Тұтқаны бұрып сызықтардың анықтығын қояды. Пайда болған кемпірқосақты жояды. Акулярдың мойын асын айналдырып фокусқа келтіреді. Сонан соң акулярдың тұтқасын жылжыту арқылы визер сызығын жарықпен көленкенің шекарасына орналастырып, байқалған көрсеткішті жазып алады. Рефрактометрдың шкалысының екі қатар бөліктері бар, сол жағында сыну көрсеткіші көрсетіліген, ал оң жағында құрғақ заттардың проценттік құрамы. Приборды дұрыс дайындауда сыну көрсеткіші 1,333 ке ал құрғақ зат концентрациясы 0-ге тең болады.Егер ондай болмаса шкаланы қажетті деңгейде шрифпен жылжыту керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет