Биомассаны анықтау. Құрғақ биомассаның ылғалдылығын және құрғақ биомассаны анықтау


Материалдар және құрал – жабдықтар



бет7/53
Дата11.09.2023
өлшемі0.65 Mb.
#477183
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53
Лаб

Материалдар және құрал – жабдықтар

ЕПА мен Петри табақшасы, су құбырындағы су немесе NaCl белгілі көлемдегі изотоникалық ертіндісі, ауа үрлегіш, мембраналы фильтр, Кротов аспабы.




Жұмысты жасау барысы


Тұндыру әдісі

Ауаны бактериологиялық зерттеудің қарапайым әдісі – тұну әдісі, ол ашық Петри табақшасындағы агар бетіне ауыр күштің әсерінен және бактериялық бөлшектердің тұнуына негізделген.


Петри табақшасындағы ЕПА-да 5-10-15 минут бактериялық ластануына байланысты экспонирленеді. Тұну әдісі ауа микрофлорасындағы құрамының санын бермейді, ашық табақшаға шаң бөлшектерін бактериялық тамшының жұқа дисперсті фракциясын нашар ұстап қонады, негізінде ірі шаңның бөлшектері жақсы ұсталып қонады, ортаның бетіне ауа жақындап қонады.Сондықтан Омелянский есебі бойынша (100 см2 агар бетіне 5 минутта 10 л ауадағы бактериялардың саны қонады) бөлмедегі ауа микрофлораларының санын білуде жарамсыз және қозғалу жылдамдығы үлкен ауытқуда болатын атмосфералық ауаны есептеу мүлдем жарамсыз.
Осылайша, тұну әдісін жаңа заманғы аспаптар және әдістер немесе электр энергиясы көзі жоқ кезде қолданады. Ауадағы микроб санын есептеу үшін келесі формуланы қолданады: ,
мұндағы: х – 1м3 ауадағы микробтар саны;
а – табақшадағы колонна саны;
в – табақша ауданы (3 кестені қара);
t – экспозиция уақыты;
5 – экспозиция уақыты;
10 – ауа көлемі, 5 минутта микробтың тұнуы, л;
100 – ауданың тұнуы ауданы, см2;
1000 – ауа көлемі, л;

1 кесте.Диаметріне байланысты табақшаның ауданы





Табақша диаметрі, см

Табақша ауданы, см2

8


9

10


50


63

78,5


Қарапайым аспирационды әдісі сұйықтықта бактерияны ұстау негізделген. Сосуд арқылы NaCl изотоникалық ертіндісінің белгілі көлемімен немесе су құбырындағы су сорылады (шаң сорғышпен, насоспен, ауа үрлегіш және т.б. көмегімен ауаның белгілі көлемі өтеді) ауаның белгілі көлемі.Содан соң ЕПА 0,1-0,2 мл ұстағыш сұйықтыққа егу жүргізеді. Үлкен көлемде алынған суспензия сұйықтықты ұстағыш №2 немесе №3 мембраналы фильтр арқылы сүзіледі, келесідей қатты қоректік ортаның бетіне егу жасалады.Аспаптардың ішінде бөлмедегі ауаны зерттеу үшін ең кең таралған Кротов аспабы болып саналады. Микрофлораны ұстау механизмі тар қиылысқан саңылау арқылы өтетін және жоғарғы жылдамдықпен ылғал қоректік ортаның бетіне әсер еткен күштің келуіне негізделген. Әсер еткен күштің нәтижесінде ауадағы аэрозолды сонымен қатар бактерия құрамы, шаңды бөлшектер ЕПА бетіне немесе элективті ортаға жақындайды. Ауадан сынаманы алу кезінде Петри табақшасындағы агардың бетіне ауа микрофлорасы біркелкі көбейіп өседі. Сынама алу үшін Петри табақшаның түбі тегіс болуы керек, қоректік ортаның саны табақшада 15 мл жоғарылап аспауы қажет. Кротов аспабы шаң фазасында аэрозол микрофлорасын тиімді ұстауын сипаттайды, нақты дәлдікте нәтиже береді, жұмысы қарапайым, қысқа уақыт аралығында ауадан ЕПА Петри табақшасынан немесе элективті ортадан сынама алуды жүргізуге болады. Аспаптың өнімділігі 20-дан 40 л/мин дейін. Аспаптың негізгі кемшілігі электр энергиясын қажет ететіндігі. Бұл атмосферадағы ауаны зерттеу үшін қолдану мүмкіндігін шектейді.


Атмосфералы ауаны зерттеу үшін сұйық ортада аэрозолды ұстайтын бірқатар аспаптар қолданылады. Бұл аспаптың құрылысы қарапайым. Ол шыны ыдыс, қақпағындағы екі тесігі арқылы құбыр өткізіледі. Бір түтігі сәл қысқалау аспиратормен қосылады, ал басқасы циндрдің түбіне дейін түсіріледі, сонда зерттелетін ауа келіп түседі. Цилиндрге залалсыздалған изотоникалық NaCl ертіндісі немесе су құбырындағы су (сұйықтықта көбік болмауы керек) құйылады және сол арқылы белгілі көлемде ауа сорылады. Аспиратор ретінде ауа үрлегіш шаң сорғыш, насос қолданылуы мүмкін. Сұйықтықты егу қоректік агарға немесе дифференциальды ортаға жүргізеді. ЕПА-ға 0,1-0,2 мл сұйықтықты ұстағыш, ал элективті ортаға – 0,3-0,5 мл егіледі. Атмосфералы ауаны зерттеу үшін бактерия ұстағыш аспап қолданылады, демек түтікшеге тығыз фильтр орналасқан (мата, мақта , қағаз немесе мақта шыны). Ауадан алынған сынама соңында 100-300 л мөлшерде мақта тығынмен NaCl изотоникалық ертіндісімен шыны ыдысқа салады және мұқият шыны моншақтармен қосып сілкілеп жуады. Алынған суспензия бактериялық анализге қатты қоректік ортаның бетіне егіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет