Биомассаны анықтау. Құрғақ биомассаның ылғалдылығын және құрғақ биомассаны анықтау



бет15/53
Дата11.09.2023
өлшемі0.65 Mb.
#477183
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53
Лаб

Алынған нәтижелерді өңдеу

1. Экстрагирленген майлардың саны (X, масса %) азықтық ашытқының массасы (М) мына формула бойынша анықталады:





мұндағы,
М1 - липиді бар колбаның массасы, г;
Мо - бос колбаның массасы, г;
W - зерттелетін ашытқының ылғалдығының мөлшері %.
2. Қышқылды өңдегендегі ашытқылардағы алынған майдың мөлшері (Х2) аналогиялық формуламен анықталады, бұл жерде М1 және Мо мәндері алынады.
3. Азықтық биомассадан экстракция әдісімен липидті бөліп алу дәрежесі Ү мына формуламен анықталады:



4. Липидтерді экстракциялау кезінде биомасса мөлшерінің шығыны (П, масса %) мына формуламен анықталады:

мұндағы,
А0 - экстракция үшін алынған азықтық биомассаның массасы, г;


А1 - экстракциядан кейінгі биошроттың массасы, г;


Бақылау сұрақтары

1. Микробты майлардың классификациясы және оның қолданылуы.


2. Микрооганизмдерді культивирлеу шарттарының синтезделген
майлардың құрамына және санына әсері.
3. Биомассадан микробты майларды бөліп алуда экстракция
процесі қандай еріткіштердің көмегімен жүргізіледі.
4. Биомассаны (гидролиз қышқылымен) алдын ала қышқылмен
өңдеу нені береді?
5.Липидттерді алу әдісінің дәрежесінен алынған биошроттың қандай
бағалылығы ?

5 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС




β-фруктофуранозидаза препаратын алу


Теориялық негіздері

Шикізатты жасанды гидролиздеумен топинамбурдың фрукотозандарының гидролиз процесін зерттеу. Топинамбур түйнегіндегі фруктозандардың құрамына өзінің полимерлеу дәрежесімен инулин - полифруктан 30-34 инулидтер, полифруктандар, полимерленуі (3-тен 30-ға дейінгі аралықта) және сахароза болады. Бұл фруктозандардың гидролиздері, қышқылдық гидролиздің, механикалық құрылымдық бұзылудың және ферментативтік гидролизінің термиялық (ыстықпен) өңделуі көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін. Осы айтылған тәсілдердің кез-келгенін таңдап алған уақытта, олардың нақты өндірістік жағдайдағы топинамбурды өңдеудің технологиялық ерекшеліктерін міндетті түрде ескеру қажет. Этанол өндіру үшін топинамбур түйнектерін пайдаланғанда анықтаушы ретінде келесі көрсеткіштер алынады:



  • этил спиртінің шикізат бірлігінен ең жоғары өндірілу мөлшері;

  • дайын өнімнің сортының сапасын анықтайтын этанол құрамындағы ұшқыш заттардың ең төменгі мөлшері;

  • өндірістің жоғарғы рентабелділігі, атап айтқанда, топинамбурдан мол өнім алынатын сызба нұсқасы ендірудің арқасында;

Топинамбурдан көптеген өнімдерді алудың технологиясын жасағанда - этил спиртін, наубайхана ашытқысын, пектиндік заттарды алғанда - бастапқы шикізат сұйық және қатты фазаға бөлініп алу қажет. Алдымен майдаланған топинамбурды (шырын) тікелей сығымдау жолымен алады немесе қанттану сатысынмен инулиназдық белсенділігі бар ферменттік препараттарды немесе гидролаздың өзінің шикізатын қолдану арқылы жүзеге асыруға болады, одан соң өңделген масса сығымдалады. Бұрыннан белгілі болғанындай, топинамбур фруктозандарының өздігінен қанттану процесінде келесі ферменттер қатысады:
А және В гидролазалары:
- инулаза (инулин-1- фруктаногидраза, ЕС.3.2.1.7. инулиндегі β 1-2 фруктандық байланыстарды гидролиздейді);
- инвертаза (β-D фруктафуранозид- фруктогидролаза, ЕС.3.2.1.26, бұл процесс β-D фруктафуранозид + Н2О = спирт + D- фруктоза реакциясы бойынша жүреді);
- инулосахароза (β-1,2- фруктан: D- глюкоза-1- фруктозилтрансфераза, ЕС.2.4.1.9, бұл процесс (β-1-2- фруктозил-)n+D- глюкоза=(β-1,2- фруктозил)n-1+ сахароза реакциясы бойынша жүреді;
- левансахароза (β-2,6- фруктан: D- глюкоза-6-фруктозилтрансфераза, ЕС.2.4.1.10, бұл процесс (β-2,6- фруктозил-)n+ D- глюкоза= (β-2,6- фруктозил-)n-1+сахароза реакциясы бойынша жүреді. А және В гидролазаның бастапқы әсері β- (20,1) - ден қалған фруктоздық қалдықты босатады, бұлар олиго және полифруктозандардың байланысқан тізбегінен осы қатардың төменгі гомологтарын түзе отырып босатады. А және В гидролаздары өздерінің әсер етуі жөнінен бір-біріне ұқсас болады. Олардың сахарозаға белсенділігі болмайды, полимерлеу дәрежесі жоғары субстраттармен жақсы байланысады. Екі ферментте рН 7,5 және 550С температура болғанда өздерінің тұрақтылығын көрсетеді. Инвертаза өте төмен мөлшерде қатысады. Жалпы қорыта айтқанда, әдебиеттерден алынған мәліметтерден көрінгендей инулиннің ферментативтік гидролизі этанол өндіретін өндіріске ыстықпен өңдеумен, механикалық деструкциямен және қышқылдық гидролизбен салыстырғанда өте тиімді болады. Сондықтан, оны топинамбурды сұйық фазаға бөліп ашытып және қатты қалдықты пайдалана отырып пектиндік заттарды алу үшін өңдеудің жаңа тәсілінің негізін жасады.
Жұмыста топинамбурдың фруктозандарының гидролиз процесін шикізаттың өзінің гидролаз әсерімен жүзеге асуын зерттеу болып табылады. Тәжірибелерді орындау барысында келесі міндеттерді шешу қарастырылды:
- топинамбурға ферменттердің әсер етуімен шикізатты деструкциялау процесіне қажет қолайлы жағдайды анықтау;

  • топинамбурдың майдаланған массасынан ашытылған көмірсуларды сұйық фазаға өткізу дәрежесіндегі өздігінен қанттану режимінің әсерін анықтау;

Топинамбурдан жасалған массаның гидролиз процесін зерттеу әдістерге сүйене отырып көмірсу шикізатының жекелеген фракциясын анықтау жолымен жүргізілді:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет