Анаэробты жағдайда целлюлозаны ыдырататын микроорганизмдер
Омелянский қоректік ортасын биік етіп үлкен пробиркаларға құяды. Сүзгі қағаздарын сызықша қылып кесіп пробирканың түбіне салады. Содан кейін, 1 грамм топырақ салып термостатқа 30-35° С қалдырады. Анаэробты жағдайда целлюлозаны ыдырататын микроорганизмдердің санын анықтау үшін он еселік сұйылту жасап (кох әдісімен) тығыз қоректік орталарға егу жүргізеді.
Тәжірибелік сабақты қорытындылау нәтижелері
1. Сүзгі қағазы мен ақ матаның бетінде өсіп шыққан колониялардың санын санап,
(х ± 2σх) * К * 1/V
x = Σ x/n өсіп шыққан колонияның орташа саны
σх = ± х / n орташа қателік; К – алынған сұйылту;
V – суспензияның
көлемі, мл; х – колониялардың жалпы саны; n – қайталаулар саны.
2. Жұмыс біткен соң бастапқы сүзгі қағазы мен матаның салмағынан целлюлоза ыдыратушы микроорганизмдердің ыдыратуынан кейінгі салмақтың мөлшерін салыстырып, пайыздық көрсеткішпен көрсетеді.
3. Сұйық қоректік орта құйылған колбаға тұрақты салмағы анықталған сүзгі қағазы мен матаны салып, өзгерісін бақылау. Аэробты бактериялар сұйықтықтың бетіне таман қағаздың айналасы сары немесе қызғыл сары қақ түзеді.
Бақылау сұрақтар
Анаэробты жағдайда целлюлозаны ыдырататын микроорганизмдер
Аэробты жағдайда клетчатканы ыдырататын микроорганизмдер
Өсіп шыққан колониялардың санын санау
Микроорганизмдердің ыдырауы
№ 7 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
Микроб суспензиясын концентрлеу
Теориялық бөлім
Микроорганизмдердің биомассасын концентрлеу, сепарирлеу әдісімен жүргізіледі, үлкен көлемдегі қиын фильтрленетін суспензияны жоғарғы жылдамдықта өңдеуге мүмкіндік жасалады.
Сепарирлеу процесі флотирлеу процесімен салыстырғанда энергия көлемі көлемді жұмсалады, сондықтан алдын ала флотирлеуге мүмкіндік жасайды, ол сепарирлеу сатысының санын қысқартады. Культуральды сұйықтықты сепарирлеу алдында сұйылтуға немесе газдан тазарту үшін деэмульгирлейді. Культуральды сұйықтықты сепарирлеу үшін және культуральды сұйықтықтың бірқалыпты құйылуына мүмкіндік жасайды.
Деэмульгирлеу әр түрлі әдіспен іске асырылады: механикалық (флотаторда механикалық көбік сөндіру немесе флотирлеу сатысы болмаған кезде механикалық көбік сөндіру), химялық (көбік сөндіруге химиялық заттарды қолдану) немесе табиғи (арнайы деэмульгаторлар) заттарды қолданады.
Сепарирлеу процесі ықшам және өнімділігі жоғары сепаратор аппаратында жүргізіледі. Биомассаны бөліп алу сепараторда ортадан тепкіш күштің әсерінен жүргізіледі. Сепаратордың жұмысшы құралы барабан болып табылады, оның ішінде табақты ұстағыш конусты табаққа бекітіледі. Табақтың сырт жағында қабырғасы бар, осының арасында 0,8 мм саңылау пайда болады. Барабан ұршық – білікке кигізілген. Сепаратордың осы құрылысының кемшілігі табақтардың арасындағы бос жерлеріне биомасса қалдығының тез толып қалатындығы.
Сепаратордың жұмыс істеу ұзақтығы 12 - 24 сағатқа дейін созылады, содан соң барабанды ажыратып алып жуады.
3 сурет. Ашытқы сепараторы
Достарыңызбен бөлісу: |