Биомассаны анықтау. Құрғақ биомассаның ылғалдылығын және құрғақ биомассаны анықтау



бет5/53
Дата11.09.2023
өлшемі0.65 Mb.
#477183
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Лаб

Жұмыстың орындалу әдістемесі


1 вариант. Суды және қоректік ортаны зерттеудің
микробиологиялық әдісі
Судың экожүйесі болып ортада жүретін микроорганизмдер саналады. Біріншілік продуценті болып бір жасушалы балдырлар атқарады. Қоректенуші тізбегі болып бактерия мен қарапайымдар жатады.
Судың микрофлорасы көбінесе су қоймасына жақын топырақтың микробты аймағы саналады, әр түрлі ағын судан, шіріген өсімдіктен, суда өмір сүретін балықтан, шаңнан бактериялармен бірге түсуіне байланысты барлық уақытта ауысады және жаңарады.Тұзды және тұрып қалған су қоймасында мкрофлора әр түрлі. Тұрып қалған су қоймада (көлде, өзенде) кокки (Micrococcus roseus және т.б.) және таяқша тәрізді бактерия (Pseudomonas fluorescens). табылады. Суда анаэробтар аз, негізінде олар су қоймасының түбіндегі балшықта (илде) биохимиялық процесс тазартуға қатысуымен көбейеді.Сапрофитті микроорганизмдер органикалық қалдықты ыдыратып, қоқыс жинау қызметін атқарады, басқа да тіршілік ететіндерге өмір сүретін метаболиттік процеске жарамды. Мұхит және теңіз микрофлораға бай емес және галофильді (тұзды ұнататын) микроорганизмдер болады. Артезиан скважина суында мкроорганизм болмайды, топырақ фильтрлеуші қабілетті түсіндіреді. Су тасқынынан және ағын судан өзенге және көлге микроорганизмдер, адамның және жануардың ішек флорасын қалпына келтіретін өкілдері, мысалға ішек таяқшасы, энтерококки, әр түрлі клостридии кездеседі. Солармен бірге улы патогенді микроорганизмдер (ішек сүзек, дизентерия бактериясы, холера вибрионды, гепатит, полиомиелит вирусы ) түседі. Олар бірнеше күннен аптаға дейін сақталады. Осы себептен су жүретін жол ішек инфекциясы таралатын факторлардың бірі болып саналады.


Материалдар және құрал – жабдықтар

Су құбырынан алынған судың сынамасы және залалсыздалған флакондар және шынылар,мақта-мата тығын, қоректік агар, ЕПА, Петри табақшасы.


Жұмысты жасау барысы
Судың сынамаларын таңдау. Сынаманы алған уақыты мен алынған орнын зерттеу мақсатына байланысты анықталады.Ашық су қоймасынан алынған суды зерттеу, сондай-ақ құдықтың 10-15 см түбінен алынған суды алып Залалсызданған флаконға сынаманы құяды. Сынамаларды жинауға сиымдылығы 500 мл мақта – марлі тығыны бар залалсыздалған шыны ыдыстар.
Су құбырынан алынған судан сынама алу үшін қолданады. Бактериологиялық зерттеулер алған сынамадан 2 сағаттан артық болмауы керек немесе 6 сағаттан артық болмауы керек 1-5°С температурада сақталып жасалуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет