Биомеханика (зертханалық жұмыстар)



жүктеу 0.87 Mb.
бет1/5
Дата29.06.2016
өлшемі0.87 Mb.
  1   2   3   4   5


БИОМЕХАНИКА

(зертханалық жұмыстар)

Дияров А.С., Биомеханика (зертханалық жұмыстар) әдістемелік нұсқау. Орал, 2004ж. 48бет.




Пікір жазған: Қарағойшин Ж.М., биология ғылымының кандидаты, доцент

Биомеханика пәнінен зертханалық жұмыстар – дене тәрбиесі мен спорт және алғашқы әскери дайындық факультетінің екінші курс студенттеріне көмекші құрал ретінде М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті мен факультеттің ғылыми-әдістемелік кеңесі баспаға ұсынады.

© М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан

Мемлекеттік Университеті


КІРІСПЕ
Адам өмірінде сыртқы ортамен әрқашанда тікелей байланыста болады. Дүниеге келгеннен бастап, сол байланыс адамның қызметімен, қоршаған кеңістік пен уақытты бағдарлаумен байланысты.

Қозғалу заңдылықтарымен оның табиғаты әрдайым кеңейіп отырады. Оған әсерін тигізетін тәжірибелер мен зерттеулер, бақылаулар мен тәрбиелеу өздерінің үлестерін қосады. Соның арқасында теориялық қағидалар дүниеге келіп отырады.

Спортшылардың техникалық әзірліктері, жаттығулардың жаңа орындалу тәсілдері көбінесе өмірдің талабына сай өсіп отырады. Сондықтанда биомеханиканың негізгі мақсаты, сол қозғалыстардың /жаттығулардың/ жетістіктеріне талдау жасап, жетілдіре түсу. Әсіресе, спорт биомеханикасындағы негізгі тәсіл – талдау тәсілі. Ол спортшының дене кейпінің, қоршаған кеңістік пен уақыттағы қозғалыстарының сандық құндылығы мен себептерін анықтауды қамтамасыз етеді. Бұл курсты, оқып меңгерудің болашақ мамандар үшін, әсіресе денешынықтыру тәрбиесімен шұғылданатындарға қажетті білім мен дағдыларды барынша дұрыс пайдалану болып табылады.

Ұсынылып отырған көмекші құрал жоғарғы оқу орындар бағдарламасына сәйкес әзірленіп, студенттердің ғылыми жұмыспен шұғылдануына және спорт қимылдарының орындалу техникасын жетілдіре түсетініне күмән келтірмейді.


1. Зертханалық жұмыс. Координаталарды есептеу және сол арқылы өлшем құру.
Мақсаты: а) координат кестесін құру;

ә) әрбір дене кейпінің /позаның/ нүктелер координатасын түсіру;

б) берілген нүктелер бойынша координат торын құру;

в) координата арқылы дене нүктелерінің орналасуын тауып, адамның дене кейпін схема түрінде сызып көрсету (1-сурет).



Жұмыс барысы: 1. Жылдамдықтар мен үдеулер координат таблицасы /1 кесте/ кейінгі есептеулерге қажет болатындықтан оны барынша дәл және біркелкі құру қажет. Кестенің көлденең жолының саны өлшемдегі дене кейпіне тең, ал тік бағаналар саны – екі еселенген есептеу пунктінің санына тең болуы керек. Дене кейпі нөмірлеріне тағы да, екі бағананы қосу керек /екі білік бойынша/.

2. Өлшемді әрбір координата нүктесінен белгілі бір тағайындалған координат бастамасы арқылы құрады, әуелі әрбір суреттің координатасы есептелініп координат кестесіне түсіріледі. Өлшем құрудың екі тәсілі де /проекциялық және координаталық/ алдын-ала бейнелеу масштабын тағайындайды.

3. Кесте бойынша Sх пен Sу үлкен мағыналарын анықтау қажет. Осы деректер арқылы координат торының көлемін бекіту. Әрбір 10 мм сайын координат нүктесін белгілеп, оның сандық мәнін жазу керек.

4. Барлық дене кейпінің нүктелерін белгілеп барлық сызықтарды өткізіп /әрбір дене кейпіне нүктелерді белгілегеннен кейін/ дене кейіптерінің дұрыстығын тексеру. Сосын, дене кейпінің нөмірлерін қою керек. Бұны арасына бір дене кейпін тастап ноқаттың жоғарғы жағынан белгілеген жөн.

Берілген графикті 1,5,9 немесе 2,6,10 кадрлар арқылы түсіру.
Координат кестесі

1-кесте


Sх

с

в

а

м

f

s

P

d

Sу

с

в

а

м

f

s

p

d

1.

9

15

6

30

6

10

-9

3

1

145

125

100

89

68

28

0

-8

2.

38

48

46

71

35

23

5

4

2

146

129

105

100

70

33

8

-7

3.

68

79

81

105

65

50

19

17

3

148

132

108

105

73

36

20

4

4.

99

108

108

131

98

88

53

45

4

149

131

106

98

72

34

32

19

5.

129

136

130

151

130

133

94

89

5

146

127

102

88

69

32

36

24

6.

159

163

151

167

161

182

150

147

6

143

126

102

81

70

41

30

15

7.

190

189

173

186

192

222

204

211

7

142

128

106

83

75

53

23

9

8.

221

217

199

210

222

251

256

269

8

143

131

111

87

77

53

18

10

9.

252

248

230

242

250

276

286

301

9

144

131

112

88

75

44

11

4

10.

282

279

266

281

278

298

296

307

10

142

128

107

85

72

36

1

-7




1 – сурет. Схема түріндегі адамның дене кейпі /5 кадр/.

2. Зертханалық жұмыс. Сызықтық жылдамдық пен үдеуді координаттары бойынша есептеу.
Мақсаты: Сызықтық жылдамдық пен үдеуді айырмашылық тәсілімен есептеуді үйрену.
Жұмыс барысы: Жылдамдық – бұл дененің нүктесі өзінің орнын кеңістікте тез өзгертіп, өткен уақытқа байланысты өлшем. Ол жүрген жолмен /S/ кеткен уақытқа /t/ қатынастарымен өлшенеді. Нүктенің өткен жолын анықтау үшін, оны құрайтын екі бағытты ажыратайық: көлденең /х/ және тігінен /у/. Нүктенің көлденең қозғалуы соңғы координат орнымен /№3/ және /№1/ бастамасының айырмасына тең, немесе Sх3 - Sх1 = Sх3 – 1. Бұл 'S, немесе оны «бірінші айырмашылық» деп атайды /'х/. Оған кеткен уақыт /t/ кадраралық интервалдар санына /£/ және түсірілген суреттің жиілігіне /N/ : t = £ : N, S координат бойынша анықтадық, әзірге масштабсыз. Нүктенің дұрыс жолын табу үшін, оны масштаб шамасында /1:10/ болуы керек, немесе масштабқа қарама-қарсы шамаға көбейту керек /М/. Сонда шын жолы S = M'S. Орташа жылдамдық /І-ші және 3-ші арасындағы дене кейпі/ тең болады:

V 3-1 = =

Бұны екі дене кейпі кезіндегі көлденең жылдамдық деп есептейміз. Осы сияқты барлық нүкте өлшемдерін көлденең және тік, тез жылдамдықтарды, берілген тәсілмен есептеуге болады. Бірақ, көптеген кинограмманы есептеу көп уақыт алатындықтан, әрбір нүктеге оның толық жылдамдығын /'S/ айырмашылығы есептелген коэффициентке көбейту керек //. Сондықтан, әлдеқайда тез шығарылады. Жылдамдық векторын құрады, немесе кинематикалық график сызады.

Үдеу – бұл уақытқа байланысты жылдамдықтың қосыла өсірілу /V/ қатынасы, сол қосылатын өсімге кеткен уақытпен өлшенеді. Үдеуді де жылдамдық сияқты екі құрама арқылы есептеу ыңғайлы – көлденең және тігінен: а = . Бұнда ''S – бірінші айырмашылықтың айырымы, немесе оны «екінші айырмашылық» депте атайды /мыс: ''х/. Бұл жолдың /2-ден 4-ге дейін дене кейпі/ орташа үдеуі. Бұны 3-1 дене кейпінің аралық лездік үдеуі деп есептеген жөн.

Бірінші айырмашылықтар /'S/ - бұлар жылдамдық формуласының алымының мәндері, ұзындық бірлігімен берілген /V = /. Бұл жылдамдықтың өзі емес, бірақ есептегенде t//тұрақты біркелкі алынады да, айырмашылықтары жылдамдыққа тура пропорционал. Сондықтан екінші айырмашылықтар /''S/ - бұлар үдеу формуласындағы алым мәні ''S

/а = --------/ ұзындық бірлігімен



t2

берілген. Оларда үдеулерге тура пропорционал.

2. Жылдамдық пен үдеулер кестесін әзірлеу: координат кестесі сияқты, екі кесте сызу керек. Жолдарын нөмірлеп, /дене кейпінің санына байланысты/ бағаналарды белгілеу керек (нүктенің санына байланысты). Координата кестесінде Sх және Sу тұрған орындарға, жылдамдық кестесінде 'х және 'у, үдеулер кестесінде ''х және ''у қою керек /2 және 3 кестелерді қара/.
Жылдамдықтар кестесі

2 кесте


Sх

с

в

а

м

f

s

P

d

Sy

c

в

а

м

f

s

p

d

1
















-




-

1
















-




-

2
















40




14

2
















8




12

3
















65




41

3
















1




26

4
















83




72

4
















-4




20

5
















94




102

5
















7




-4

6
















89




122

6
















21




-15

7
















69




122

7
















12




-5

8
















54




90

8
















-9




-5

9
















47




38

9
















-17




-17

10
















-




-

10
















-




-


  1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет