Биомеханика (зертханалық жұмыстар)



бет5/5
Дата29.06.2016
өлшемі5.02 Mb.
#164743
1   2   3   4   5

Бақылау сұрақтары
1 жұмысқа.

  1. Биомеханика пәні нені зерттейді?

  2. Биомеханиканың мақсаттары мен мазмұны неде?

  3. Биомеханиканың дамуы және басқа пәндермен байланысы.

2 жұмысқа.



  1. Қозғалыстарды тіркеу тәсілдері мен кезеңдері.

  2. Кинематикалық және динамикалық көрсеткіштер.

  3. Қимыл-қозғалыс құрылымдарына талдау жасау.

3 жұмысқа.



  1. Биокинематикалық жұптар мен тізбектер.

  2. Бостандық дәрежелері деген не?

  3. Биокинематикалық тізбектердегі бастырық, оның рөлі.

4 жұмысқа.



  1. Бұлшық еттердің механикалық қасиеттері.

  2. Бұлшық ет жұмысының түрлері.

  3. Бұлшық еттердің топтасуы кезіндегі бір-біріне әсері.

5 жұмысқа.



  1. Биомеханикалық жүйелердің құрылысы.

  2. Биомеханикалық жүйелердің қасиеттері.

  3. Биомеханикалық жүйелердің қозғалыстар кестесінің ерекшеліктері.

6 жұмысқа.



  1. Қашықтық пен уақытты есептеу жүйесі.

  2. Кеңістіктік көрсеткіштер.

  3. Уақыттық көрсеткіштер.

7 жұмысқа.



  1. Инерттілік көрсеткіштер туралы түсінік.

  2. Күштерге сипаттама беру.

  3. Салыстырмалы сыртқы және ішкі күштер.

8 жұмысқа.



  1. Қозғалыстар жүйесінің құрамы мен құрылысы.

  2. Өздігінен басқарылатын жүйелер.

  3. Оқыту мен жаттығу кездеріндегі қозғалыстар жүйесінің өзгерістері.

9 жұмысқа.



  1. Дене кейпін сақтау /гимнастика жаттығулары кезінде/

  2. Айналмалы жаттығулар /айналу өсіне байланысты/.

10 жұмысқа.



  1. Тіректен итерілу механизмі.

  2. Сермеу қимылдарының рөлі.

11 жұмысқа.



  1. Адымдау қимылдарының элементтері.

  2. Адымдар ырғағы мен жиілігі, ұзындығы, жылдамдығы.

12 жұмысқа.



  1. Сырғанау шарттары.

  2. Шаңғы және таяқпен итерілу механизмі.

13 жұмысқа.



  1. Жүзушінің денесі мен судың арасындағы байланыс.

  2. Қолдар мен аяқтардың есу қозғалыстары.

  3. Дене тәрбиесінің тәрбиелеу бағдарламаларын негіздеу.

14 жұмысқа.



  1. Сыртқы денелердің орын ауыстыру мәндері.

  2. Соққылар мен лақтырулар.

  3. Спортшының дайындықтарын негіздеу және бақылау.

ЕСЕПТЕР
1. Мысал. Радиусы R=2 метр және бұрыштық жылдамдығы = 573= 10рад/сек шеңбер бойынша балға бірқалыпты айналып тұр. Балға-шардың – а /15-сурет/ үдеу модулін анықтау қажет.

2. Мысал. Мейлі, нүктенің қозғалысы мына теңдеулермен берілсін: Х = 14t; У=7t-4,9t2. Бастапқы қозғалысынан І секунд өткеннен кейін нүктенің қозғалыс траекториясын, орнын және жылдамдық модулімен үдеу модулін табу керек.




15-сурет. Балға-шардың кинематикалық көрсеткіштерін анықтау үшін есеп-схема.
3. Мысал. Адамды аяқ ұшында /башпайларда/ ұстап тұру кезіндегі сирақтың үш басты бұлшық етінің тарту күшін анықтау, егерде сол талдау уақытында дененің ауырлық күші Р, 500 Н тең болса, тілерсек буыннан /0/ өсі салыстырмалы түрде алдынан 0,1 м/ч1/ қашықтықта болса, ал иық бұлшық етінің тарту күші 0,04 /ч2/ тең болса.

4. Мысал. Спортшының ядроға, егер оның массасы /мя/ - 7,257 кг тең, ұшу биіктігі - /һаяқт./ - 2,25м., ядроның бастапқы биіктігі /һбаст./ - 1,3 м., ядроның ұшып шығу жылдамдығы /Уаяқт./ - 12 м/сек болса, жұмсаған пайдалы жұмысы қандай болмақшы?

5. Мысал. Спортшының штангіні төстен итеруді орындаған кезде жұмсалатын орташа қуаттылықты анықтау, егер штангінің массасы /м/ 150 кг тең, штангі грифінің бастапқы биіктігі /һбаст./ - 1,3м., штангі грифінің соңғы биіктігі /һсоңғ./ - 2,2 м., штангіні итеру уақыты /t/ - 1,5 сек.

6. Мысал. У= 10м/сек. Объективі F=50 мм 10 м қашықтықтан түсіріледі. Экспозиция уақытын анықтау.

7.Мысал. f=200 к/сек түсіру жиілігі, t=1:1500 сек. Обтюратордың бұрыш /ашылу/ кескінін анықтау.

8. Мысал. 200 к/сек жиілік кезінде үш рет жүгіру адымын тіркеу үшін 35 мм таспаның ұзындығын анықтау.

9. Мысал. Маятниктің 10 тербелісінің уақытын 5 рет өлшегенде /№ зертханалық жұмысты қара/ мынандай сандар алынды: 25,3; 25,6; 25,6: 25,5: 25,4 сек. Мәндердің барынша мүмкін болу көрсеткішін анықтау, оның берілген мәнінен орташа квадраттық ауытқудың сипатын және 0,95 мүмкіншілік шынайы мәнінің сенімді интервалын табу.


ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Донской Д.Д. – Биомеханика. Учеб. пособие для студентов фак.физ. воспитания пед. ин-тов. –М.; Просвещение, 1975.

  2. Донской Д.Д., Зациорский В.М. Биомеханика. Учебник для ин-тов физ. культ. –М.: ФИС, 1979.

  3. Практикум по биомеханике. Пособие для ин-тов физ. культ. Под ред. И.М., Козлова. –М.: ФИС, 1980.

  4. Уткин В.Л. Биомеханика физических упражнений. Учеб. пособие для студентов фак.физ.воспитания пед. ин-тов и ин-тов физ. культуры по спец. №2114 «Физическое воспитание». –М.; Просвещение, 1989.

ҚОСЫМША
Есеп шешімдерінің жауаптары
Шешімі. Шеңбердің ортасынан басталатын ОХУ/15 сур./ балға-шар айналатын жазықтықта жататын координат жүйесін таңдап аламыз. Балға-шардың қозғалысын координаттты немесе табиғи тәсілмен беруге болады. Табиғи тәсіл бойынша қозғалыс траекториясы шеңбер теңдігімен жазылуы мүмкін /х2 + у2 = R2/ және қозғалу графигімен-нүктенің шеңбер бойымен қозғалу заңымен /S = Rt/ беріледі. Онда, мына формулаларды пайдаланып шығарамыз:

У= ds : dt, a = d : dt, an =2 : R; а = а2r + a2n // = arccos

У = =, ач== = 0, аn = = R, а = ач = .

Координатты тәсіл бойынша нүктенің координаттар арқылы қозғалу теңдігімен жазылады. Нүктенің қозғалуының басталуын у=0, х=R, координаттарынан есептей қозғалу теңдігін, мына түрде жазамыз: х = Rcost, у=Rsint.

Ух = dx : dt; Уу = dy : dt; У = ; ах = dyx: dt; ау= dУу : dt;

а = , теңдеулер бойынша есептеу білігінің координат жүйелерінің құрама жылдамдығымен үдеуін анықтаймыз, содан соң балға-шардың іздеп отырған қозғалу модуль үдеуін табамыз:

Ух = - R sin ах = - R

Уу = - R cos ау = - R

а = = R= .

Әртүрлі тәсілдермен алынған нәтижелерді салыстырсақ, олардың бір-біріне ұқсастығы айқын көрініп тұр.


Шешімі. Траекторияның теңдеуін табу үшін, екі теңдеуден уақытты шегеріп тастаған жөн. Ол үшін бірінші теңдеудің уақытын екіншіге қоямыз:

t = х : 14; у = 7· х : 14 – 4,9 · х2 : 196.

Кейбір өзгерістерден кейін траектория теңдеуі мынадай түрге келеді:

у = 0,5х – 0,025 х2

1. Нүктенің орнын табу үшін х пен у-тің координаттарын t=1 сек кезіндегісін есептеу: х = 14м, у = 7-9,8 = -2,8м.

2. Жылдамдық модулінің t=1 сек кезіндегі мәнін анықтаймыз:

Ух = d : dt /14t/ = 14 м/сек; Уу = d : dt / 7t – 4,9t2 / = 7-9,8t;

Ух = 14 м/сек; Уу = 7-9,8= -2,8м/сек; У = = 14,4м/сек.

3. Үдеу модулінің t=1 сек кезіндегісін анықтаймыз:

ах=d2 : dt2 · /14t/ = d : dt/14/ = 0; ау = d2 : dt /7t – 4,9t2/ = d : dt/7-9,8t/ = -9,8 м-сек2; а=-9,8 м/сек2.

Шешімі: М0/Р/ =-Рч = - 500 · 0,1 = -50Нм.

Мо/F/ = F·ч2 = F · 0,04 Нм.

Тепе-теңдік шартына байланысты, денеге әсер ететін күштердің қосынды сәттері нөльге тең болады, ол дегеніміз:

М0/Р/ + М/F/ =0; -50 + F · 0,04 = 0; F=50 : 0,04 = 1250Нм.

Шешімі: Потенциал энергиясының өсімшесі Еп = мд/һаяқт. – һбаст. / болады:

Еп = 7,257 · 9,81 /2,25 – 1,05/ = 85,43Дж.

Кинетикалық энергияның өсімшесі Ек = м : 2/У2аяқт. – У2баст./,



Ек = · 7,257 · 122 = 522,5Дж.

Пайдалы механикалық жұмыс: А = 522,5 + 85,43 = 608Дж.

Шешімі: Потенциал энергиясының өсімшесі Еп = 150 · 9,81/2,2 – 1,3 / = 1324 Дж болады.

Кинетикалық энергияның өсімшесі нөльге тең, себебі штангінің қозғалу жылдамдығы бастапқыда да, соңында да 0 тең.

Пайдалы механикалық жұмыс: А = 1324Дж. Орташа қуаттылығы:

N = A : t = 1324 : 1,5 = 883 Вт/14 зертх. жұмысты қара/

Шешімі: 1. х кестеден анықтаймыз: х=6мм = 0,006м. 2. tэксп. = х : У = 0,006 : 10 = 0,0006 сек = 1 : 1500 сек.

Шешімі: = 360 · f · t формуланы пайдаланып:



= t · 360 · f = 1 : 1500 · 360 · 200 = 48º .

Шешімі: 1. Үш жүгіру адымының уақытын өлшеп немесе әдебиеттер деректерін пайдалану керек. Мысалы, tадым. = 0,3сек, онда үш адымның t = 0,9сек.

2. 200 кадр/сек жиіліктігі кезінде және уақыты 0,9 сек болғанда 180 кадр кетеді екен.

3. Кең форматты таспаның ұзындығы / кадр терезесі – 18х22 мм/болса:



= 180 · 18 = 3240 мм, немесе 3,24м.

Шешімі: t5 = 25,3 + 25,6 + 25,5 + 25,6 + 25,4 : 5 = 25,48 сек;



t5 = = 0,06сек.

Таблицадан табатынымыз п = 5 және = 0,95 Стьюдент коэффициенті: t=2,77. Онда сенімді интервал q = 0,13 сек болады.



Мына формулаларды пайдалану қажет: q=, х=.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет