Биотехнологияның негізгі мақсаты қандай? Биотехнология қандай ғылымдармен байланысты (толық) Биотехнология


Биологиялық препараттарды өндіруде қолданылатын биологиялық обьектілерді тізімдеңіз. Биообьектілерді оқшаулау және жетілдіру процестерін сипаттаңыз (толықтыру керек)



бет45/60
Дата09.01.2024
өлшемі116.08 Kb.
#488716
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   60
Принципы и методы получения биопрепаратов

Биологиялық препараттарды өндіруде қолданылатын биологиялық обьектілерді тізімдеңіз. Биообьектілерді оқшаулау және жетілдіру процестерін сипаттаңыз (толықтыру керек)

Биологиялық препараттар , биопрепараттар — адамдар, жануарлар және өсімдіктердің түрлі ауруларын анықтауда, оларды емдеу және алдын ала сақтандыру мақсатында қолданылатын ерекше биологиялық қосылыстар. Биологиялық препараттар тірі ағзалардың тіршілік жағдайын жақсартып, олардан алынатын өнімдерді молайтуда маңызы зор. Биологиялық препараттарға вакциналар, сарысулар, микроағзалардан өндірілетін антибиотиктер, ферменттер, т.б. биологиялық активті заттар жатады. Мысалы, вакциналар түрлі аурулардан сақтандыру үшін де кеңінен пайдаланылады. Оның сарысуға қарағанда ағзадағы иммундық қасиеттерді ұзақ уақыт сақтап қалатын қасиеті бар. Биологиялық препараттар егіншілікте егіс дақылдарын аурудан қорғап, олардың өнімділігін арттыруға едәуір көмегін тигізеді. Мысалы, микробтардан даярланатын азотобактерин, нитрагин препараттары атмосферадағы өсімдіктерге қажетті азотты сіңіреді. Бұл азот тыңайтқыштарын үнемдеуге көмектеседі.
Биологиялық препараттардың өндірістік жағдайда алынатын түрі — мал азықтық ашытқылар басқа микробтар пайдалана алмайтын көмірсутектердің (мұнай өнімдері) күрделі қосылыстарымен қоректеніп, қоршаған ортада белоктың жиналуына көмектеседі, яғни олар ағза үшін жетіспейтін азот қосылыстарының (амин қышқылдары) көбеюін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, микрооргнанизмдерден алынатын фитобактериомицин биологиялық препараттары өсімдіктердің бактериялық ауруларына қарсы қолданылады.
Дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды шығаруды жүзеге асыратын кәсiпорындарда жануарларға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды сақтау мен босату кезiнде олардың қауiпсiздiгi мен қасиеттерiнiң сақталуын қамтамасыз ететiн үй-жайлар мен жабдықтар болуы тиiс. Олар мыналар:
1) дәрiлiк заттарды сақтаудың температуралық режимдерiнiң сақталмауы;
2) өнiмнiң түрiнiң бұзылуы;
3) тасымалдау кезiнде өнiмнiң зақымдануы;
4) препараттарды қолдануда дайындау, тағайындау ережелерiнiң бұзылуы;
5) дәрiлiк заттарды жою кезiндегi қауiпсiздiкке қойылатын талаптардың бұзылуы дәрiлiк заттарды қолданған жануарлар, адамдар және қоршаған орта үшiн қауiптiң туындау мүмкiндiгiн анықтайтын негiзгi факторлар болуы мүмкiн.

Биологиялық препараттарға қант, ақуыздар, нуклеин қышқылдары немесе осы заттардың күрделі комбинациясы кіруі мүмкін
Олар биологиялық обьектілері болуы мүмкін – мысалы, жасушалар мен тіндер.
Жасуша (клетка, cellula) – дененің ең кішкене құрылыс бірлігі. Жасушаны зерттейтін ілім – гистология. Жасушалар барлық жануарлар мен өсімдіктер құрылысының дамуы және тіршілік әрекетінің негізі. Жасуша туралы ілімнің негізін қалаушы неміс ғалымы Т. Шванн (1810-1882 ж.ж). Т. Шванн 1839 жылы барлық жан-жануарлардың дене құрылысының негізі, олардың құрылыс бірлігі жасуша екенін дәлелдейді. Жасушалардың түрі мен пішіні әр түрлі болады. Олар сопақ, домалақ және тағы басқа пішіндерде болуы мүмкін. Оның үлкендігі 3-7 микроннан 200 мкметрге дейін жетеді. Денедегі ең үлкен жасуша жыныс жасушалары. Жасуша цитоплазма мен ядродан тұрады. Ядро (nucleus) – жасушаның негізгі бөлігі. Ол көбіне жасушаның орталығында орналасады. Цитоплазма – жасушаның негізгі бөлігі. Оның құрамында гиалоплазма және органеллалар мен кіріспелер болады.
Тін (лат. textus, грек. hіstos), биологияда – адам мен жануар организмінде болатын, шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас жасушалар жүйесі. Тіннің құрамына жасуша тіршілігі өнімдері – жасушааралық заттар мен құрылымдар да кіреді. Тін біржасуша жануарларда ғана болмайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет