Биотикалық фактор



жүктеу 37.51 Kb.
Дата21.06.2016
өлшемі37.51 Kb.
Биотикалық фактор

    Тiршiлiктiң орасан зор алуантүрлiлiгi зерттеушiлердi әрқашан таңқалдырған. Табиғатта  абсолюттi ұқсас даралар,  популациялар, түрлер және экожүйелер  жоқ. Тiптi  бiржұмыртқалы егiздер бiрдей тұқымқуалаушылығы болса да, бiр – бiрiнен ерекшеленедi. Бұл алуантүрлiлiк құпия қалып отырды. Жер бетiнен адамның әсерiнен кейбiр түрлер жойыла бастағанда, бұған мән берiлмедi, өйткенi түрлер көп, ал құрып бiту процесi, палеонтология анықтағандай, табиғатта әрқашан болып тұрды. Бiрақ, қазiргi уақытта тiршiлiктiң алуантүрлiлiгiнiң адам қызметi әсерiнен кедейленуi тез қарқынмен жүруде. Үлкен аудандарда таза сортты мәдени өсiмдiктердiң кейбiр түрлер өсiрiледi.

    Көптеген табиғи экожүйелер түрлерi бұзылып, мәдени ландшафтармен ауыстырылуда. Биоценоздарда түрлер саны азаюда. Сондықтан теориялық және практикалық жағынан биологиялық әртүрлiлiктiң алатын орнын түсiну қажет.

    Бұл сұраққа жауапты биоценоздың қызметi мен құрылысын оқығанда табуға болады. Бiз көргендей, табиғи бiрлестiктерге жүздеген және мыңдаған  түрлер кiредi, бактериялардан бастап ғасырлық ағаштар мен үлкен жануарларға дейiн. Биоценоздар табиғи жүйелер. Бұл күрделi жүйелердiң түрлiк  алуантүрлiлiгi мынадай  қасиеттерiн анықтайды.

    1.Бөлiктердiң өзарабайланысты толықтыруы. Бiз байқағанымыздай, бiрлестiктерде өзара экологиялық қуысты бөлiсетiн және орта ресурстарды пайдалануда бiрiн – бiрi толықтыратын түрлер тiршiлiк ете алады. Мысалы, ормандағы бiрiншi қабатындағы өсiмдiктер күн сәулесiнiң 70-80%-н қабылдайды. Екiншi қабатта жарықтың 10-20%-i ғана жеткiлiктi ағаштар мен бұталылар өседi, ал жербетiндегi шөптесiн өсiмдiктер мен мүктер мұндай ормандарда күн сәулесiнiң 1-2 жүз бөлiгiн ғана пайдаланып, фотосинтез жүргiзе алады. Бiр – бiрiн толықтыра отырып, өсiмдiктер күн энергиясын толық пайдаланады. Осындай толықтыру өсiмдiктердiң әртүрлi түрлерiнiң топырақ бетiнде орналасқан да, олардың тамыр жүйесiнiң орналасуында да, минералды заттарды толық сiңiргенде де байқалады.

    Биоценозда жануарлардың “еңбектi бөлiсуi” қоректiк әр түрi, тәулiктiк және маусымдық белсендiлiк уақытын пайдаланғанда, кеңiстiкте орналасқанда көрiнедi. Орман бiрлестiктерiнде бiр – бiрiн саңырауқұлақтардың әр түрi толықтырады. Олардың бiрi өлген ағаш қалдықтарын ыдыратады, екiншiлерi – жаңа түскен жапырақтарды, үшiншiлерi – тамырларды, төртiншiлерi жартылайыдыраған массаларды ыдыратады. Өзара толықтыру көптеген микроорганизмдер – редуценттерге де тән. Олардың бiрi целлюлозаны, екiншiлерi – белоктарды, үшiншiлерi – қанттарды ыдыратады. Органикалық зат түзушi және ыдыратушы түрлердiң өзара толықтыруы биологиялық айналымның негiзiнде жатыр.

    2.Түрлердiң өзараорынбасуы. Биоценоздың кез келген түрiнiң орнын ұқсас экологиялық талаптары мен қызметтерi бар түрлер баса алады. Табиғатта бiр – бiрiне толық ұқсас түрлер жоқ, бiрақ көбiсi негiзгi экологиялық талаптары арқылы ұқсайды. Мұндай түрлер ұқсас бiрлестiктерде бiрiнiң – орнын бiрi басады, мысалы, шыршалы ормандардағы шырша мен  самырсынның әртүрлi түрлерi немесе шалғындықтардағы жәндiктер – тозаңдандырушылардың әртүрлi түрлерi.

    Көптеген түрлердiң экологиялық қуысы бiр – бiрiмен айқасып жатқандықтан, бұл түрлердiң бiреуiнiң белсендiлiгiнiң төмендеуi немесе жойылуы экожүйе үшiн қауiптi емес. Оның қызметiн басқалары атқарады. “Бәсекелестiк босату” құбылысы түзiлiп, зат алмасудың әртүрлi буындары қызметiн жалғастырады. Түрлердiң өзараорынбасуы ауа – райы жағдайының ауытқуында үздiксiз жүредi.



Мысалдар мен қосымша ақпараттар

        1.Түрлердiң бiр-бiрiнiң орнын ауыстыруы қоршаған ортаға әсерi үлкеймесе, экожүйелерге өздерiнiң негiзгi қасиеттерiн сақтауға мүмкiншiлiк бередi. Мысалы, жабайы тұяқтыларды жайылымдарда үй жануарларының табыны ауыстырады. Солтүстiк Америкада адамдар келмей тұрып, шамамен 75 млн. бизон мекендедi. Олар құрғақ салмақпен, шөптiң 400 млн. тоннасын қорек еттi, ол жер бетiнiң өсiмдiк өнiмiнiң жартысын құрады және сол жерлерде заттардың алмасуын арттырды. Адамдар бизондарды толығымен жойды. Олардың жайылымдардағы орнын сиырлар мен қойлар табыны алмастырды. Бiрақ адам өнiмдi қуу жолында малдың басын көбейтiп, жердi бұзды. Жайылымдардың өнiмдiлiгi төмендеп, топырақ эрозиясы артты.

        2. Бiздiң елiмiздiң оңтүстiгiнде бұзылған далаларда өсiмдiктердiң түрлiк байлығын қалпына келтiру әдiсi жасалынған. Қол тигiзбеген дала аймақтарында бiр маусымда 3-4 рет шөптi шабады, ол жерде көптеген өсiмдiк түрлерiнiң тұқымдары пiсiп жетiледi. Ол шөптi эрозияға ұшыраған және бұзылған топыраққа жаяды. Осылай топыраққа көптеген өсiмдiктер тұқымы, органикалық тыңайтқыш түсiп, ашық жерлер бетi жабылады. 3-4 жылдан соң мұндай жерлерде құнарлы топырақ қайтадан қалпына келедi. Табиғи процестер ондаған жылға созылады.

        3. Бiр түрдi екiншiсiмен алмастыру - бiрлестiктiң көпжылдық динамикасындағы қалыпты құбылыс. Әсiресе, шалғындық өсiмдiктерiнде жақсы көрiнедi. Мысалы, ашық шалғындарда ылғалды жылдары астық тұқымдастары iшiнде - түлкiқұйрық көп өседi, ал құрғақ жылдары - бидайық көп өседi. Астық тұқымдастарын жейтiн сараншалардың шалғында көбеюiне байланысты, олар жемейтiн өгей шөптер көбейедi. Бiр – екi жылдан соң олардың бәсекелестерi - астық тұқымдастарымен ығыстырылады. Орманда өсiмдiк жабынының мұндай көп жылдық өзгерiсi онша бiлiнбейдi және тек төменгi қабаттарды қамтиды.



        4. Мәдени өсiмдiктер селекциясындағы қазiргi бағыттардың бiрi - олардың популяцияларының бiртектiлiгiн ұстап тұру. Мұндай сорттарда гүлдеу мезгiлi ауытқитын, әртүрлi биiктiктi, тамырының орналасуы бiрдей емес, құрғақшылыққа төзiмдiлiгi әртүрлi өсiмдiктер бар. Дала дақылдарының популяцияшылық әртүрлiлiгi өсiмдiктердi күтуде аз қаражат жұмсауда тұрақты өнiм алуға мүмкiншiлiк бередi.

        Балық шаруашылығында толықтыру принципi әртүрлi қоректi пайдаланатын, бiрнеше балық түрiн бiр су қоймасында өсiргенде қолданады. Сәттi жиынтық мынадай: бiр клеткалы балдырлармен қоректенетiн ақ дөңмаңдай балығы, зоопланктонмен қоректенетiн түстi дөңмаңдай балығы, су түбiндегi өсiмдiктермен қоректенетiн ақ амур және су түбiндегi омыртқасыздармен қореқтенетiн қара амур және тұқы.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет