Бір айлық балада муковисцидоз анықталды



жүктеу 91.82 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі91.82 Kb.
Ф КГМУ 8/4-10/04

ПП КГМУ 8/4-04


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

ҮЗДІКСІЗ КӘСІБИ ДАМЫТУ ФАКУЛЬТЕТІ

ПЕДИАТРИЯ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ХИРУРГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

ПЕДИАТР ДӘРІГЕРЛЕР ҮШІН

БАЗИСТІК БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР

1

Бір айлық балада муковисцидоз анықталды.



Көрсетілген шаралардың қайсысы ең дұрыс болып табылады?

  1. А, Е дәрумендері

  2. Реополиглюкин

  3. Ана сүтімен зондты тамақтандыру

  4. Креон+ Ана сүтімен зондты тамақтандыру

  5. Линекс+ Ана сүтімен зондты тамақтандыру

2

Бала уақытында, 2950 г салмақпен үйде туылды. Перзентханаға жеткізілді. Объективті: тері жамылғысы бозғылт. Тексеруде: анасында - А(II), резус (Rh) - (+); балада -O(I), Rh (+), гемоглобин 150 г/л, гематокрит 0,38, ретикулоциттер 5%.



Көрсетілген себептердің қайсысы анемия себебі болып табылады?

  1. Темір тапшылықты анемия

  2. Фетоаналық қан алмасу

  3. Rh-фактор бойынша сәйкессіздік

  4. АВО жүйесі бойынша сәйкессіздік

  5. Нәрестелердің физиологиялық анемиясы

3

Жаңа туылған нәресте анасы 30 жаста, мамандығы инженер-химик, темекі тартады. Жүктіліктің 12 аптасында тұмаумен ауырған. Босануы 37-38 аптада, босану әлсіздігі, сусыз кезең 5 сағат. Бала асфиксиямен туылды. Анасының төсіне 12 сағаттан соң салынды, емуі әлсіз, тез шаршайды. 4-ші тәулікте 2 қабырға аралықта, арқаға берілетін интенсивті систолалық шу, тахикардия пайда болды.



Қандай денсаулық тобына жатады:

А) І


В) ІІ

С) ІІІ


D) ІV

Е) V
4

Емізетін әйелде дене қызуы жоғарылады, бір төсінде тығыздалу пайда болды, пальпацияда ауырсыну, гиперемия. Сүті қалыпты түсті, қан мен ірің араласпаған.

Баланы тамақтандырудың қандай тактикасы дұрыс:

А) Ана сүтімен тамақтандыруды тоқтату

В) Пастеризацияланған, сауылған ана сүтімен тамақтандыру

С) Қалдық сүтті міндетті түрде сауып тастап, ана сүтімен тамақтандыру

D) Ана сүтімен тамақтандыруды жалғастыру, балаға антибиотик тағайындау

Е) Сау төсімен ғана тамақтандыру
5

Бала 6 айлық. 3000 г салмақпен туылды. Қарау кезінде салмағы 8000г. Табиғи тамақтандырылуда, 550 мл сүт емеді, қосымша 2 тағам жейді: көкөніс ұнтағы, сары май қосылған ман ботқасы, алма езбесі, сары уыз. Тәулігіне 1 кг дене салмағына 4,0 г ақуыз, 6,5 г май; 15 г көмірсу алады. Барлығы 130 ккал/кг.

Қайсы қорытынды дұрыс:

А) Тамақтандыру барлық тағам құрамына байланысты дұрыс

В) Тамақтандыруда ақуыз мөлшері жеткіліксіз

С) Тамақтандыруда көмірсу мөлшері жеткіліксіз

D) Тамақтандыруда май мөлшері жеткіліксіз

Е) Бала шамадан тыс тамақтандырылады


6

Бала 4,5 жаста. Тәбетінің төмендігіне, құлағындағы шуға, көз алдында «шіркейлердің» ұшуына, ентігуге, жүрек қағысына шағымданады. Тақпақтарды нашар есте сақтайды, тез шаршағыш, ауасы тар бөлмелерде өзін нашар сезінеді. Объективті: боз, терісі құрғақ, шаш пен тырнақтардың жұқаруы мен сынғыштығы. Тіл емізікшелері аздап атрофияланған. Жүрек тондары әлсіреген.

Жалпы қан анализі: эр – 2,8х1012/л, Нв – 75г/л, ЦП – 0,8, ретикулоциттер – 3,5%, лейк – 8,7х109/л, э – 5%, т/я – 3%, с- 41%, лимфоциттер – 44%, моноциттер – 7%, анизоцитоз ++, пойкилоцитоз ++, полихромазия, ЭТЖ – 9 мм/сағ.

Қай диагноз дұрыс:

А) I дәрежелі темір тапшылықты анемия

В) II дәрежелі темір тапшылықты анемия

С) Ақуыз тапшылықты анемия

D) Гипопластикалық анемия

Е) Витамин В12 – тапшылықты анемия
7

Балада гиперестезия, тремор, бұлшық ет гипотониясы, тырысулар, Хвостек синдромы оң. Осы баланың биохимиялық қан анализіне қандай өзгерістер тән?

A) Гипогликемия

B) Гипокальциемия

C) Гипомагниемия

D) Гиперкальциемия

E) Гипергликемия
8

10 жастағы қыз балада білектің фаланга аралық буындарының деформациясы анықталады, қозғалысы шектелген, таңертеңгілік құрысу. Басқа өзгерістер анықталған жоқ.

Берілген белгілер көрсетілген аурулардың қайсысына тән?


  1. Дерматомиозит

  2. Ревматоидты артрит

  3. Түйінді периартериит

  4. Жүйелі склеродермия

  5. Жүйелі қызыл ноқта

9

14 жасар қыз бала, тамақ ішкеннен кейінгі іш ауырсынуына, кекіруге, жүрек айнуына, эпигастридегі күйдіру сезіміне, іш қатуға бейімділікке шағымданады. Айтылған шағымдар бірнеше жыл бойы мазалайды, тексерістен өтпеген. Берілген алғашқы диагноздардың қайсысы дұрыс?



  1. 12-елі ішектің ойық жара ауруы

  2. Созылмалы гастродуоденит

  3. Созылмалы холецистит

  4. Созылмалы панкреатит

  5. Созылмалы гастрит

10

Жүректің қандай құрылымдық бірлігінің жағдайына байланысты шекарасының ұлғаюы тәуелді болады?



      1. Миокардтың

      2. Эндокардтың

      3. Клапан асты құрылымдардың

      4. Қарынша аралық перденің

      5. Жүрекше аралық перденің

11

Қыз бала 14 жаста ауруды басатын дәрілермен нашар басылатын басының ауруына шағымданады, кейде жүрек айну, құсу пайда болады. Анамнезінен: онкогематолог дәрігерінің есебінде тұрады, уақытылы қолдаушы ем қабылдайды. Қан сараптамасында: эритроциттер-3,8х1012/л, гемоглобин 128 г/л, лейкоциттер- 2,6х109/л, эозинофильдер-2%, таяқшаядролылар-2%, сегменттіядролылыр-59%, лимфоциттер-30%, моноциттер-7%. Миелограммада: ремиссия белгілері, бласттар-2,6%.



Қандай аталған алғашқы диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

A)Лейкоздың рецидиві



  1. Лейкоздың ремиссиясы

  2. Лейкоздың жартылай ремиссиясы

  3. Лейкоздың рецидиві, нейролейкоз

  4. Лейкоздың рецидиві, емнің асқынысы

12

5 жастағы балада жедел миокардит.



Бұл жағдайдағы ЕҢ лайықты ем?

A) Преднизолон

B) Ибупрофен

C) Фозиноприл

D) Гентамицин

E) Бисептол


13

Балабақшада бір уақытта бірнеше бала сырқаттанып қалды. Ауруханаға жасы 1 жас 6 ай науқас түсті. Түскі астан соң 3 сағаттан кейін ұл балада қайталамалы құсу, дене қызуы 38.5 С, әлсіздік, терісінің бозаруы, үлкен дәреті сұйық 4 рет, түсі қою жасыл, шырышты, «балшықты балдыр» секілді, мөлшері көп. Анус қабысқан.

Ең ықтимал диагноз:

A) Дизентерия

B) Эшерихиоз

C) Сальмонеллез

D) Стафилококкты гастроэнтероколит

E) Клебсиеллез


14

Қыз бала 5 жаста жедел нефриттік синдроммен.

Қандай аталған инфекция бұл жағдайдың туындауына ең ықтимал болып табылады?


  1. Кандидалар

  2. Вирусты инфекция

  3. Стрептококкты инфекция

  4. Стафилококкты инфекция

  5. Грам теріс инфекция

15

9 - жастағы ұл баланың жүрегінде қатқыл, созылмалы систолалық шу естіледі, ол максимальды жүрек ұшында сезіледі және жүректен тыс аймаққа беріледі.



Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?

  1. Қолқа саңылауының тарылуы

  2. Ашық Боталлов өзегі

C) Митральды қақпақшаның тарылуы

D) Митральды қақпақшаның жеткіліксіздігі

E) Қолқалық қақпақшаның жеткіліксіздігі
16

Ұл бала 3 жаста алғаш рет бетінің, балтырының ісінуімен, шеменмен ауруханаға жатқызылды, АҚ -90/60 мм сын. бағ, зәрдегі ақуыздың мөлшері -3,3 г/л, эритроциттер 3-5 к.а., лейкоциттер -2 к. а., түйіршікті цилиндрлер 5-6 к.а., қанда жалпы ақуыз -50 г/л, холестерин -9 ммоль/л.

Қандай аталған алғашқы диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?


  1. Пиелонефрит

  2. Зәртас ауруы

  3. Нефротикалық синдром

  4. Интерстициальды нефрит

  5. Жедел нефриттік синдром

17

Балада созылмалы қайталамалы панкреатиттің өршу кезеңі анықталды.



Бұл диагнозды нақтылауға арналған ең ақпаратты тексеру әдісін көрсетіңіз:

А) Трипсиннің деңгейін анықтау

В) Эластазаның деңгейін анықтау

С) Амилазаның деңгейін анықтау

D) Сілтілі фосфатазаның деңгейін анықтау

Е) Қандағы глюкозаның деңгейін анықтау


18

Қыз бала 8 жаста, 1,5 жыл бойы ауырады, өзін нашар сезінуге, әлсіздікке, оң жақ бүйірінің үнемі ауырсынуына шағымданады, ауырсыну кейде күшейеді; сыздап, қысып ауырады, майлы тамақ қабылдағаннан соң 1-1,5 сағаттан кейін немесе физикалық күш түскеннен кейін пайда болады. Пальпация: оң жақ бүйірінің ауырсынуы. Өт қабы симптомдары оң; бауыры ұлғайған, ауырсынады.

Қандай аталған алғашқы диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?


  1. Созылмалы гепатит

  2. Созылмалы холецистит

  3. Созылмалы панкреатит

  4. Өт шығару жолдарының дискинезиясы

  5. 12-елі ішектің ойық жара ауруы

19
Қыз бала 12 жаста қант диабеті анықталған.

Бұл диагнозды қою үшін қандай негізгі симптом қолданылады?


  1. Кетоацидоз

  2. Глюкозурия

  3. Метаболикалық ацидоз

  4. Қандағы қант ашқарынға 5,5 ммоль/л аса

  5. Қандағы қант ашқарынға 6,1 ммоль/л аса

20

Ұл бала 7 жаста жедел пневмония анықталды. Негізгі шағымдарына жөтелгенде және терең тыныс алғанда, оң жаққа еңкейгенде ауырсыну, пальпация кезінде сол жақ үлкен кеуде бұлшықетінің ауырсынуы қосылды.



Бұл жағдайда қандай аталған асқыну ЕҢ ықтимал болып табылады?

  1. Плеврит

  2. Эмфизема

  3. Ателектаз

  4. Деструкция

  5. Пневмосклероз

Бала дәрігерлеріне арналған бастапқы білімді бақылаудың тесттік сұрақтары



Жауап эталондары


1

D

11

D

2

B

12

В

3

C

13

С

4

С

14

С

5

Е

15

D

6

В

16

C

7

В

17

В

8

B

18

D

9

В

19

E

10

A

20

А


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет