Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншығым.
Мақсаты:үлгі сызық бойынша бейнені қия білуін бекіте отырып, өз бетінше безендіруге үйрету.
Міндеттері:балаларды өздерінің сүйікті ойыншықтарының аттарын атай отырып сипаттауға және оларға ұқыпты қарай білуге баулу; балаларға қиюдың түрлі тәсілдерін меңгерту; таңдау жасай білуге, ұқыптылыққа үйрету; саусақ қимылдарын арттыру, қағазды қию қабілеттерін дамыту; төзімділікке тәрбиелеу.
4.Дене шынықтыру.
Тақырыбы:«Құрлықтар бойынша саяхат»
Мақсаты: Іші толтырылған допты алысқа бір қолмен лақтыруға үйрету: қолды алдыға, жоғары созып, ширақ сермеп, доптың ұшу траекториясын дұрыс беру және бастапқы қалыпқа қайтадан тұра білу шеберліктерін (машықтарын) қалыптастыру.
б) Өмірге, қоршаған ортаға деген жағымды көзқарастарын қалыптастыру, айналаға және өзін қоршаған адамдарға қайырымды болуға тәрбиелеу
|
1.Сауат ашу
Тақырыбы:Ш ш дыбысы.
Мақсаты: «Ш» дыбысымен таныстыру.
Міндеттері: Сөздерге дыбыстық талдау жасату, сөздерді буындарға бөлгізу. Тапсырмадағы суретті жалғастырту арқылы зейіндерін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
2.Сурет салу
ТақырыбыҚар кесегі
Мақсаты: қыс қызығымен таныстыру, қысқта табиғат құбылыстарын сезіне білуге, қардың «аппақ ұлпа», «мамықтай» жұмсақ болатынын түсіндіру, балаларға дербес түрде қар кесегін салуды үйрету.
3. Құрастыру.
Тақырыбы:Киіз үй
Мақсаты: киіз үй құрастыруда оның негізгі бөліктерін және оған тән бөлшектерін анықтай білуге үйрету.
Міндеттері:
-киіз үй құрастыруда оның негізгі бөліктерін ажырата алу және оған тән бөлшектерін анықтай білуге үйрету;
-киіз үйдің бөліктерінің атауларымен таныстыру, оның адам өміріндегі маңызын түсіндіру, жасаған құрылысын талдай білу;
-құрастыру барысында өзара келісімге келуге, қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.Қоршаған орта.
|
Достарыңызбен бөлісу: |