Серуен 1115-1130
|
Бақылау: «Бұлттарға бақылау жасау» Балалар, аспанға қараңдаршы не көріп тұрсыңдар?Аспанда бұлттар бар, күн бар.Бұлттардың түсі қандай болады екен?Аспан ашық күндері бұлттар ақ болады, оларды ақша бұлттар деп атайды. Ал, жауынды күні бұлттардың түсі қара болады, ондай күнді – бұлтты күн деп атайды. ажырату.)
Дидактикалық ойын:
.«Телефон» дидактикалық ойынын ойнатуға болады.
Ойын шарты: Балалар, бір-бірінің құлағына сыбырлау арқылы айтылған сөзді басқа балаға жеткізеді. Егер соңындағы бала, сөзді шатастырып алса, «айыбын» төлейді.
|
Серуен №11
Ағаштарға бақылау жасау
Бақылау
Балалармен бірге ауладағы ағашты қарау: ағаштың бүрлерінің астынан кішкентай жапырақ өскіндері өсіп келе жатқанын бақылау. Ағаштарды бүрлері мен бұтақтарына қарап айыра білуге үйрету. Терек пен аққайыңның бұтағын салыстыру(аққайыңның бұтағы жіңішке,иілгіш,қабығы қоңыр-қызыл,бүрі ұсақ, бұтақта бір-бірлеп орналасқан;терек бұтағы аққайыңға қарағанда жуан,қабығы сұрғылт-жасыл,бүрі ірі,ұзын, жабысқақ және хош иісті, бір-бірлеп өседі)Салыстыра білу қабілеті мен нақты белгілерін атай білуге үйрету.Табиғаттан алған әсерлерін қуанышты көңіл-күйлерін білдіре білу.
Көркем сөз
Мақал-мәтел
Бір ағаш кессең,жүз ағаш отырғыз
Болжам
Аққайың ағашы жөке ағашынан бұрын бүр жарса, жаз құрғақ болады. Көктемде аққайыңның шырыны көп болса,жаз жаңбырлы болады.
Тақпақ
Отырғыз ағаш көктемде
Жөн болар еңбек еткенің
Келмесе шамаң еккенге
Сындырма жұрттың еккенін
Қимылды ойын
|
Серуен- бақылау.
Тақырыбы: «Суық жел»
Мақсаты:Балаларды таза ауаға серуенге шығарып, табиғат құбылысы күзгі суық желдің бағытын лентамен анықтатып үйрету. Жазғы желмен күзгі желді салыстыру Күзгі желмен жазғы желдің айырмашылығын түсіндіру. Күзде қандай жел соғады екен? Жылы жел қай кезде соғады?
|