4.Мүсіндеу.
Тақырыбы: Үйрек. Мақсаты: ермексаз кесегінен үйрек бейнесін мүсіндеуді үйрету.
1.Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері:
2. Негізгі кезең. Педагог жұмбақ жасырады: Табаны бейне алақан, Мынау қандай балапан? (Үйрек) – Балалар, үйрек қандай құстар тобына жатады? – Құстар қандай топтарға бөлінеді? – Тағы қандай үй құстарын білесіңдер? Балалардың назарын балапандарымен көлде жүзіп жүрген ойыншық үйректерге аудару. – Балалар, қараңдаршы, мына үйректер қандай әдемі! Кәне, санайықшы қанша үлкен үйрек және балапандар бар екен? Енді осы үйректердің санын тағы да көбейтейік. Ол үшін біз ермексаздан үйректі мүсіндейік. Сөздік жұмыс: үй құстары, қамқорлық. Көптілділік компонент:үйрек – утка –duck, көл – озеро –lake, құс – птица –birds. Мүсіндеу жолдарын түсіндіру: 1. Үлкен ермексазды алып, үшке бөлеміз. 2. Домалақтау әдісі арқылы үйректің денесін, басын жасаймыз. 3. Қолды сулап алып, жасаған мүсінімізді тегістейміз. 4. Таяқшамен үйректің тұмсығын, қанатын сызамыз. 5. Аяғын жасаймыз.Ермексазды жіңішкелеп есу арқылы аяғын жасап,шымшып басу арқылы табанын шығарамыз, денесіне біріктіреміз. Сергіту сәті. И.Шұғаевтың «Үйрегім» өлеңін жатқа айтқызу. Үйрегім-ау, үйрегім, Келіп жүр ме билегің? Үйге кірмек боласың, Бар дегендей үйде кім. Кінәлап та не керек? Жүзгіштігің керемет! Суда жарыс болса егер, Бас бәйгені берер ек! Балалар жұмысқа кіріседі. Педагог балалармен қажет кезінде жеке жұмыс жүргізеді. 3.Рефлексия. Педагог оқу қызметін қорытындылап, балалардың жұмысына баға береді. Балалар бір-бірінің жұмысын талдайды. Алдын ала жасалған көлшікке балалардың жұмысын орналастыру ұсынылады.
|
1.Математика
Тақырыбы: 7,8, 9 сандары және цифрлары. Мақсаты: 7, 8, 9 сандарының құрылуымен және 7,8,9 цифрларымен таныстыру.
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Негізгі кезең 33 Топтық жұмыс. Әрбір топтың үстелінде 10 дөңгелек пен үш қағаз тәрелкеден құралған үш жинақтан бар. Педагог тапсырма орындауды ұсынады: қонақтарымызға дастарқан жаю қажет. Әрбір тәрелкеге тәтті тоқаштардың белгілі бір санын салу керек. Бірінші тәрелкеге жеті тоқаш. Балалар салады, қайта есептейді. Педагог цифрды көрсетеді, балалар оны ауада «жазады». Одан кейін балалар екінші тәрелкеге сегіз «тоқаш» салады. Педагог цифрды көрсетеді, балалар оны ауада «жазады». Үшінші тәрелкеге тоғыз тоқаш салынады. 1-тапсырманы қарастыру. – Тәрелкелердің әрқайсысында неше тәтті тоқаштан болуы тиіс? Әрбір тәрелкеге жетіспейтін «тәтті тоқашты» жапсырыңдар. Балалар топтарда таратуға арналған материалмен жұмыс істейді. Тапсырманы орындап, жетіспейтін тәтті тоқаштарды жапсырады. – 2-тапсырма. Саусақтарымен цифрлардың үстінен жүргізуді тапсырады. Ермексаздан жасап көрсетулерін сұрайды. Сергіту сәті. 8 рет секіру, 9 рет қол соғу, 7 рет әрбір аяқпен еденді топылдату, 6 рет көршіңмен алақан соғыстыру. №3 тапсырма. Балалар суретті қарайды. Шалғында нелер жайылып жүр? Шалғында қандай гүлдер гүлдейді? Енді шалғында жайылып жүрген жылқыларды (қойларды) санаймыз. Аспанда қанша бұлт бар? Қажетті цифрды жапсырыңдар. 4-тапсырма. Сандарды реті бойынша сызып қосу тапсырылады. Цифрлардың үстінен саусақтарымен бастырып жүргізеді. Педагогтің нұсқауы бойынша қимылдар жасайды. 3-тапсырманы орындап, жануарларды, гүлдерді атайды, қажетті цифрларды жапсырады. 4-тапсырманы орындайды. 3. Рефлексия Педагог оқу қызметін қорытындылайды және балаларды жұмысы үшін мақтайды. Кері санай отырып, құртақандарды, Ақшақар мен ханзаданы шығарып салуды ұсынады. Оныншы, тоғызыншы, сегізінші, жетінші, алтыншы, бесінші, төртінші, үшінші... кейіпкерлер үйлеріне кетеді. Құртақандарды кері санайды және олармен қоштасады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |