Бір аптаға (01-03 қыркүйек 2021ж.) Өтпелі тақырып:«Менің мектебім»



бет45/190
Дата22.09.2024
өлшемі0.6 Mb.
#503860
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   190
Циклограмма 2021 - 2022ж (1)

2.Сурет салу
Тақырыбы: Бидай масақтары. Мақсаты: балаларға сопақша дөңгелектерді қолдана отырып бидай масақтарын салуды үйрету. 1.Ұйымдастыру кезеңі Балаларға астық жинап жүрген техника түрлерін, егін, диірмен суретін көрсетіп, олар жайлы әңгімелетіп болған соң үлгіге талдау жасайды. 2.Негізгі кезең – Балалар, нан туралы, бидай туралы қандай тақпақтар, мақал-мәтелдер білесіңдер? Педагог күз мезгілін еске түсіріп, неліктен күзді «алтын күз», «жомарт күз» деп атайтынын талдайды. Астық жинап жатқан суреттегі диқаншыларды көрсетіп, олардың немен айналысып жүргенін айтады. 26 – Балалар, суретте диқаншылар бидай жинап жатса, біз ақ қағаз бетіне бидай масақтарын салайық. Бидай масақтарын салу үшін, ақ қағаз бетіне жоғарыдан төменге қарай ұзын бидай масағының сабағын сызып аламыз, одан кейін сабақтың жоғарғы бөлігіне сопақша дөңгелектерді ретімен орналастыра отырып бидай дәндерін саламыз. Педагог көптілділік компонент бойынша «золотая осень» – «golden autumn», жомарт – щедрый – generous ұғымдарын сурет салу барысында тиімді қолдануға көңіл бөледі, ісәрекетте нақтылап, қайталап отырады Сергіту сәті: Күз Жапырақтар сап-сары, Қонып жатыр жерге кеп. Қызықтап бау-бақшаны Шаттанады бал-бөбек. Егін пісіп далада, Қырманға дән сыймайды. Үлкенге де, балаға, Күз қуаныш сыйлайды. (Н. Айтов) Балалар жұмыстарын жалғастырады. Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді. 3. Рефлексия Ұйымдастырылған оқу қызметі қорытындыланады. Педагог балаларды мадақтайды. Балалар жұмыстарына қарап, баға береді. Ата-аналарға көрме ұйымдастырылады.


3. Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: Көшедегі қауіпсіздік.Жол белгілері.


Мақсаты: адам өміріндегі жол ережесінің маңызын,оны сақтаудың қауіпсіздік үшінқажеттілігін түсіну; жол бойына қойылған белгілердің нені білдіретінін түсіне алу.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Негізгі бөлім
Көшедегі тәртіп туралы.
Көшеге шыққанда неге мән беру керек?
Жол белгілеріне мән беру керек.

Қандай жол белгілерін білесіңдер? Балалар атайды. (Балалар ұмытып қалса, жол белгілері карточкаларын көрсету).


Бағдаршамда қанша түс бар?


Үш.
Сары түс жанғанда қозғалысты бастай беруге бола ма?
Жоқ.
Қызыл түс нені білдіреді?
«Рұқсат жоқ» дегенді білдіреді.
Жолды кесіп өтуге бола ма?
Жоқ.
Жаз мезгіліндегі, қыс мезгіліндегі жолдардың айырмашылығы неде?
Жазда жол құрғақ болады, қыста қар жауғандықтан тайғақ болуы мүмкін.
Қай мезгілде мәшине тез тоқтап үлгіреді, қыста ма, жазда ма? Неге?
Жазда. Өйткені қыста жол тайғақ болады.
Сенің бір адымың мәшиненің қанша метріне тең?
Адам бір адым аттағанда, мәшине 20 метр қозғалыс жасап үлгіреді.
Жаяу жүргіншілер жолы қалай аталады?
Жаяужол.
«Жолдан өту» ойыны.


Шарты: Бір бала«бағдаршам»болады.Қолына жасыл дөңгелекті ұстап тұрады.Балалар«жолақ жолдан» өтеді. Педагог «Солға қараймыз!», «Оңға қараймыз!» – деп бұйырады. Содан соң «Солға қараймыз. Жолдың ортасына дейін жетеміз. Оңға қараймыз. Өтеміз», – деп әрбір іс-әрекетті сөзбен жеткізіп отырады. Балалар педагогтің көмегінсіз тағы да «жолдан» өтеді.


Дәптермен жұмыс. Жеке жұмыс жүргізу.Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   190




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет