Бір аптаға (01-03 қыркүйек 2021ж.) Өтпелі тақырып:«Менің мектебім»



бет37/190
Дата22.09.2024
өлшемі0.6 Mb.
#503860
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   190
Циклограмма 2021 - 2022ж (1)

Дәптермен жұмыс.Тәрбиеші-леріңе тілектеріңді үлкендердің көмегімен ашықхатқа жазыңдар.
Сергіту сәті
Балалар тәрбиешімен Е.Өтетілеуұлының «Бала, бала, баламыз» өлеңін бірігіп айтып, өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыс жасайды.
Ғажайып сөздер.
Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
Мен тәрбиеші апайымды сыйлаймын, жақсы көремін.
Тәрбиеші – ақылшым, тәрбиеші – қамқоршым.
Қорытындылау
Тәрбиеші апайымыз біздің ең жақын адамдарымыздың бірі екенін, олар бізге тек қана жақсылық тілейтінін білдік, сондықтан да тәрбиеші апайларымызды тыңдап, сыйлауымыз керектігін түсіндік.
Жүректен жүреккеБалалар шеңберге жиналып, қолдарын жүрек тұсына қойып, тәрбиеші апайларына жылы сөздер, тілектерін айтады.
2.Көркем әдебиет
Тақырыбы: Әдептілік әлемі Мақсаты: Балалардың өлеңге деген қызығушылығын қалыптастыру. Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге дағыландыру. Өлең – әдеби жанрдың бір түрі екенін түсіндіру. 1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік. Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік! 2. Негізгі кезең - Балалар, «әдептілік» деген сөзді қалай түсінесіңдер? - Әдептілік деп үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тазалықты сүю, достарын ренжітпей ойнау, қиын кезде көмектесуді айтамыз. Бүгін біз Ермек Өтетілеуұлының «Әдептілік әлемі» өлеңімен танысамыз. Өлең – әдеби жанрдың бір түрі екенін түсіндіру. Айырықша сезімдерді ұйқас сөздермен суреттейді. Қарсы ал ерте күн көзін, Төсегіңді жина өзің. Асықпай іш тамақты, Жина аяқ-табақты. Сөздік жұмыс: Аяқ-табақ – тамақ ішетін ыдыстар. Асықпай іш – тамақты асықпай ішу. Полилингвальді компонент: әдептілік – воспитанность – good breeding; әлем – мир – world. Сұрақ-жауап: - Өлең қалай аталады? - Өлең сендерге ұнады ма? - Өлеңде не туралы айтылған? - Асты қалай ішу керек? (Асықпай ішкен ас сіңімді болады). - Ас ішкен соң не істеу керек? (Ыдыс-аяқты жинаймыз). - Әдепті бала деп қандай баланы айтамыз? Сергіту сәті. Дәптермен жұмыс: - Суретте не бейнеленген? - Баланың әрекетін ретімен ата. - Суретте саған не ұнады? Өз ойыңды айт. - Бала кімге кездесті? Ол қандай әрекет жасады? - Бала қолындағы допты кімге ұсынды? - Сен болсаң қандай әрекет жасар едің? Есіңе сақта: «Адам әдебімен көрікті». 3. Қорытынды бөлім. Рефлексия Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды. - Бүгін не туралы әңгімеледік?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   190




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет