Бір аптаға (01-03 қыркүйек 2021ж.) Өтпелі тақырып:«Менің мектебім»


Музыка Тақырыбы: «Күз – жомарт» Мақсаты



бет41/190
Дата22.09.2024
өлшемі0.6 Mb.
#503860
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   190
Циклограмма 2021 - 2022ж (1)

Музыка Тақырыбы: «Күз – жомарт» Мақсаты: Домбырада орындалатын күй жанрымен таныстыру. 1. Ұйымдастыру кезеңі Балалар музыка залына көңілді, екпінді музыка үнімен кіреді. Үнтаспада көңілді әуен (педагогтің таңдауы бойынша). Күй тыңдап тамаша, Әуенге ілесіп, Түрленіп, иіліп, Билейік жараса! – деп балаларға өз беттерінше таныс би қимылдарын орындап, билеуді ұсынады. 2. Негізгі кезең Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Жеңіл би» (Т. Ломова). Балалар шеңбер бойында аяқтың ұшымен жүгіреді де, тоқтайды. Орындарында тұрып серіппе жасап, шеңбердің ортасына жиналып, қолдарын шапалақтайды да, артқа шегінгенде аяқты топылдатып қимылдар жасайды. Музыка тыңдау: «Саржайлау» (Тәттімбет). Күй өнері туралы түсінік беру. Күй – халық музыкасы. Балаларға жұмбақ жасырып, тапқырлықтарын сынайды. Ұзын мойын, екі ішек. Қатар-қатар тепкішек. Басып қалсаң бір-бірлеп, Күй шығады күмбірлеп. (Домбыра) Күйді домбыра аспабында орындайды. Күй тыңдауды ұсынады. Музыка тыңдай отырып балалардың көз алдына не елестете алғанын сұрақ-жауап арқылы талдау жасау. Күзгі жайлауды бейнелейтін суреттерін көрсету. Ән айту: «Күзгі әуен» (А. Досмағанбет). Өткен оқу қызметінде үйренген әнді әрі қарай жалғастыру. Күз көріністерін елестете отырып әнді баяу, сазды етіп орындау. Таныс «Балдырғандар әнін» (Г. Жотаева) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу. Билер: «Шабандоздар биі» (үнтаспада «Жұмыр қылыш» «Билеп үйренейік» жинағынан). Би элементтерін еске сақтауға, мәнерлеп орындауға дағдыландыру. Ойындар, хороводтар: «Қандай ырғақ» (К. Қуатбаев). Педагог ойын шартын түсіндіреді. Балалар шеңбер бойымен жүріп, ән мәтініне сай қимылдар жасайды. Ойынға белсене қатысуға, әуен ырғақтырын ажырата білуге үйрету.
3. Рефлексия Педагог қорытынды жасайды. Балалардан бүгінгі оқу қызметінде қандай музыка тыңдағандарын, үйренген әннің аталуын, мазмұнын сұрау. Балаларды мадақтау.
4.Ойнаймыз,ойлаймыз,оқимыз, жазамыз. м/к

1.Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Күзгі жапырақтар. Мақсаты: Дауысты дыбыстардың дыбысталуындағы ерекшеліктерді түсіндіру.

ҰОҚ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі – Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? – Күз мезгілі екенін қайдан білесіңдер? – Күз мезгілінде неше ай бар? – Қазір сендерге мен күз мезгілі туралы жұмбақ жасырамын. Жұмбақ Ағайынды бәрі, Шықса – жасыл, Түссе – сары. 2. Негізгі кезен – Иә, балалар, күз мезгілінде жапырақтар жерге түсіп, сары алтындай болып жарқырап жатадыБайқап қарасаңдар, жапырақтардың бәрі бірдей сары емес, қызғылт, қоңыр болып көрінеді. Тура бір даланы бояп тастаған тәрізді. Ақын Қ. Шаңғытбаев табиғат туралы көптеген өлеңдер жазған. Сол өлеңдерінің бірі – «Күзгі жапырақтар». – Өлең шумағын зейін салып тыңдасаңдар, күзгі бақтың қандай керемет екенін сезінесіңдер. Күзгі жапырақтар Алтын, сары, қызыл, көк, Алуан-алуан жапырық. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап. – Өлеңде қай мезгіл бейнеленген? – Не жайлы айтылған? – Ақын жапырақтарды неге теңеген? – Бұл өлеңнен жапырақтардың жерде алаша сияқты жататынын, алтындай жалтырайтынын, желмен түскен жапырақтар шашуға ұқсап шашылатынын, күз мезгілінің дарқан, кең екенін білдік. – Күз мезгілі қандай? – Күз мезгілінде айнала сары болады. – Ағаш жапырақтары жерге судырап түседі. – Жер бетін жапырақ жапқан. Бір жер сары, бір жер – қызғылт сары. Керемет көрініс. Педагог сөздік жұмысын жүргізеді. Алаша, жамырап деген сөздердің мағынасын түсіндіреді. Алаша – төсеніш, жамырап түсу – жапырақтардың көп түсуі. – Сендерге өлең ұнады ма ? – Ендеше мен қайталап оқимын, сендер естеріңе сақтап алуға тырысыңдар. Педагог өлеңді қайталап, мәнерлеп оқып береді. Балаларға өлең жолдарын бірнеше рет қайталату арқылы өлеңнің бірінші шумағын жаттатады. Сергіту сәті:


3. Қорытынды бөлім. Рефлексия – Балалар, бүгін кімнің өлеңін жаттадыңдар? – Өлең қалай аталады? – Дыбыстың қандай түрімен таныстыңдар?






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   190




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет