Бір аптаға (01-03 қыркүйек 2021ж.) Өтпелі тақырып:«Менің мектебім»



бет42/190
Дата22.09.2024
өлшемі0.6 Mb.
#503860
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   190
Циклограмма 2021 - 2022ж (1)

2.Жаратылыстану.
Тақырып: Барлық ағаштардың жапырағы түсе ме? Мақсаты: Күзгі табиғаттағы маусымдық өзгерістерді бақылап, бір-бірінен ажырата білуге үйрету.

1.Ұйымдастыру кезеңі Педагог қолайлы эмоционалдық көңіл күй қалыптастыру үшін өлең оқып береді.


2.Негізгі кезең Экскурсия кезінде балаларға түсіндіреді.


: Неліктен күзде ағаштардың жапырақтары түседі? Болжамдарын айтады: Күзде күн сəулесі азайып, күн қысқарады. Бұл ағаштарға қысқа дайындалу қажеттігі туралы белгі болып есептеледі. Егер ағаштар түспейтін болса қыста бұтақтар қалың қарды көтере алмай сынып кетуі мүмкін. Ағаштар жапырақтарын тастау арқылы қысқа дайындалады жəне өзін қорғайды. Сонымен қатар ағаштар жаз бойы діңі мен бұтақтарына крахмал жинайды. Ол аязды күндері қантқа айналады. Ағаш қыс бойы сонымен қоректенеді. Жұмбақты пайдалану арқылы балалардың тану үдерісіне деген қызығушылықтарын оятады. Жұмбақтардың шешуін табады: Жасыл ине киімім, Жайлаймын тау биігін. Жаңа жылды тойласаң, Төріңдемін үйіңнің. (Шырша) Шырынын оның бүкіл ел «ем» деп ішіп келеді. (Қайың) Үлкейткіш əйнектің көмегімен күзгі жапырақты зерттеу. Балалар жапырақтың құрылымымен танысады, сабақ, тамыршаларын байқайды. Қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындайды. Сергіту сəті

Əліппе-дəптермен жұмыс. Балалармен жеке-жеке жұмыс істейді. Тапсырмаларды ретімен орындайды. «Уақыт пойызы» ойынына қатысуға шақырады: педагогтің қолында бір нысанның жылдың əр мезгіліндегі суретіне қатысты 4-5сурет бар. Соның негізінде «Уақыт пойызын» құрастыруды ұсынады. Мəселен: П: Міне, мынау жапырақ жап-жасыл. Оған арнап «Уақыт пойызын» құрастырыңдаршы, балалар. Балалар бір қатарға тұрады: алдымен ашық жасыл түсті кішкентай жапырақ, оның артына үлкен жасыл жапырақ, сары жапырақ, жерге үзіліп түскен жапырақ тұрады. «Пайда-зиян» ойынын ойнауға шақырады. Ойынның соңында балаларға: пайдасы көп пе əлде зияны көп пе деген тақырыпта ой түйіндеуді ұсынады. Екі командаға бөлінеді. 1-ші команда аталған нысанның пайдасын іздейді, ал, 2-ші команда – зиянды жақтарын табады. П: Түскен жапырақтар қандай пайда əкеледі, зияны қандай? 1-ші командадағы балалар: Жапырақтар аяқ астында сыбдырлап жатады, жерге түскені əдемі, одан əсем гүлдесте жасап, кептіріп қоюға болады. 2-ші команданың балалары: Жауын жауған кезде аяқкиімге жабысады. Жапырақтардың астында саңырауқұлақтарда көрінбейді. Жердегі төмпешікті байқамай сүрініп кетіп, құлап қаласың. 3.Қорытынды кезең (рефлексия) Педагог ҰОҚ-ны қорытындылайды. Балаларды ынталандырады. «Шығармашылық ағашы» рефлексивтік жаттығуын жасауға шақырады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   190




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет