Бір аптаға (01-03 қыркүйек 2021ж.) Өтпелі тақырып:«Менің мектебім»



бет43/190
Дата22.09.2024
өлшемі0.6 Mb.
#503860
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   190
Циклограмма 2021 - 2022ж (1)

3.Аппликация
Тақырыбы: Айдарлы әтеш. Мақсаты: әтештің жасалу жолын ретімен үйлестіре білуге үйрету.
1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңберін жасату. – Балалар, үй құстары – қаз, тауық, әтеш, үйрек бір-бірімен қалай амандасатынын білесіңдер ме? Құстар сөйлесе білмесе де өздеріне тән дыбыс шығарып, өзара бір- бірімен амандасады. Адамдар сияқты қарымқатынаста болып, бір-бірін жақсы түсініседі. Мысалы: әтеш шақырады, тауық қыт-қыттайды, қаз қаңқылдайды т.с.с. 2.Негізгі кезең Педагог: –Кәне, бір-бірімізбен әтеш, тауық, қаз сияқты амандасайық. №1, 2, 3, 4 слайдтан үй құстарын көрсете отырып, әңгімелеу (тауық, әтеш, қаз, үйрек). – Үй құстарын қалай күтіп-баптау керек? – Өте дұрыс айтасыңдар. Мен сендерге жұмбақ жасырайын. Сол жұмбақты шешсеңдер, бүгінгі оқу қызметінде қиып жапсыратын қандай үй құсы екені белгілі болады. Жұмбақ Бұрап қойған сағаттай, Айқайлайды таң атпай. (Әтеш) – Ол не? Жұмысымызды бастамас бұрын18-беттегі сюжетті суретте бейнеленген әтешке назар аударайық. – Әтештің басында несі бар? – Қанатын қалай атауға болады? Көптілділік компонент: тауық – курица – chicken, әтеш – петух – rooster. Әтештің айдары, сақалы, қауырсыны бар екен. Енді үлестірмелі материалдың 20-бетіндегі әтештің бөліктерін қалай қию жолдарын түсіндірейін. Педагог жұмыс барысында жекелеген балаларға көмектеседі. Алдымен дөңгелектеп басын қиямыз. Одан кейін бұрыштарын шығара отырып, кеудесін қиып аламыз. Сергіту сәті. «Балапандар» ойыны. Бәрі бірігіп топ болып ойнайды. Ойынды сүйемелдеу үшін көңілді музыка қоюға болады. 24 Қалған бөліктерін асықпай қию керек, өйткені ойық тұстарын абайлап қимасаң, дұрыс болмай қалады немесе басқа жері қиылып кетуі мүмкін. Енді осы қиып алған бөліктерді 19-беттегі 7.1-үлгіге жапсырамыз. 3.Рефлексия. Педагог қорытындылап, балаларды мадақтайды. Балалармен жұмысты талдайды.


4. Денешынықтыру. Тақырыбы: Зейінді боламыз Мақсаты: Өздерінің зейіндерін шоғырландыра алу шеберліктерін (машықтарын) қалыптастыруды, қимыл-қозғалыс үйлесімділіктерін дамытуды және анализатор жүйелерін біріктіруді қалыптастыруды жалғастыру.
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Негізгі кезең I. Тізбекке бір-бірден тұрып, аяқтың ұшымен және шашырап жүгіреді. Педагогтің нұсқауы бойынша қайта тізбекке және сапқа тұрады. Екі-екіден тізбекке тұрады. II. Ырғақты гимнастика. Қимылдарды ырғақпен орындауға және тыныс алуды кешіктірмеуге тырысады. Негізгі қимыл-қозғалыстарды орындату: Екі жаққа тартылған жіптің астымен қолды еденге тигізбей бір бүйірмен өтеді. Допты бастан асыра ұстап, екі қолмен бір-біріне лақтыруға жаттықтыру; балалардың назарын доптың ұшу траекториясына аудару. Екі тізбекке немесе сап түзеп тұрады (арақашықтықтары – 3 метр). Допты бастан асыра ұстап, екі қолмен бір-біріне лақтырады. Лақтыру бағытын сақтауға тырысады және лақтыру кезінде қолдарын ширақ түрде жазады. Қысқа секіртпе арқылы секіру. Б.қ. – секіртпені арт жақта ұстап тұру. Аяқтың ұшымен жеңіл және ырғақпен секіру. Қауіпсіздік техникасын естеріне салады, балалардың қалай секіретінін бақылайды. Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қасқырға қақпан» (4 рет). Шеңберде қол ұстасып тұрады. Бұл – аңшылардың қақпанын құруы. Белгі бойынша «аңшылар» қолдарын көтереді, «қасқырлар» әртүрлі бағытта еңбектеп жүреді. «Аңшылар»: «Кәне, кәне, халайық, Қасқыр қақпан құрайық. Кәне, қақпан берік бол, 94 Қасқыр, қасқыр, келіп көр!» деген тақпақты хормен айтып, қолдарын түсіреді. Қақпан ішінде қалып қойған «қасқырлар» ойыннан шығады. III. Релаксация: «Ғажайып кемпірқосақ» Көздерін жұмып жатып, терең, бірқалыпты тыныс алады. Ғажайып кемпірқосақты көз алдарына елестетеді. «Бірінші түс – көгілдір. Көгілдір түс су сияқты. Су түскендей сергіп қаласың. Өзімізді су түскендей сезінейік. Келесі түс – сары. Сары түс күн сияқты бізді жылытады, қуаныш сыйлайды, ол үлпілдеген балапан сияқты. Егер көңілсіз болсаң, осы түске қараңдар. Көңілдерін көтереді. Жасыл түс көгорай шалғынның түсі, жаз мезгілінің белгісі. Жасыл түс адамның көңіл күйін көтереді. Олай болса осы түстерге көбірек қараңдар. Су сияқты салмақты, күн сияқты көңілді, жаз сияқты мейірімді болайық. 3. Қорытынды кезең (рефлексия). «Күлкі сыйла» ойын-жаттығуы. Бір баланың көңіл күйі бәріне әсер ететіндігін айтып, дені сау адам әрқашан жадырап жүретіндігін айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   190




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет