2. Музыка Тақырыбы: «Күзгі жаңбыр» Мақсаты: Музыканың сипатын түсініп, эмоцияларын көрсете білуге дағдыландыру.
1. Ұйымдастыру кезеңі Балалар музыка әуенімен музыка залына келіп, аяқтың ұшымен жеңіл жүгіріп, қол ұстасып, баяу тербеледі. Айналып, орнын ауыстырады. 2. Негізгі кезең Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Көңілді балалар» литва халық әуені (өңд. Т. Ломова). Балалар музыканы тыңдайды, көңілді ырғақпен тізені жоғары көтеріп секіреді, серіппе жасайды, шапалақтайды, аяқ топылдатады. Музыка тыңдау: «Жаңбыр шақыру» (Д. Ботбаев). Әуендегі жаңбыр дауысын, тамшылардың дыбысын балаларға сезіндіру. Күзгі жаңбырды бейнелейтін суреттерін көрсету. Күз ерекшеліктері туралы әңгімелеу. Жауын жауған кезде тағы қандай құбылыстардың болатынын сұрап, жауаптарын толықтыру. (Найзағай жарқылдап, күн күркірейді). Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап алып, әуенді таза айтуға ұмтылу. Ән айту: «Жау, жау, жаңбыр» (К. Дүйсекеев). Педагог өлең жолдарын оқиды. Күркіреді күн, күн, Терезелер шың, шың, Жауды жаңбыр төк-төк, Шелек-шелек көп, көп. 29 Жон арқаңды тос, тос, Күнбағыс, тез өс, өс. Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді. Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді. Әуеннің сипатын, екпінін, көңіл күйін ажырату. Балалардан жаңбырдың қандай пайдасы бар екенін сұрау. Әнді көңілді, жеңіл айтуға жетелеу. Үйренген «Күзгі әуен» әнін (А. Досмағанбет) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу. Билер: «Көңілді қолшатырлар биі» (педагогтің таңдауымен үнтаспада). Қолшатырдың көмегімен балалар жаңбырдан қалай қорғанатынын би қимылдары арқылы көрсетуге тырысады. Ойындар, хороводтар: «Күн мен жаңбыр». Педагог ойын шартын түсіндіреді. Музыка әуенінің ауысуына балалардың тез бейімделуін қадағалау. 3. Рефлексия Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды. - Бүгінгі ҰОҚ-да не ұнады? - Күз мезгілінің қандай ерекшеліктері бар екен?
3. Денешынықтыру. Тақырыбы: «Бірінші бол!»
Мақсаты: Қолды еркін қозғап, жүргізуші мен бағытты өзгертіп, баяу қарқынмен жүгіруді үйрету. Қысқа секіртпемен секіруге үйретуді жалғастыру, қолдарымен секіртпені шеңбер бойымен және тік айналдыра білу іскерліктерін дамыту.
1. Ұйымдастыру кезеңі Еліміздің даңқын шығарып жүрген спортшылардың суреттерін көрсетеді. 2. Негізгі кезең I. Жинақылыққа тәрбиелеу: Тізбекке бір-бірден тұрады. «Шашырап жүру» ойын-жаттығуы: Жүру, зал ішінде аяқтың ұшымен жүгіру, тізбекке, сапқа тұру. Екі-екіден тізбекке тұрады. II. Гимнастиалық орындық үстінде ЖДЖ орындау ( №1). Педагогтің нұсқауын дәл орындауға тырысады. Әр жаттығудың бастапқы қалыптарын сақтап орындайды. Негізгі қимыл-қозғалыстарды орындату ( 3рет): Зейіндерін дамыту. Тепе-теңдік: орындық үстінде белгі бойынша көзді жұмып, бір аяқпен тұру. Статикалық тепе-теңдікті сақтап, жаттығуды алдыға еңкеймей орындайды. Көшбасшы болуға талпынғыш қасиеттерін дамыту. «Бірінші бол!» ойын-жаттығуы: жүргізушіні ауыстырып отырып, баяу жүгіру. Қолды кеуде тұсына дейін алға әкеліп, сонан соң шынтақтарын артқа жібереді. Педагогтің бұйрығы бойынша есімі аталған бала жүргізуші болып, жүгіру бағытын өзгертеді. Шапшаңдықты дамытамыз. Қысқа секіртпемен секіруге үйретуді жалғастыру, қолдарымен секіртпені шеңбер бойымен және тік айналдыра білу іскерліктерін дамыту. Жаттығуды дұрыс орындауларын қадағалау. Бастапқы қалып: секіртпені артында ұстап тұрады. Сонан кейін алдыға лақтырып, секіруді бастайды. Секіртпемен еркін секіреді. Қол мен аяқты үйлестіріп қозғауға тырысады. Қимыл-қозғалыс ойыны: «Тығылмақ» ( 3 рет). Ойыншылар шеңбер бойына тұрады. Көзі байланған жүргізуші ортада тұрады. Педагогтің белгісі бойынша балаларды тауып ұстауға тырысады, ал балалар зал ішінде әртүрлі бағытта ақырын қозғалып жүреді. III. Педагогпен бірге тақпақты қайталайды. «Шынығамыз, жастай бiз, Жаттығуды бастап біз. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш Бойымызға жинап күш. Шынығамыз, жүгіреміз, Жаттығуды бастаймыз» 3. Қорытынды кезең (рефлексия). Қай жаттығулар қиындық тудырғанын ортаға салады.
4.Ертегілер елінде. м/к
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |