Бір аптаға (22-26 қараша 2021ж)
Өтпелі тақырып: « Бізді қоршаған»
Мақсаты:
қоршаған ортамен өзара əрекет етуге қажетті танымдық əрекеттің қарапайым дағдыларына ие баланың тұлғасын дамытуды, адамгершілік нормаларын, төзімділікті жəне адамдарға құрмет танытуды сезінуін қамтамасыз етеді.
Міндеттері:
Балаларда жақындарына деген сүйіспеншілік сезімі,оларға қамқорлық көрсету ұмтылысы,туған еліне,қаласына оның тарихынақызығушылық таныту сияқты адамгершілік сапаларды тәрбиелеу;
Адам еңбегіне деген құрмет сезімін қалыптастыру,адам қолымен жасалғанның барлығына ұқыпты қарауға ,бала қиялын дамыту;
Отанға ,табиғатқа,туған халқына,туып өскен жеріне сүйіспеншілік таныту.
Күн тәртібі
|
Уақыты
|
Дүйсенбі
22.11.21ж
|
Сейсенбі
23.11.21ж
|
Сәрсенбі
24.11.21.ж
|
Бейсенбі
25.11.21ж.
|
Жұма
26.11.21ж
|
Сабақ кестесі
|
|
Көркем әдебиет
Өзін-өзі тану
Дене шынықтыру
Мүсіндеу
|
Қарапайым математикалық
ұғымды қалыптастыру Сауат ашу
Музыка Ойнаймыз,ойлаймыз,
оқимыз в\б)
|
Сөйлеуді дамыту Жаратылыстану
Аппликация
Дене
шынықтыру\
қауіпсіз мінез құлық негіздері
|
Сауат ашу негіздері
Сурет салу
Құрастыру\ Қоршаған ортамен танысу
Ойнаймыз,ойлаймыз,
оқимыз,жазамыз
(в\б)
|
Русский язык
Музыка
Дене
шынықтыру
Ертегілер елінде
(в\б)
|
Балаларды қабылдау.
Ата-аналармен әңгімелесу.
|
08:30-08:40
|
«Сәлеметсіздер ме, ата-аналар, балалар!»
Ата-аналармен, балалармен сәлемдесу, баланың жағдайына назар салу, ата-анадан баланың жағдайын сұрау, баланың дене қызуын өлшеу
|
Таңертеңгілік гимнастика
|
08:40-08:50
|
Жаттығулар кешені. Жан-жақты дамытушы жаттығуларды орындау
|
Гигиеналық шаралар
|
08:50-09:00
|
Гигиеналық шараларды реттілігімен орындауын қадағалау. Антисептик пен қолды тазалау және бетпердені дұрыс қолдану.
Жанама бақылау
|
Ұйымдастырылған оқу қызметі
1-сабақ
2 сабақ
3 сабақ
4 сабақ
|
09:05-09:30
940-1005
1050-1040
1050-1115
|
1.Көркем әдебиет
Тақырыбы: Бір уыс мақта (әңгіме) Ыбырай Алтынсарин
Мақсаты: Балалардың әңгімеге деген қызығушылығын арттыру. Әңгіменің мазмұнымен таныстыру. Бір-бірімен байланысты сюжет бойынша әңгімені шығармашылықпен құрап айту. Әңгіменің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру. Әдеби жанрдың түрі – әңгіме туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: Әңгімені эмоциялық-бейнелік мазмұндап, баяндауға баулу. Әңгімені жалғастырып, сюжет бойынша құрастыруға,
қисынды мазмұндауға үйрету.
Әңгіме кейіпкерлерімен таныстыру. Сурет бойынша қоршаған орта мен табиғат туралы түсініктерін, еңбек дағдыларын дамыту.
Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
2.Өзін-өзі тану
Тақырыбы: Жақсы сөз жанды жадыратар Мақсаты: Балаларға «жақсы сөздің» адамдарға әсерін түсіндіру
3.Дене шынықтыру
Тақырыбы:
«Командалық қимыл қозғалыстарды орындау біліктілігін қалыптастыру» (таза ауада)
Мақсаты: а) Командалық қимыл-әрекеттерді орындай отырып есте сақтау мен зейінін жақсартуына жағдай жасау. Лек-легімен келіп, кедергілер алабынан өтуге, өз әрекеттерін командасымен үйлестіруге үйрету.
ә) Бір-бірден қозғалыс кезінде қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіріп, тізбекпен жүру, жүгіруге жаттығу.
Әртүрлі бастапқы қалыптан бір орында тұрып қолдардың қимылдарымен үйлестіріп секіруді, секіргенде бірқалыпты, аздап тізені бүге орындауды бекіту.
б) Салауаттылыққа, коммуникативтік құзыреттілікке, мәселені шешу, ол үшін сыни ойлау, команда мүддесін өзінен жоғары қоя білуге тәрбиелеу.
4.Мүсіндеу
Тақырыбы:
Жайылымдағы түйе
Мақсаты:әдемі түйенің мүсінін ермексаздан жасау әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Міндеттері:
білімдік:есу, шымшып созу, домалақтау әдістерін меңгерту;
дамытушылық: түстерді дәл таңдай білу арқылы ұсақ қол моторикасын дамыту;
тәрбиелік: үй жануарларына күтім жасауға, қамқор болуға тәрбиелеу, еңбекке баулу
|
1.Қарапайым математика ұғымдары
|
Достарыңызбен бөлісу: |