Тақырыбы: Отбасындағы сүйіспеншілік
Мақсаты: «Сүйіспеншілік» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту
3.Дене шынықтыру
Тақырыбы:
«Әкем, анам және мен!»
Мақсаты: а) Гимнастикалық қабырғаның жоғарғы жағына дейін біраттас тәсілмен өрмелеуге үйрету, қол мен аяқ қозғалыстарының үйлесімділігін дамыту. Еденде иректеліп жатқан жіп үстімен басына құм салынған қапшықпен қолды екі жаққа созып жүру және теріс қарап, тепе-теңдіктерін сақтап жүруге жаттықтыру.
ә) Бір-бірінен 1 м арақашықтықта жатқан заттар арқылы фитболды саусақтарымен домалатып алып жүруді бекіту. Тапсырманы өз бетімен орындауға баулу және шыдамдылық, ептілік, күш секілді дене сапаларын дамыту.
б) Өзінің денсаулығына және отбасы мүшелерінің денсаулығына қамқорлықпен қарау керектігін түсіндіру. Ептілік, шапшаңдық секілді дене сапаларын дамыту.
.
4.Мүсіндеу
Тақырыбы:
Жүйрік ат
Мақсаты: мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, жүйрік атты мүсіндеу.
Міндеттері:
білімдік:үй жануарларын ажырата отырып, мүсіндеу әдістерімен таныстыру;
дамытушылық: мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, тілін дамыту;
тәрбиелік: бастаған істерін аяғына дейін жеткізуге, төзімділікке тәрбиелеу.
1.Қарапайым математика ұғымдары
Тақырыбы:
Шар, текше, цилиндр
Мақсаты: көлемді геометриялық фигуралармен таныстыру: текше, шар, цилиндр. Міндеттері: текше, шар, цилиндрді тануды үйрету; кеңістіктік ұғымдарды, санау дағдыларын дамыту жұмысын жалғастыру; талдау, салыстыру білігін дамыту. Есте сақтау, сөйлеу, назар аудару дағдыларын дамыту. Шыдамдылыққа тәрбиелеу
2.Сауат ашу
Тақырыбы:
"Ң" дыбысы
Мақсаты: "Ң" дыбысымен таныстыру.
Міндеттері: Құрамында ң дыбысы бар сөздерді талдау. Ң дыбысы жөнінде дұрыс ұғым алуға, қызыл және көк түсті текшелерді қолдануды үйрету. Балалардың тілдерін дамыту, табиғатты, жабайы аңдарды қорғауға тәрбиелеу.
3.Музыка
Достарыңызбен бөлісу: |