«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Тасқала аудандық окж жәнібек, Жаңақала аудандарымен On-Iine конференциясы өткізілді. «толығырақ »



жүктеу 22.58 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі22.58 Kb.
«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Тасқала аудандық ОКЖ Жәнібек, Жаңақала аудандарымен On-Iine конференциясы өткізілді.

«толығырақ.....»

Биылғы «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында жоспарға сәйкес барлық кітапханаларда көпшілік іс шаралар жүргізілді. Сондай-ақ Жәнібек, Жаңақала аудандарымен On-Iine конференциясын өткізіп, оқырмандармен пікір алмасты.

Тасқала аудандық балалар кітапханасында О.Бөкейдің «Көк тайынша» әңгімесі оқылып, талқыланды. Бұл шараға Қ.И.Сәтпаев атындағы орта мектеп пен Саулет гимназиясының 5-6-7 сынып оқушылары қатысты. Жазушының өмірі мен шығармашылығы слайд арқылы көрсетіліп, 7 сынып оқушылары - Жұмабаев Аман, Мұқанғалиев Азат, Сабирова Динара, Қасымова Назгүлдердің орындауында «Тортай мінген ақ боз ат» атты әңгімесінен көрініс жасады.
Шара барысында алғашқы әңгімесінен-ақ оқушысын бірден баурап алған жазушының ой мен сезімді қатар өрген шығармалары оқырмандарды бірде тұңғиық ойға жетелесе, бірде өршілдікке тарта берді.

Шара жалғасы көркем безендірілген жазушының еңбектерінен және мерзімді басылымдар бетінде жарияланған мақалалары топтасқан «Оралхан Бөкей-көркем сөз өнерінің шебері» атты кітап көрмесіне шолумен жалғасты.

Ал, оқырмандарымыз бұл акция аясында ұйымдастырылған шарадан қысқа ғана ғұмырында өзінде туған әдебиетін де асқар шыңға шығарып үлгерген О.Бөкеев туралы үлкен әсерлі мәлімет алды. Осы бағытта Шежін ауылдық кітапханасында 25 сәуір күні сағат 16.00–де Оралхан Бөкейдің алғашқы шығармаларының бірі «Қамшыгер» атты әңгімесіне оқырмандар конференциясы өткізілді. Шараны дайындау барысында бірнеше күн бұрын 7-8 сынып оқушыларына және ауыл әкімшілігіне, кітапхана оқырмандарына, тіл мамандарына, мектеп кітапханашысына, мәдениет қызметкерлеріне әңгіменің көшірмесі ұсынылып, оқырмандар тиянақты әзірленді.


«Қара сөздің хас шебері» атты кітап көрмесіне Талдыбұлақ ауыл кітапханашысы Нурмуханова З.К. шолу жасап, жазушының кітапханада бар кітаптарын оқырман қауымға оқуды ұсынды. Шежін ауыл кітапханашысы мен Талдыбұлақ ауыл кітапханашысы «Алтайдың кербұғысы» атты слайд арқылы «Қамшыгер» әңгімесіне екі тілде қысқаша сипаттама жасады. Шарада сөз алған зейнеткер ұстаз Ахметова Ания Сейтовна: Асқар Алтайдың кербез табиғатын, тамылжыған сұлулығын Оралхан Бөкейдей сүйіп, жырлаған жазушы әзірге жоқ. Ол – табиғаттың асқақ жыршысына айналған табиғи тума талант иесі - деп, өз ойын оқырмандарға жеткізе білді. «Қамшыгер» әңгімесін талқылай келе, жас оқырмандар Оралхан Бөкейдің ұлттық көркемөнерімізде өзіндік орны бар ірі суреткер екенін танып білді.

Ақтау ауылдық кітапханасында «Тортай мінер ақ боз ат...» әңгімесіне талдау жүргізілді.



Шара барысында оқырмандар ой қозғауға қатысып, «Адам жанын түсінген жазушы» атты слайд көрсетіледі. Шара 5 минуттық эссе жазумен аяқталды. «Бір ел-бір кітап» акциясы қазан айында қорытындыланып, сарапталды. «Шешен тілді шебер жазушы» атты әдістемелік құрал дайындалып, ауыл кітапханашыларына таратылды. Аудан бойынша «Бір ел-бір кітап» аясында 42 іс-шара өткізіліп, оған 1935 оқырман қамтылды.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет