Бір жанұядай ұйысып, түрлі ұлт өкілдерімен тату-тәтті өмір сүріп жатқан қазақ елі қашанда аман, болашағы жарқын болсын!



Дата03.01.2022
өлшемі12.94 Kb.
#451476
алмагүл саматқызы


Мен, Подопригора Надежда Филипқызы өзіміздің Жалпақталда туып, өскен қарапайым ауылдың қызымын. Әке-шешем де барлық өмірін осы Жалпақталда өткізіп, ел қатарлы еңбек еткен қарапайым адамдар болды.Әкеміз Хорошев Филипп Павелұлы өмір бойы автокөлік жүргізушісі болса, Жалпақталда дүниеге келген анамыз Хорошева Людмила Михаилқызы ауылдағы сүт зауытында ұзақ жыл табысты еңбек етті.

Менің өзім де, бүгінде екі баланың анасымын. Үлкен ұлым Анатолий Жалпақтал ауылындағы Ғинаят Молдашев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде ұстаз болып, тарих пәнінен сабақ берсе, кіші ұлым Александр Орал қаласында тұрады. Мен он үш жылдан бері Жалпақталдағы газ шаруашылығы мекемесінде есептегіш құралдарын қадағалаушы қызметінде еңбек етіп келемін.

Жалпы, біздің елде, соның ішінде өзімнің туып өскен Жалпақтал ауылында ықылым заманнан бері халықтардың тату өмір сүру үрдісі кеңінен қалыптасқан. Біздер өзге ұлт өкілдері болсақ та, ауылдағы қазақ халқының ұл-қыздарымен бала күнімізден дос болып, тең дәрежеде тату-тәтті өмір сүріп келеміз. Қазіргі егемендік алған тәуелсіз мемлекетімізде балаларымыз да, біз сияқты қазақтың ұл-қыздарымен дос болып, еркін білім алып, меңгерген мамандығы бойынша алаңсыз еңбек етіп келеді.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көктемнің алғашқы күнін-«Алғыс айту күні» мерекесі деп арнайы белгілеп, мемлекеттік мейрамдар қатарына қосқанын бәріміз жақсы білеміз. Сондықтан татулықты ту етіп, мәңгілік төл мерекесі қатарындағы «Алғыс айту күні» қарсаңында біздерге еркін өмір сүріп, алаңсыз еңбек етуге зор мүмкіндік жасаған қазақ халқына өзімнің шынайы алғысымды білдіре отырып, барша ауылдастарымды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын.



Бір жанұядай ұйысып, түрлі ұлт өкілдерімен тату-тәтті өмір сүріп жатқан қазақ елі қашанда аман, болашағы жарқын болсын!

Мерекелеріңізбен, бауырлар!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет