Бір кездері шашымызға ақ бантик, мойнымызға көк галстукті тағып, әр қоңырау ұрылған сайын сыныптан жүгіріп шығып жүретін оқушылар едік. Енді бүгін соңғы қоңырау үнін сағынып отырған, жай ғана қатардағы адамдармыз



Дата21.06.2016
өлшемі19.88 Kb.
#151396
Соңғы қоңырау

Қоңырау үні. Бұл – білім кемесі-мектеп қабырғасынан шыққан әрбір адамның құлағына таныс, жүрегіне жақын үн. Алғашқы қоңырау – балалық арманыңды жетелеп, білім алып, мақсатыңды айқындауға шақырса, соңғы қоңырау үні-кәмелетке толып, оң-солын танып, қанаттанған боз бала мен бойжеткендерді арман биіктеріне ұшырып, ең үлкен өмір мектебіне шығарып салады. Соңғы қоңырау - осындай қимас та қоштасу әуеніне толы сәтімен ыстық. Бір кездері шашымызға ақ бантик, мойнымызға көк галстукті тағып, әр қоңырау ұрылған сайын сыныптан жүгіріп шығып жүретін оқушылар едік. Енді бүгін соңғы қоңырау үнін сағынып отырған, жай ғана қатардағы адамдармыз. Бізге арнап соққан қоңырау үніне де 20 жыл болыпты. Қоңырау үнін сағыну балалық балғын шақты сағынумен қатар, ыстық сағыныш пен толқынысқа толы сәт болып есімізде қала береді. Мектеп бітіруші кез келген түлек, қазіргі уақытта өзінің армандаған, мамандығын, оқу орынын таңдауы керек. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек. Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «жаман мамандық жоқ әр адам өз ісінің маманы бола білсе»демекші. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Қазіргі кезде жастар қай оқу орнына баратынын, ол жерден кім болып шығатынын білмей дал болады. Біз оқығанда мұғалімнен асқан мамандық жоқтай барлығымыз мұғалім боламыз деп армандаушы едік. Қазіргі кезде мамандықтың сан алуан түрі бар, бірақ солардың ішінен өздерінің жүректеріне жақынын таңдап алу қиынның қиыны.Дұрыс таңдауың – сенің жарқын болашағыңның кепілі. Сенің жарқын болашағың – еліңнің кемел келешегі. Сондықтан, мамандықты ғана таңдап қоймай оқу орнын таңдауда маңызды. Бір кездері бізде дәл сіздер сияқты қай оқу орнынан білім алсақ, онда қандай мамандықтар бар, кім болып шығамыз деген сұрақтар мазамызды алған. Бағымызға орай, қазақтың қара шаңырағы білім ордасы әл – Фараби атындағы ҚазҰУ таңдап, сол жерден білім алдық. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті классикалық университет ретінде, жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің дамуының инновациялық-жаңаша орталығы болып табылады, кәсіби бәсекелестікке қабілетті, ұлттық және адамгершілік негізінде тұлғаны қалыптастыруды қамтамасыз етеді, ғылыми жетістіктерімен тәжірибелердің жаңаша орталығы болып табылады. Осы қара шаңырақ білім ордасы қазақтың әрбір баласының басын қосып, білім нәрімен сусындатып, улкен өмірге жол сілтейді. Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті бүгінде, әлемдегі ең озық оқу орындарының бірі. Осы қара шаңырақта білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымызға және білім ордасына айтар алғысымыз зор.

Биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының б.ғ.к., доцент Чунетова Ж.Ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет