Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №28 хаттама



Дата24.02.2016
өлшемі40.48 Kb.
#12762
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу

қорытындысы туралы № 28 хаттама

2014 жылы тауарларды (жеңіл автокөлік) мемлекеттік сатып алу




Астана қ.


2014 жылғы 14 қараша сағат 15:00

1. Астана қ. Кенесары к., 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 074 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 2014 жылы тауарларды (жеңіл автокөлік) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізді.

2. Тауарды сатып алуға бөлінген сомасы 21 696 000 (жиырма бір миллион алты жүз тоқсан алты мың) теңге (ҚҚС-сыз).

3. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2014 жылғы 3 қарашадағы № 11-4/567 бұйрығының және Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 2014 жылғы 30 қазаңдағы негіздемесінің негізінде, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпеді деп танылуына байланысты, мемлекеттік сатып алудың бір көзден алу тәсілі қолданылған.

4. «АЗИЯ АВТО» АҚ Заңның 8-бабы 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес, жалпы және арнайы біліктілік талаптарына мына негіздер бойынша сәйкес келеді:

- заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

- заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- «Цеснабанк» АҚ Шығыс Қазақстан филиалы бойынша банкінің операционның басқармасының бастығы Е. Н. Ждановтың қолы қойылған, банктің мөр бедерімен куәландырылған анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен банктің алдындағы берешектің жоқтығы туралы «Цеснабанк» АҚ Шығыс Қазақстан филиалы бойынша банкінің 2014 жылғы 30 қазаңдағы № 900-06/6621 анықтамасының түпнұсқасы;

- салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша 2014 жылғы 13 қазаңдағы жағдайына берешектің жоқтығы (болуы) туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Өскемен қаласы бойынша Салық комитетінің Шығыс Қазақстан обласы бойынша Салық басқармасы» ММ-мен берілген 2014 жылғы 15 қазаңдағы анықтамасының түпнұсқасы;

-2014 жылы 27 қазаңдағы акционерлік тізбесі

- мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілік туралы мәліметтерінің түпнұсқасы.

Заңның 33-бабының 2-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші сондай-ақ, келесі ақпаратты ұсынды:

- ұсынылып отырған тауарларға берілетін бағалардың негіздемесі;



- тауарлардың техникалық ерекшелігі;

- мемлекеттік сатып алу процесімен байланысты шектеулердің болмауы туралы хат.

5. Шарттар жасалатын әлеуетті өнім берушінің атауы және орналасқан жері: «АЗИЯ АВТО» АҚ, Өскемен қ., Бажова көшесі, 101/1 және мұндай шарттардың бағасы 21 696 000 (жиырма бір миллион алты жүз тоқсан алты мың) теңге (ҚҚС-сыз).

6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2014 жылғы 3 қарашадағы № 11-4/567 бұйрығына сәйкес, әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігіне сараптама жүргізу үшін сараптамалық комиссия тартылды, сараптамалық қорытынды қоса берілген.

7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:

1) 2014 жылы тауарларды (жеңіл автокөлік) бір көзден алу тәсілімен Өскемен қ., Бажова көшесі, 101/1 мекен-жайы бойынша орналасқан «АЗИЯ АВТО» АҚ-мен сатып алынсын.

2) Астана қ. Кенесары к. 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 2014 жылғы « 20 » қарашаға дейін «АЗИЯ АВТО» АҚ-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасассын.

3) Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті осы хаттаманың мәтінін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.


ҚР АШМ Жауапты хатшысы

А.Қ. Евниев








Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директорының орынбасары




Б.С. Аймбетов









Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің сарапшысы


А.Т. Амантаева

Приложение к протоколу об итогах



Экспертное заключение по предлагаемым потенциальными поставщиками товаров (автомобиль легковой) на соответствие требованиям технической спецификации конкурсной документации, утвержденной приказом Ответственного секретаря Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 3 ноября 2014 года №11-4/567

Эксперт, рассмотрев техническую спецификацию товаров (автомобиль легковой) в 2014 году способом из одного источника предоставленной АО «АЗИЯ АВТО» сообщает, что Техническая спецификация соответствует требованиям технической спецификации Конкурсной документациик приказу Ответственного секретаря Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 12 сентября 2014 года №11-4/467



Эксперт Серов С.В

14.11.2014 г.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет