Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №20 хаттама



Дата24.02.2016
өлшемі52.2 Kb.
#15260
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу

қорытындысы туралы № 20 хаттама
2015 жылы ақпарат тарату бойынша қызметтерін мемлекеттік сатып алу


Астана қ.


2015 жылғы 17 сәуір сағат 10:00

1. Астана қ. Кенесары к., 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 001 «Ауыл шаруашылығы және табиғатты пайдалану саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару» бюджеттік бағдарламасы, 104 «Ақпараттық жүйе қызметін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық техникалық қамтамасыз ету» шеңберінде 2015 жылы ақпарат тарату бойынша қызметтерін бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізді.

2. Қызметтерді сатып алуға бөлінген сомасы 172 432 142,86 (жүз жетпіс екі миллион төрт жүз отыз екі мың жүз қырық екі) теңге сексен алты тиын (ҚҚС-сыз).

3. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2015 жылғы 10 сәуірдегі
№ 11-4/324 бұйрығының және Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті 2015 жылғы 26 наурыздағы негіздемесінің негізінде, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпеді деп танылуына байланысты, мемлекеттік сатып алудың бір көзден алу тәсілі қолданылған.

4. «Казагромаркетинг» АҚ Заңның 8-бабы 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес, жалпы және арнайы біліктілік талаптарына мына негіздер бойынша сәйкес келеді:

- заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

- заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- 2015 жылғы 7 сәуірдегі жағдай бойынша акционерлер реестрінің түп нұсқасы;

- «Альфа-Банк» АҚ ДБ Астана қаласы бойынша филиалдың операциялық басқарма филиалдың басшы-директоры М. Д. Лебединскаяның және сол филиалдың бас есепші Н.В. Серованың қолдары қойылған, банктің мөр бедерімен куәландырылған анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен банктің алдындағы берешектің жоқтығы туралы «Альфа-Банк» АҚ ДБ Астана қаласы бойынша филиалыдың 2015 жылғы 27 наурыздағы № 38/1622 анықтамасының түпнұсқасы;



- «ForteBank» АҚ Астана қаласы бойынша филиалыдың директорының А. А. Садыбековтың және бас бухгалтері А. К. Сұлташеваның қолы қойылған, банктің мөр бедерімен куәландырылған анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен банктің алдындағы берешектің жоқтығы туралы «ForteBank» АҚ Астана қаласы бойынша филиалдың 2015 жылғы 17 наурыздағы № 19-4/8 анықтамасының түпнұсқасы;

- «Банк Центр Кредит» АҚ Астана қаласы бойынша филиалдың ЦФО №6 Басшысы С. М. Ільясовтың қолы қойылған, банктің мөр бедерімен куәландырылған анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен банктің алдындағы берешектің жоқтығы туралы «Банк Центр Кредит» АҚ Астана қаласы бойынша филиалыдың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 150/03-8-2-844 анықтамасының түпнұсқасы;

- «Казкоммерцбанк» АҚ Ақмола филиалы бойынша банкінің операциялық бөлімнің бастығының орынбасарының О. Симның қолы қойылған, банктің мөр бедерімен куәландырылған анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен банктің алдындағы берешектің жоқтығы туралы «Казкоммерцбанк» АҚ Ақмола филиалы бойынша банкінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 82263311 анықтамасының түпнұсқасы;

- салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша 2015 жылғы 6 сәуірдегі жағдайына берешектің жоқтығы (болуы) туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы» ММ-мен берілген 2015 жылғы 7 сәуірдегі анықтамасының түпнұсқасы;

- мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілік туралы мәліметтерінің түпнұсқасы.

Заңның 33-бабының 2-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші сондай-ақ, келесі ақпаратты ұсынды:

- ұсынылып отырған қызметтерге берілетін бағалардың негіздемесі;

- көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі;

- мемлекеттік сатып алу процесімен байланысты шектеулердің болмауы туралы хат.

5. Шарттар жасалатын әлеуетті өнім берушінің атауы және орналасқан жері: «Казагромаркетинг» АҚ, Астана қ., Ақбұлақ ш.а. Дарабоз көшесі 25 үй және мұндай шарттардың бағасы 172 432 142,86 (жүз жетпіс екі миллион төрт жүз отыз екі мың жүз қырық екі) теңге сексен алты тиын (ҚҚС-сыз).

6. Сарапшы (сараптамалық комиссия)

7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:

1) 2015 жылы ақпарат тарату бойынша қызметтерін бір көзден алу тәсілімен Астана қ., Ақбұлақ ш.а. Дарабоз көшесі 25 үй, мекен-жайы бойынша орналасқан «Казагромаркетинг» АҚ -нен сатып алынсын.

2) Астана қ. Кенесары к. 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті 2015 жылғы « 24 » сәуірге дейін «Казагромаркетинг» АҚ-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасассын.



3) Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті осы хаттаманың мәтінін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.


ҚР АШМ Жауапты хатшы

А. Қ. Евниев


Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаментінің директоры


А. С. Сұлтанов


Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директорының орынбасарының м.а.




Г.Т. Қытайбаева



Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің бас сарапшысы


Г. Ж. Баймаханова


Хаттамаға қосымша

Экспертное заключение

на соответствие предлагаемых потенциальным поставщиком услуг по техническому обслуживанию и ремонту вычислительной техники в 2015 году способом из одного источника на соответствие требованиям технической спецификации, утвержденной приказом Ответственного секретаря Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 января 2015 года № 11-4/32
Эксперт, рассмотрев техническую спецификацию закупаемых услуг по техническому обслуживанию и ремонту вычислительной техники в 2015 году (далее – Техническая спецификация), предоставленной АО «Казагромаркетинг» сообщает, что Техническая спецификация соответствует приложению 2 к приказу Ответственного секретаря Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 января 2015 года № 11-4/32.

Эксперт А. Котельников

31.01.2015 г.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет